Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….
1-Тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмінің теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы………………………
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі……………………………………………………………………………………………………
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
2.1. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.)……..
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау………………………………………………………………
2.3. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. …………………………………………………………………………………………………………
2.4.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу……….
Қорытынды…………………………………………………………………………………………
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды.
Бұл еңбекте сондай-ақ, кәсіпкерлер тобын талдауға келуге басқа жол-құрылымдық тәсіл қарастырылады. Бұл тәсіл кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономикалық институттар жүйесіндегі алар орнын анықтайды. Аталған тәсіл іріктеу құруда (жасы, жынысы, ұлты, отбасылық жағдайы, кәсіпкерлік топты реттеу арналары; кәсіпкердің кәсіпорынға көзқарасы) нақты критерилер береді, теориялық тазалық бойынша уәде бермейді, өйткені статусы бойынша кәсіпкерлік корпусқа жататын адам бүкіл ғұмыры бой кәсіпкерлік қызметті бір рет те атқармауы мүмкін.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің даму процестеріне байланысты әдебиеттерге және дамыған демократиялық мемлекеттерге, тәжірибеге сондай-ақ Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп отырған «Кәсіпкерлікке мемьлекеттік қолдауын» талдау егізінде, кәсіпркелік фаеномен туралы тұтас бір ғылыми тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктің енді қалыптасып келе жатқандығын ескере отырып, еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған іс-шараларға баға беру. Қазақстан Республикасының орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптасуымен бдамуына өткен жылдармен салыстырмалы талдау жасап, сараптау қажеттігі туындады.
Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
— кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
— Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
— Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.
Жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасы соның ішінде Оңтүстік облысындағы орта және шағын кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, Қазақстанның тиімді орта және шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру механизмдері, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысындағы орта және шағын кәсіпкерліктің себеп-салдары таңдалды.
Жұмыс объектісіне Қазақстан Республикасының соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының орта және шағын кәсіпкерлігі алынды.
Жұмыстың теориялық, әдістемелік және деректік негізі ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында орта және шағын кәсіпкерліктің белгілі теориялық-әдістемелік әдістер топтамасы пайдаланылды.Олардың ішінде жұмыстың теориялық негізін кәсіпкерліктің феномені мен маңызды принциптері, кәсіпкерлікті талдау барысында ғылыми тұжырымдамалар құрады. Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде диалектикалық заңдылықтар мен логикалық принциптер қолданылды. Жұмыста қарастырылған мәселелерді толыққанды зерттелуі, бірінші кезекте талдау және жинақтау, жүйелілік, салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқасында мүмкін болды. Жұмыста зерттеудің деректік негізі ретінде Қазақстан Рекспубликасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарғылары, статистика және талдау Қазақстан Республикасының орта және шағын кәсіпкерлік жөнінде ақпаратты газет, журналдардан алынды.
Жұмыстың құрылымы екі тараудан алты тараушадан тұрады.Бірінші бөлімде, кәсіпкерлікке теориялық түсініктеме, яғни оның әлеуметтік мәні мен маңызы. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жатқан мәселелерге түсініктеме.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кәсіпкерліктің дамуын талдау, салыстыру, мәселелеріне тоқталып өту.
Бірінші бөлімде, кәсіпкерлікке теориялық түсініктеме, яғни оның әлеуметтік мәні мен маңызы. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып жатқан мәселелерге түсініктеме.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кәсіпкерліктің дамуын талдау, салыстыру, мәселелеріне тоқталып өту.
1-Тарау. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмінің теориялық негіздері.
1.1.Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориялары.
Кәсіпкерлікті зерттеу пәнаралық зерттеулердің объектісі болып табылады. Экономикалық жүйедегі кәсіпкерлік қызметтің талдауымен дәстүрлі түрде айцналысатын экономикалық ғылымнан басқа, кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі аспектілерін психологтар, жанжалтанушылар, экономикалық антропология саласындағы мамандар да зерттейді.
Кәсіпкерлік әлеуметтануы экономикалық әлеуметтану шеңберіндегі орта деңгейдегі теория болып табылады. Сондықтан да бастапқы кездері кәсіпкерлік әлеуметтануы «Экономикалық әлеуметтану» жалпы курсының бөлігі ретінде оқылды.
Осының салдарыныан кәсіпкерлік әлеуметтануының жекелеген курстары пайда болды. Дегенмен олар кейде менеджмент әлеуметтануымен қосылып кетті. Бұл дұрыс емес, өйткені басқару әлеуметтануы мен кәсіпкерлік әлеуметтануының айырмашылығы айтарлықтай. Бірақ. әлілдік болу үшін айта кету керек, осы екі пән арасында түйісу нүктесі де бар. Біріншіден, бұл «интрапренттік» яғни, фирмашілік кәсіпкерлік ұғым. Бірақ, кәсіпкерлік әлеуметтану көзқарасымен қарағанда инрапренердің негізгі рөлі ұйымдасқан-мәдени ортаны қалыптастыруға негізделген. Екіншіден, кәсіпкерлік әлеуметтануы мен менеджмент әлеуметтануын ірі корпорацияларды басқарушылардың еңбек ниеттемесіндегі өзгерістер жақындастырады.
