Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы валюта жүйесін реттеу және бақылау саясаты

0

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………

1.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ……..…………….
1.1.Валюталық қатынастар мен валюта жүйесiнiң түсiнiгi…………………………
1.2.Халықаралық Валюта Қоры.(Х.В.Қ.)………………………………………….
1.3. Қазіргі валюталық рынок және оның қызметтері……………………………..

ІІ.ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ……………
2.1.Валюталық шектеулер………………………………………………………….
2.2.Дамыған елдердегі валюталық бақылау ерекшеліктері………………………..
2.3.Валюта қатынастарын рыноктық және мемлекеттік
реттеу. Валюталық саясат………………………………………………………

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН
РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚНЕГІЗДЕРІ………………………………….
3.1.Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі…………………….
3.2. Қазақстан республикасындағы валюталық
операцияларды жүргізу ережелері және реттеу
органдары……………………………………………………………………..
3.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық
бақылаудың негізгі принциптері және оны
жүзеге асыру жолдары……………………………………………………….

Қорытынды………………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………
Дүниежүзілік экономика дамуының қазіргі кезеңі ұлттық шаруашылықтардың өзара байланыстарын нығайтып, олардың әрқайсысын дүниежүзілік шарушылықтың құрамдас бір бөлігіне айналдырып отыр.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар елдері үшін диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толық саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шарушылықтың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастардың субьектісі бола алған жок. Ол кезең қажетті алғышарттар жасалдып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған уақыттар еді.
Қазіргі Қазақстан тәуелсіз, егемен ел ретінде дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияланып, үйлесім табуға бет алды. Бұл бағытта толымды жетістіктер де жоқ емес. Еліміздің халықаралық валюта-кредитті және қржылық институттарымен мейлінше тығыз байланыстар қалыптастырып, халықарлық экономикалық қатынастардың тең құқықты мүшесі болуға ұмтылысы бұл бағыттағы маңызды үрдіс болып табылады.
Қазақстан Респбликасының Халықарлық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықарлық Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға мүше болып кірүі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қарастырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процесстен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономика мен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағымының тасқынды келуі үшін оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар заңдарды, нормативтік-құқықтық келісімдерді айқындап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерлі алып тастап олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен артықшылықтардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық сферасының құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық-құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын оқып, үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Халықаралық валюта қатынастарының мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, сондай-ақ жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі үрдістері мен өзгешеліктерін қарастырдым.
Жұмыста халықаралық валюта қатынастары мен валюталық құқықтың құқықтық ғылыми және практикалық мәні бар негізгі мәселелері туралы сөз болады. Сонымен қатар валюта қатынастары жөніндегі халықаралық және ұлттық заң шығармашылығын да кеңінен қамтиды.
Жұмыста халықаралық валюта қатынастарының түсінігі, жүйесі, ұйымдастыру механизмі, дерек көздері қарастырылады. Жұмыстың бірінші тараулары халықаралық валюта қатынастары мен валюта жүйесінің түсінігін, халықаралық валюта қорын (ХВҚ). Қазіргі валюта рыногын қарастырдым.
Жұмыстың екінші тарауында валюталық реттеу мен бақылау саясатына, өнеркәсібі дамыған жетекші елдердегі және Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы валюта жүйесін реттеудің құқықтық негіздері мен осы жүйені анықтайтын белгілер, валюта операцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен принциптері талданып, көрсетілген.
І. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі.

1.1Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің түсінігі.

Халықаралық валюта қатынастары дегеніміз – дүниежүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс-әрекеттер кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексельдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде орын алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдік жәрмеңкелер” болып табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерде дами бастаған кезеңдерде халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады.
Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһандануымн сипатталады.
Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің оңды әсерін тигізеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар материалдық өндіріс сферасымен қатар бөлу, айырбас, тұтыну сферасын да қамтитыны белгілі ғой. Валюталық қатынастар мен ұдайы өндіріс арасында тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың обьективті негізі халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасын туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуынан, саяси себептерден тәуелді, сондай-ақ халықаралық қатынастарға тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдістер арақатынасына да тығыз байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, соның ішінде валюталық байланыстар да бар, саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежузілік рыноктың капиталдар айналымы процесіне қосылуы ақша капиталы бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаның ұлттық ақшаға айналып жатқанын көрсетеді. Мұның өзі халықаралық есептеулерде, валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып жатады.
Валюталық қатынастар ұдайы өндіріске қатысты екіншілей (вторичный) болғанымен, бұл қатынастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар ұдайы өндіріске қарама-қарсы әсер етеді. Шарушылықтың интернационалдануы жағдайларында ұдайы өдірістің сыртқы факторлардан – дүниежүзілік өндірістің динамикасынан, шетелдік ғылым мен техника деңгейінен, халықаралық сауданың дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігі күшейе түседі. Халықаралық валюта қатынастарының тұрақсыздығы, валюталық дағдарыстар ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте – бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасады. Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңнамамен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық (аймақтық) валюталық жүйелер ажыратылады.
Тарихқа көз жүгіртсек, ең алдымен халықаралық нормаларға сәйкес ұлттық заңнамамен бекітілген ұлттық валюта жүйелері пайда болған. Ұлттық валюта жүйесі елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, дегенмен ол салыстырмалы дербес және ұлттық шеңберден шыға береді. Оның ерекшеліктері экономиканың дамуы және елдің сыртқы экономикалық байланыстары деңгейімен анықталады. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен тығыз байланысты болып келеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі – мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарды ұйымдастыру формасы (нысаны). Дүниежүзілік валюта жүйесі ХІХ ғасырдың орта тұсында қалыптасты. Дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметтерінің сипаты мен тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылық құрылымы принциптеріне сәйкестігі деңгейімен, жетекші(дамыған) елдердің арасалмағы және мүдделерімен өлшенеді.
Аталған шарттар өзгерген жағдайларда дүниежүзілік валюта жүйесі кезендік дағдарыстарға ұшырайды да, оның салдары ескі жүйенің күйреуі және жаңа валюта жүйесінің жасалуы на әкеледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары мен қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра оның өзі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың ұқсастығын көрсетпейді, себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен реттелуі, жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әр түрлі.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
— ұлттық валюта;
— ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу(конвертациялау) мүмкіндіктері;
— ұлттық валютаның паритеті(құны);
— ұлттық валюта курсының (бағамының) режимі;
— валюталық шектеулердің бары немесе жоғы, валюталық бақылау;
— ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттық реттеу;
— халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалану ережелері;
— елдің халықаралық есептеулер ережелері;
— ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);

— елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;
Ал, дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде көрсетілгендер саналады:
— резервтік валюталар, халықаралық есептесуге арналған валюталық бірліктер;
— валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
— валюталық париттеттердің үйлестірілген тәртібі;
— валюталық бағамдау тәртібінің ережелері;
— валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;
— халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;
— халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалану ережелерін үйлестіру; — халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;
— дүниежүзілік валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимі;
мемлекетаралық валюталық реттеудіңжүзеге асырушы халықаралық ұйымдар;
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген
ұлттық валюта-ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептесулерде , әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бірлігі пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы — девиз түсінігінің анықтаушысы болып табылады.
Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу-сату обьектісі
болып табылады, халықаралық есептеулерде пайдаланылады, банктік есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралы бола алмайды. Кез келген елде күшті инфляция мен дағдарыстық жағдай орын алғанда ұлттық валютаны одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай валютаға доллар жатады. Еуроодақ елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктерін көрсетіп бағуда. “Валюта” категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекеті мен байланысын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен – алтын ақшалардан кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю, ал 1999 жылдан бастап еуро).
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік (негізгі) валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам ролін атқарады, сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!