Дипломдық жұмыс: Көлік жасау | Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………
1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ
1.1. Жалпы мемлекеттiк колiктiк жуйенiнiн жiктеу негiздерi. …………………….
1.2. Көліктің мемлекеттік маңызы…………………………………………………………….
1.3. Автомобиль көлігінің негізгі элементтері………………………………..
1.4 Қазақстан Републикасының жолдары…………………………………………………….
1.5. Автомобиль құрылымдарын жетілдірудiн багыттары………………………..
II Негізгі бөлім
2. ТРАНСМИССИЯ АГРЕГАТТАРЫ ЖАНЕ МЕХАНИЗМДЕРI
2.1 Iлiнiс муфтасынын аткаратын кызметi……………………………………
2.2. Динамикалық есептеуге алғашқы деректер……………………………
2.3. Қозғалтқыштың және трансмиссияның негізгі құрылымлық параметрлерін есептеу…………………………………………………………..
3. АВТОМОБИЛЬ ІЛІНІС МУФТАСЫНЫН НЕГIЗГI ПАРАМЕТРЛЕРIН АНЫКТАУ
3.1. Фрикционды құрғақ бірдискті әрдайым жабық ілініс…………………….
3.2. Ілініс муфтасынын құрылымдық есебi……………………………………
3.3. Қыспа серіппелерін есептеу………………………………………………..
3.4. Іліністiн жетеленетiн диск күпшегін есептеу…………………………….
3.5. Ілініс муфтасынын буксирлеу жұмысы…………………………………
III ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ ………………………………………..
IV ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ………………………………………………….
V ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………….………………………………………………………
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . …………………………………………………….
Спецификация

Кіріспе
Көлік- халық шаруашылығының ірі және маңызды саласы, адам еңбегінің ірі саласының қосымшасы, ғылым мен техниканың жаңа нәтижелерін пайдалануының кең аймағы, тығыз байланыста болуы қажетті бөліктер мен бөлімшелердің ауқымдалған динамикалық жүйесі. Халық шаруашылығының осы күрделі саласында магистралды көліктің әр түрлі түрлері, және де қалалық және өнеркәсіптік көліктер де өзара тығыз байланыста. Әкімшілікті- шаруашылықтың өзіндігіне қарамастан көліктердің барлық түрлері бір- біріне өзара тәуелді екені анық және өз жұмыстарының нәтижелері мен процесіне айтарлықтай өзара әсер етеді. Көліктердің барлық түрлерінің тағайындалу бірлігі, және де олардың арасындағы тығыз өзара тәуелділік оларды функциялануы анықталған объективті заңды шектеулермен шартталған мемлекеттің біріккен көлікті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан еш бөлінбейді. Адамның физикалық өмір сүруі үшін көліктің атқаратын орны, яғни маңызы зор деп айтуға болады. Құралдар мен заттардың тіпті адамның өзін де ауыстырымсыз қолдану өнімдерін шығару да, басқа да мақсаттардағы қызметтер мүмкін емес.
Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады.
Құл иеленушілік дәуірінде де көлік заттарының өркендеуі мен кеңеюіне жаңа социалисті- экономикалық ынталандырулар пайда болды. Өнімді егін шаруашылығы, үй жануарларының санын көбейту, жаңадан тиімді қарулар жасалына бастаған металдарды алу мен өңдеу тәсілдерін ашу, өнімділіктің ұлғаюына және бір уақыттағы еңбектің қоғамдық бөлінуіне көп ықпал етті. Көлік күшті даму импульсіне айырбастаудың пайда болу нәтижесінде жетті.
Құрлық көлігінің дамуының келесі қадамы жасанды жер үсті жолдарының пайда болуы болды.
Феодализм материалды өндірістің дамуына, және көлік үшін де жаңа ыңғайлар берді. Өндірістік күштердің өсуімен қатар еңбекті қоғамдық бөлу де күшейді, және анықталған кезеңде қала- бекіністерінің, қала- орталықтарының орнына билеушілер мен әкімшіліктер қалаларды – өнер мен сауда орталықтарын өсіре бастады.
Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV — XVIғ.ғ. жаңа сауда жолдары мен жаңа елдердің ашылуымен жылдамдатыла түсті. Бұл кезең (ұлы географиялық ашылымдар кезеңі) Африканың, Азия және Американың отарлануының басы болды.
Ф. Энгельс «өнеркәсіптік революция» деп атаған Англиядан кейінгі Еуропаның көптеген елдері XVIII ғ. екінші жартысын қамтыған техникалық түбегейлі өзгерістің өндіріс пен сауданың жедел өсу қарқынына, әсіресе машиналардың көмегімен машиналардың өзін өндіру игерілгенде үлкен әсері болды.
Феодалдық кезеңнен мұра ретінде жеткен желкенді кеме және де керуендер мен арбалар түріндегі көліктер машина өндірісінің қажеттіліктерін қамтамасыздандыра алмайтын болды. К. Маркс былай деп жазған: «мануфактуралық кезеңнен мұраланған байланыс пен көлік құралдары жақында ірі өнеркәсіп үшін төзімсіз бұғауға айналды». Сондықтан өнеркәсіппен бірге жаңа техникалық негізде еөлік те қарқынды дами бастады. Бұл негіз болып кез- келген қуаттағы және ауа- райына тәуелсіз өзі қозғалатын көліктік бірлікті жасап шығаруға ықпал еткен бу машинасы болып табылды. Сөйтіп, алғашқы кемелер, паровоздар, құрлықта жүретін бумен жүретін экипаждар, біршама кейінірек бумен ұшатын ұшақтар да пайда болды.
Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді.
Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес.
1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ
1.1. Жалпы мемлекеттiк көлiктiк жүйенiнiн жiктеу негiздерi.
Капиталистік қоғамның заңдарын зерттей отырып К. Маркс өз еңбектерінде көліктің экономика үшін мағынасын ашқан және адами қызмет саласы ретінде көліктің маңызды сипаттамалық жақтарын ашып көрсеткен. В «Қосымша құн теориясы» еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: «Шығарушы өнеркәсіп пен басқа жер өңдеуден басқа материалды өндірістің өз дамуында өндірістің мануфактуралы, машиналы және кәсіптік сияқты түрлі баспалдақтарынан өтетін төртінші ортасы болады. Бұл адамдарды немесе тауарларды тасыса да, тасымаса да- көліктік өнеркәсіп болып». [1]
Мұнда көлік өзі материалды құндылықтарды құрмаса да материалды өндірістің саласы болып аталғанын ескеру қажет. К. Маркс көлікті өндірістің материалды салаларына неліктен жатқызғанын түсіну үшін, «Капитал» атты тиянақты еңбегіне сүйену керек, онда былай деп айтылған: «Өндірістің кез- келген процесінде еңбек затының орын ауыстыруы негізгі роль атқарады және ол үшін жұмыс күші де қажетті, мысалы, мақта дайындау бөлімінен жіп иіру кәсіпорынына ауысады, көмір шахтадан тауға көтеріледі».
Негізі бойынша мұнда көліксіз ешқандай да өндіріс мүмкін еместігі, көлік өндірістің өзінің органикалық элементі болып табылатыны нақты көрсетілген және сондықтан оны өндірістен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұл өндіріс ішілік функциядан басқа, көлік басқасын да орындайды, ол туралы К. Маркс былай деп жазады: «Өнімді өндіріс орнынан басқа орынға тасымалдаудан кейін дайын өнімдерді өндіріс аймағынан тұтыну аймағына тасымалдау керек болады. Қашан осы тасымалдау аяқталғанда ғана өнім тұтынуға дайын болады». [1] Басқаша айтқанда, егер көлік өнімді өндіріс аумағынан көрсетілген тұтыну аумағына көшіруді қамтамасыздандырмаса, бұл өнім өндірісінің болмағанымен тең немесе ондағы талап қанағаттандырылмайды. Сонымен, көлікке материалды өндірістің кез- келген саласына сай келетін элементтердің үшеуі де тән, дәлірек айтқанда: еңбек заттары, яғни көлік заттары; еңбек заттары, яғни тасымалдау объектілері (жүктер мен жолаушылар); адамдардың мақсатқа сәйкес қызметі, яғни еңбек.
