Дипломдық жұмыс: Педагогика | Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы

0

 

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………….
1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ……………………….
1.1. А.Байтұрсынұлы мұраларының зерттелу жайы…………………………………..
1.2 Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары………………………
2. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МӘНІ………………………………………………………………………….
2.1. А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі………………………………………..
2.2. А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары…………………………………………………………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………….
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………………………………………
ҚОСЫМША …………………………………………………………………………………………..
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» — деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт — санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ — лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды.
Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам — қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал — әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс — әрекеттерге көшу саясаты басталды.
Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.
«Ахмет Байтұрсынұлы — ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», — деп Әбіш Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу, Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме, Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар». Ұлттық тіл біліміне темір қазық болар мәңгілік үлестер.
Зерттеу мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмір жолынан бастап, артына қалдырған мұраларына мысалмен айтқан көп ойлары, қаламгердің көсем сөзі, тіл тағлымы, оның ғалымдығына, еңбектерінің өміршеңдігіне, пән сабақтарының тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра жүргізу барысында бастауыш сынып оқушыларының тілін, ойын дамыта отырып адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда ана тілі қазақ тілі сабақтарында, сыныптан тыс жұмыстарда А.Байтұрсынұлы мұраларын оқыту.
Зерттеудің болжамы: А.Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналғандықтан ғұламаның еңбектерін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде оқушылардың жас ерекшеліктерне негіздей отырып, бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, егеменді еліміздің келешегін ойлайтын, мәдени – құндылық қасиеттері жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін байқауға болады.Туған халқын сүю, оны өнер білімге шақыру, халақтық салт – дәстүрлерді қастерлеу, ана мейірімділік, бата тілектің маңызы қазақ халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы даналық сөздер, өлеңдері бастауыш мектеп оқу бағдарламаларына ендіріліп оқытылса, олардың оқушылырға ұлттық тәрбие берудегі маңызы ерекше болар еді.
Зерттеу міндеттері: 1. Ұлы ғалым, тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы туралы толық түсінік бере отырып олардың ойын дамыту.
2. А.Байтұрсынұлы мұраларын зерттеу барысында мектептерге арналған әдіс тәсілдерді жан – жақты қарастыру.
3. А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқыта отырып оқушыны оқуға, адамгершілік қасиеттерге баулу, ұлтын сүюуге тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері: Әңгімелесу, бақылау, пікірлесу, көрнекілік, оқушылардың құжаттары.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу орны: Алматы қаласы, № 12 мектеп-гимназия.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

1.1. А.Байтұрсынұлы мұраларының зерттелу жайы

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт –дәстүр, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлттық тарих, салт – дәстүрлерімізді еркін игеріп пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердің бірі – қазақ халқы еді. Халқымыздың бір туар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы.
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Жансүгіров, Т.Рұсқұлов т.б. осы зұлматтың құрбаны болды.
1997 жыл Қазақстан Республикасының халықтары үшін «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін еске алу жылы» деп жарияланды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу тастай отырып былай деген еді: «Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай – ақ басынан кешкен қасіретті өле — өлгенше санасында жаңғыртып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай – қайсы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді» [1].
Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық дүнитанымымызды кеңейтіп жеке тұлғалар өмірінің тәлімдік мәнін зерттеуге баса назар аударып келеміз. Мәселен, 1990-1999 жылдар аралығында М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердиевтың, Д.Бабатайұлының, А.Құнанбаевтың, Ж.Жабаевтың және т.б. еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері мен олардың ұлттық педагогикаға қосқан үлестері жан – жақты педагогикалық тұрғыда сөз болды.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ең алғаш филология ғылымы тұрғысынан зерттелді. Оны ғылыми тұрғыда зерттеп, ғылымға қосқан үлесін айқындауда С.Сейфуллин мен М.Әуезов еңбектерін айрықша атаймыз.
М.Әуезов А.Байтұрсынұлының оқу ағарту саласына қосқан үлесін:
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған елшілдік ұраны – Қырық мысал, Маса, Қазақ газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмтпайтын істер болатын» [2] – деп бағалайды. Орталық мемлекеттік архив деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірісі өзінде – ақ оның 50 жылдық мерей тойын атап өту шараларына екі тұрғыдан қарағандар болғанын көреміз.
1923 жылдың 18 қаңтарында Қырғыз Халық Ағарту комиссияратының мәжілісінде А.Байтұрсынұлының 50 жылдық мерей тойын тойлау туралы Мелков баяндама жасаған. Тойлану жоспары бойынша ғалымға арнап жинақ шығару, Орынбордағы Халық Ағарту институтына А.Байтұрсынұлы есімін беру, жергілікті баспасөзде ол туралы мақалалар жариялау, қаржылай сыйлық беру т.б. ұйымдастыру және оған жауапты алты адамнан тұратын комиссия ісі қамтылған еді, ал осы жылға 23 қаңтарда РКП-ның Қырғыз облыстық комитеті президиумының мәжілісінде осы мәселе қайта қаралып, кеңестік ұйымдардың мерейтойды өткізуге қарсы болғанын көреміз. Өйткені, «А.Байтұрсынұлының комиссарлықтан кетіп, партиядан шығуын даңғаза даурықпаға айналдырмаққа тырысқандар да аз болмады. Оған А.Байтұрсынұлының 1922 жылы қазақ жазушыларының сьезін өткізбек әректінен ештеңе өнбегеніне ашынып жазған «Қазақ қаламгерлері жайынан» деген мақаласы себепші болып, осы біреулер ақтап, дәлелдеуге ұмтылса, екінші біреулер қаралап даттауға пайдаланды»[3].
Орынбор қаласындағы Свердлов атындағы клубта А.Байтұрсынұлының елуге толуының салтанатты жиналысының Қазақ ССР Халық комиссарларының төрағасы С.Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған.
С.Сейфуллин Ахаңның елу жылдық мерей тойына орай «А.Байтұрсынұлы елуге толды»[4] атты мақаласында А.Байтұрсынұлының қарапайым кісі емес, зиялы қауым ішіндегі патшаның зорлық – зомбылығна түскен халықтың ар ұятын тапталмауына, ұлтының намысының қорланбауын қалаған — қорғанышы, білімді, ұлт жанды, абзал жан екендігіне тоқталады.
Ал, Ахаңның замандас – інісі, ақын М.Дулатов өзінің «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов»[5] атты орыс тілінде жазған зерттеу мақаласында А.Байтұрсынұлының туған өлкесіне, өміріне сипаттама береді. Оны халық ақыны, өзіндік ерекшелігі бар қаламымен күрескен, жалынды публицист, қырғыз (қазақ) көркем әдебиетінің негізін қалаушы, халқының жоғын жоқтаушы ретінде бағалайды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, А.Байтұрсынұлы мұрасын зерттеуге мол мүмкіндік туды. Ғалымның мұрасын терең зерттеушілердің бірі – Р.Сыздықова. Ол Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдағы басындағы қазақ – оқу ағарту идеясын, ұлттық мәдениетіміздің дамуна қосқан үлестерін жан- жақты талдай келе: «А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, үшінші қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, төртінші тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген; бесінші, сауат аштыру, қазақ әдістемесін жасауды міндетіне алған. Міне бұлар А.Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, А.Байтұрсынұлы қазақтың білім ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра» [6] — дейді. А.Байтұрсынұлының ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алғашқы ақандығы «Қырық мысалдан» басталатынын жазады. «Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуге әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпен қарсы күресіп, білім жолына үгітте ниетін ұстанады » [7], — деп жазады…..

Толық нұсқасын жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!