СПбМУ дағы әлеуметтану факультетіндегі «Кәсіпкерлік әлеуметтану» курсы 1994 жылдан бастап таңдау бойынша арнайы курс ретінде оқытылады. Ал, 1997 жылы экономика және еңбек әлеуметтануы бөлінгеннен бері аталған курс бөлім жоспарына міндетті ретінде қосылды.
Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. /1/
Бұл еңбекте сондай-ақ, кәсіпкерлер тобын талдауға келуге басқа жол-құрылымдық тәсіл қарастырылады. Бұл тәсіл кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономикалық институттар жүйесіндегі алар орнын анықтайды. Аталған тәсіл іріктеу құруда (жасы, жынысы, ұлты, отбасылық жағдайы,; кәсіпкерлік топты реттеу арналары; кәсіпкердің кәсіпорынға көзқарасы) нақты критерилер береді, теориялық тазалық бойынша уәде бермейді, өйткені статусы бойынша кәсіпкерлік корпусқа жататын адам бүкіл ғұмыры бой кәсіпкерлік қызметті бір рет те атқармауы мүмкін.
Біздің елге келер болсақ, бұндай талпыныстар бізде ескі, коммунистік идеологияны өзгертуге қабілетті жаңа идеологияны іздестіру ретінде ұсынылады. Нарықтық қоғамда біршама тартымды болып көрінетіні, өзіндік іске асу жолымен экономикалық жетістікке жетудің мүмкінсіздігі, «өзіңе өзің жасау» мүмкіндігі. Бұл идеология біздің қоғамды қаруландырар ма еді деп ойландырады, егер бизнестегі этникалық іс-әрекет мәселесі шешілер болса.
Бұл еңбекте кәсіпкерлік этика мәселелері айтарлықтай анық көрсетілген. Бұл мәселе отандық әдебиеттерде, әсіресе әлеуметтік әдебиеттерде жеткілікті зерттелмеген. Уақыт өте келе экономикалық теорияның этикадан арасы алшақтады, сөйтіп ақыр аяғында адамгершілік бағалаудан толық еркін қазіргі замандық экономикалық модельдеу мен магистралдық бағыттың құрылуына алып келді. Алайда, байқалғаны бір модель дәстүрі мен меннтальитеті әртүрлі елдерде әртүрлі деңгейдегі тиімділікпен жетілдіріледі. Бұл бақылау экономикадағы неоиндустриалдық бағыттың құрылуына алып келді. Бұл бағыттың өкілдері Р.Коуз, О.Уильямсон, Д.Норт экономикалық айналымға «сенім» сияқты этикалық категорияны ендіреді. Осылайша, айналым тұйықталады. Алайда, бизнес этикасын таллдауға әлеуметтік тәсілмен келу де бар болуына құқығы бар. Өйткені, морал социалогиясының зеттеуінің бір бағыты еңбек саласында мораль нормасының қалыптасуы болып табылады. Атап айтар болсақ, нақты әлеуметтік топтардағы еңбек саласында адамгаршілік қатынастардың қалыптасуы.
Бизнестегі этикалық әрекет мәселесін алға қою және шешу біздің еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған ыңғайлы қоғамдық ортаға ықпал етуі мүмкін.
Қоғамның тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етудің қалыпты деңгейіне қол жеткізудің маңызды стратегиялық факторларының бірі өркениетті заманауи кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады. Әлемдік шаруашылықта тең бәсекелес болу үшін кіші және орта бизнесті дамыту бойынша әлеуметтік ойлардың тарихы мен қазіргі заманғы шет ел практикасын зеттеуді жалпыландыру керек.
Кәсіпкерлік әрекет теориясы үш бағытта дамыды: Бірінші бағыттың өкілдері кәсіпкерді тәуекелмен байланыстырды. Оның негізін қалаушылар деп И.Тюнен мен Ф.Найтты айтуға болады. И.Тюнен кәсіпкерлікті «болжанбаған тәуекел » деп атады. Кәсіпкер өз ісіндегі тәуекелді пайдаланып, өз кәсібі үшін толық жауапкершілікті ала отырып, жоғары табыс алады. Осы концепцияны дамыта отырып Ф.Найт тәуекелді болжап болмайтын төтенше анықсыздықпен салыстырды. Адам кездейсоқтықты пайдалана білу қабілетіне иемдене отырып, басқалармен салыстырғанда дұрыс та жылдам болжап, кәдімгі бизнесменге қарағанда үлкен табыс алады.
2. Екінші бағыт Ж.Б.Сэя мен А.Маршаллдың көзқарастарынан айниды. Олардың есептеуі бойынша «кәсіпкердің қызметі өндіріс факторларын рационалды түрде комбинациялауға негізделген». …