Көлік. «Көлік» сөзі түрлі мағыналарда қолданылады. Әдетте ол былайша түсіндіріледі:
Жолаушылар мен жүктерді тасуға арналған халық шаруашылығының саласы;
Адамдар мен материалды өнімдердің қозғалысын қамтамасыздандыратын техникалық құралдар жиынтығы;
Жолаушылардың немесе жүктердің орын ауыстыру процесі;
Көше бойымен немесе жол бойымен қозғалатын бірліктер ағыны (көбінесе автомобильдердің);
Нақты мекен- жайға немесе нақты тағайындалған пунктке тасымалданатын жүктің жеке жиыны;
Мамандық немесе адам қызметінің түрі.
Көліктік жүйе- өзара бір- біріне тәуелді болатын және тасымалдау кезіндегі өзара келісімді әрекеттегі түрлі көліктердің жиынтығы. Әдетте «көліктік жүйе» термині мемлекетке, аймаққа немесе ірі қалаға қатысты қолданылады.
«Біріккен көліктік жүйе» түсінігі көліктердің барлық түрлерінің социалды- экономикалық бірлігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта көліктік жүйенің құрамына көліктің келесі түрлері кіреді: кейде рельстік деп аталатын, теміржолдық; теңіздік; өзендік (су ішіндегі);автомобильді; ауадағы; құбыржолды, оған мұнай құбырлар мен өнім құбырлар (мұнай өндірудегі өнімдерді айдап қотаруға арналған) кіреді және т.б.
Көліктік жүйенің түйіндері:
әр түрлі қалаларда функционерленетін, көліктердің әр түрлерінің жиынтығы болатын қала көлігі;
өнеркәсіптің ішкі қажеттіліктерін, және де ауылшаруашылық, сауда және тағы да басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың ішкі талаптарына қызмет ететін көліктердің барлық түрлері жататын өнеркәсіптік көлік, нақтырақ айтқанда өндіріс ішілік көлік.
Жіктеу негізіндегі көліктер түрлерінің бір бөлігінде құрастырымды ерекшелік пен қозғалыстың физикалық табиғатының болатындығын, ал басқа түрлерінде жіктеу критериінің қызметін қазмет аумағы атқаратынын байқау керек. Бірақ келтірілген жіктеудің орнатылғандығына біршама уақыт болды, ол ресми құжаттарға, техникалық әдебиеттер мен есеп беруге кіріп үлгерді.
Жалпы мемлекеттік көліктік жүйенің негізін ортақ пайдаланылатын көлік құрайды. Дәл соның өзі халық шаруашылығының барлық салаларының өзара әсерлесуінен туындайтын елдегі тасымалдаудағы барлық негізгі талаптар мен сауда аймағындағы және тұрғындарға қызмет етудегі барлық негізгі тасымалдауды қамтамасыздандыратын өзіндік «көліктік өнеркәсіп» болып табылады.
Теміржол, теңіз, өзен, автомобиль және ауа көлігі, сонымен қатар қалалық және өнеркәсіптік көліктерінің сәйкес түрлері көліктің әмбебап түрлері болып табылады. Жеке келешегі бар құрылымдар (жобалар) кең ассортименттегі жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға бейімделген болуы мүмкін болса да, магистралды сияқты өнеркәсіптік тағайындаудың қазіргі құбыр жолдары, сонымен қатар көліктің арқанды және конвейерлі түрлері мамандандырылған болып табылады.

1.2. Көліктің мемлекеттік маңызы
Елдің барлық көліктерінің жиыны халық шаруашылығының күрделі саласы болып табылады. Арнайы көліктік министрлігінің нұғжатындағы көліктің негізгі қорлары мемлекеттің жалпы қорларының 12,7% құрайды; Арнайы көліктік миистірліктің кіріспесіндегі көліктің негізгі фондтары мемлекеттің жалпы қорларының 12,7% құрайды; негізгі өндірістік қорларының үлесі 20%- н асады. Егер бұған жетектегі көліктің негізгі қорларын қосса, онда елдегі жалпы қорлардағы барлық шаруашылық көліктерінің меншікті салмағы айтарлықтай жоғары болады.
Ресми түрде көлікте 9% жұмысшы және қызмет етуші есептелген. Бірақ бұл кезде жетектегі көліктегі бос емес контингент есепке алынбайды, және де өнеркәсіптегі, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылықтағы және т.б. түсіріп- тиеу жұмыстарында да есепке алынбайды.
Бұдан басқа да , өнеркәсіп салаларының бір қатары да есепке алынбайды немесе толығымен көлік үшін жұмыс істейді.
Бәрінен де бұрын материалды база еңбекті бөлу үшін қалай қажет және кез- келген өндірістің органикалық түйіні сияқты көліктің біз үшін маңызы зор. Көліктік шығындар көбіне тауарлардың өзіндік құны мен бағамдарын анықтайды. Көліксіз жаңа аудандар мен табиғи байлықтарды игеру мүмкін емес. Көлік дегеніміз түрліше айтқанда мемлекеттің қан тамырлар жүйесі деп айтуға болады.
Сонымен , көлік- адам еңбегінің алып өрісі. Көлік мемлекет қолындағы ішкі мәселелерді шешуге, бәрінен бұрын, бүкіл ел бойынша сияқты дамымаған аудандарда да халық өмірінің деңгейін көтері үшін қуатты құрал болып келді және әлде де қала бермек.
Мұнымен қатар көлік сыртқы саяси мәселелерді шешуде де маңызды рольге ие.
Ол көптеген дамушы және капиталисті елдермен сауданың дамуы үшін материалды негіз болып табылады.
Техникалық прогресс шегі бойынша көлік барған сайын үлкен социалды мағынаға ие. Бұл тұрмыс пен өндіріске (еңбек заттары мен құралдарының орнын ауыстырғанда) кететін физикалық еңбектің жеңілдеуінде байқалады. Көлік көптеген адамдарға сауықтыру аймақтарымен және тек жақын маңайдағы емес, сонымен қатар елдің қиырдағы дем алу мен спортқа арналған сауықтыру орындарымен кеңінен пайдалануды ыңғайластырып, денсаулық сақтауға ықпал етеді.
Емдік минералды көздер мен курорттар және де аурулармен күрксктін және профилактикаға арналған түрлі арнайы сауықтыру орындары ең қол жетерліктей болды.
Әсіресе, көліктің мәдени мәні аса орынға ие. Басылған туындылармен, кинофильмдермен, адамдардың көбіне тиімді елдегі ғылыми және мәдени орталықтар мен шет мемлекеттерінің музейлері, кітапханалары, театрлары және архитектура ескерткіштерімен ауыстыру- мұның бәрі де адамдардың мәдени деңгейіне үлкен әсер етіп келеді және әсер ете бермек. Ұлттың ғылыми және мәдени өсуінің күшті стимуляторы болып оқымыстылардың, музыканттардың, жазушылардың және суретшілердің өзара сұхбаттасуы, конференциялар мен фестивальдарға және көрмелерге жұмыс шараларымен іс сапарға баруы.
Барлық уақытта да көлік мемлекеттердің әскери күшінің факторы болып келеді.
Қазіргі заманғы көліктің үлкен қорғаныстық мәні қарулы күштің орын ауыстыруы үшін, әскери экономиканы функциялауының материалды базасы болып табылғанымен шектелмейді. Қазіргі көліктік құралдар әскери қарудың көптеген түрлерінің органикалық бөлімі болды.
Көліктің маңызды мағынасын ескере отырып, көліктің әрбір түріне, жеке алғанда мемлекеттің барлық көліктік жүйесіне негізгі талаптар қойылады:
мемлекеттің және тұрғындардың тасымалдаудағы талаптарын толық қанағаттандыру;
ең жоғарға үнемділікке жету;
жеткізу мерзімдерін қысқарту және жүктерді тасу жылдамдығын жоғарылату (жүк массасы түрінде айналым құралдарының айналуын үдету мақсатында) сонымен қатар, әсіресе, адамдардың уақытын үнемдеу мақсатында жолаушыларды тасымалдау жылдамдығын жоғарылату;
жыл мезгіліне, күнге, ауа- райына және де басқа да факторларға тәуелсіз тұрақтылықты сақтау;
жолаушылар үшін жабдықталу деңгейін көтеру;
тасымалданатын жүктердің толықтай сақталуын қамтамасыздандыру; қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
Тәжірибе көрсеткеніндей кешендегі барлық талаптардың орындалуы технико- экономикалық қатыста ең күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан көлік прогресі техника экономикасында, технологияда, бақарулар және ұйымдарда фундаментті және қолданбалы зерттеулерінің жаңа жетістіктерінің ең кеңінен қолданылуынсыз ешқандай да қажеті болмайды.
«Транспорттық үрдіс» түсінігі әдетте көліктің мемлекеттік тасымалдау талаптарын қанағаттандыруы бойынша ел ішіндегі мақсатқа сәйкес функциялауын белгілеу үшін қолданылады. Көліктік үрдіс сапасы көбінесе техника, технология, ұйым және басқару деңгейіне тәуелді.
Өз тағайындалуын орындау үшін көліктің әрбір түрі жетерліктей күрделі және қымбат теникалық қамтамасыздандыруларға ие.
Көлік құралы шартты түрде екі сипаттамалы категорияға бөлінеді: тұрақты құралдар, ол жол мен барлық жабдықталған стационарлы құрылыстан тұрады; қозғалмалы состав, оған жүктер мен жолаушылар қозғалысын жүзеге асыратын пассивті (тіркемелі) және активті (өзіндік қозғалатын) бірліктер жатады.
Көлік шаруашылығының масштабтары мен техникалық деңгейі көбінесе осы көліктің потенциалын анықтайды, бірақ жабдықтандырудың өзі де көлікке қойылған мақсаттардың орындалуына кепілдік бере алмайды. Ол үшін технология, ұйым және көліктік үрдіспен басқару жүйесі қажет.
Технология сәйкес операциялардың қолданылатын құралдар мен жабдықтың, материалдар мен еңбек шығынының ұзақтылығымен орындалу тәртібін анықтайды.
Көліктік үрдістің жалпы түрдегі ұйымы ретінде принципиалды жағдайлардың жиыны, көліктің жеке қызметін алдын- ала қарастыратын құрылымды сұлбалар мен әдістер түсіндіріледі. Онымен тасымалдау үрдісін орындағанда көліктің ірілеу бағыттарында нмесе толық желідегі жұмысын атқарғанда орындалады.
Қазіргі көліктің түп бейнесі немесе болашақ үлгісі ретінде француз Кюньоның (1769 ж), ағылшын Тревнснктің (1802 ж) және ағылшын Эванстың (1804 ж) «жолды локомотивтері» саналады. Бұл булы машиналардың жүзеге асырылмауы автомобиль идеясының күйреуіне алып келді. Сонымен қатар әр елдердегі бу экипаждарын құрау XIX- ғасырдың соңғы штрегіне дейін жалғасты. Электроқозғалтқыш пен аккумулятор батареяларының пайда болуымен көптеген елдерде электрлік экипаждар құрастырылып жасалды. Бірақ қорғасыннан жасалған аккумуляторлардың шектен тыс ауырлығы мен олардың аз энергия сыйымдылығы, қозғалтқыштың қуатының төмен болуы және жылдамдығының аз болуы (5-10 км/сағ) мен экипаж сыйымдылығы осындай электроавтомобильдердің кеңінен дамуына кедергі болды……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...