Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………….. 5

I Тарау. Лизинг: мәні, ұғымы және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері……………………………………………………………………………….. 7
1.1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны……………………….. 7
1.2 Лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері……………. 11

II Тарау. Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі және оның қазіргі кездегі жағдайын талдау………………………………………………….. 22
2.1 Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі…………………….. 22
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау……………………………………. 28

III Тарау. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………………. 67

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………… 79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………. 82
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс тақырыбы -«Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан, коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моралдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.
Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны, оның экономикалық мәні және мазмұны мен түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктеріне олардың атқаратын қызметтері туралы, Қазақстан Республикасына лизинг келген жылдары мен нарығымздағы компаниялар, Үкіметтің лизингтік операцияларды дамытуға бағытталған нормативтіқұқықтық актілердің қабылдау мен Салық кодексіне жеңілтпе ретіндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне жеке – жеке тоқталамыз.
Екінші бөлімде, лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі оның ішінде лизингтік операциялардың сипаттамасы, кемшіліктері мен бірбірінен айырмашылықтарына жеке тоқталамыз. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдауы қарастырылады. Яғни лизинг беруші мен алушы, жабдықтаушы мен жалға беруші және банк пен кәсіпорындар арасындағы келісімшартты білдіреді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары, яғни лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері мен Қазакстан экономикасында лизингтің алатын орны, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері мен лизинг келешегі қарастырылады.
I Тарау. Лизинг: мәні, ұғымы және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері

1.1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны

Лизинг экономикалық құбылыс ретінде және ғылыми зерттеулердің объектісі ретінде көптен бері экономист ғалымдар мен мамандардың назарында жүр. Лизингтің негізін, формасын, түрлерін және функцияларын зерттеу қажеттілігі оның кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы маңыздылығы. Бұл мәселелерді анықтау әсіресе лизингтік операцияларды жүргізу кезеңдерінде лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыс пайдалану үшін қажет.
Ағылшын термині «jeasing», «jessor» және «jesse» (лизинг шартының қатысушылары) көп жағдайда «жал,жалгерлік» деп аударылады. Дегенмен әлі күнге дейін «Лизинг» термининің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруді білдіреді. Оған екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Сонымен лизинг дегеніміз – бұл құрал-жабдықтарды, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде пайда болатын қаржы-экономикалық және құқықтық қатынастар. Яғни бір заңды немесе жеке тұлға (болашақ лизинг алушы, мүлікті пайдаланушы) екінші бір тұлғаға (лизингтік компания) қажетті құрал-жабдықты алуға және оны ақылы пайдалануға ұсыныс жасайды. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір жұмсамай-ақ қажетті құрал-жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі несиелендіруіне балама болып табылады. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Өмірдегі пайда болатын көп құбылыстар сияқты лизингтің де өзіне тән шығу тарихы бар. Тарих көрсеткендей лизингтік операциялар ежелден белгілі. Бірақ бұл мәселеде әлі күнге дейін қалыптасқан нақты тұжырым жоқ. Бір топ ғалымдардың пікірі бойынша лизинг – шумер халқының экономикалық қатынастарынан бастау алатын қаржыландырудың ең көне түрі болып есептеледі.
Бұдан басқа да шет ел ғалымдарының жұмыстарында ерте ғасыр ғалымы Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) «Риторика» атты еңбегінде «байлықтың өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда» деп атап көрсетеді. Яғни, лизингтің басты мағынасы мынада: пайда табу үшін мүлік немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына ие болсаң да жеткілікті.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропада лизинг нарығы дамып келеді.
Сонымен бірге лизингтік қатынастар бұдан басқа да өркениеттерде (ерте грек, египет, рим) болғаны мәлім болып отыр.
Осы келтірілген мәліметтерге қарамастан кейбір ғалымдар лизинг жаңа жас құбылыс, оның шығу тарихы АҚШ-нан басталады деп көрсетеді. Бұл тұжырымдарын 1877ж. «Белл» атты Американ телефон компаниясының өз құрал-жабдықтарын уақытша пайдалануға бергендігімен негіздейді».
XXғасырдың 60 жылдары қаржы лизингісінің концепциясы әлемнің көптеген индустриалды дамыған елдерінде кеңінен дами бастады және осы жылдардан бастап лизингтік қатынастар халықаралық негізде жүре бастады. Бірақ 70-ші жылдардың басына дейін халықаралық лизингтік қатынастар әлі де болса жақсы даму қарқынында болмады. Оның басты себептері мыналар болды: лизингкке байланысты халықаралық заң, салық, кеден және ақша қатынастарының бір жүйеде болмауы. Тек, 70-ші жылдардың ортасынан бастап «Юнидура» ұйымы осы кедергілерді шеше бастағаннан кейін лизингтік қатынастар халықаралық сипат ала бастады. Оған қабылданған «Халықаралық қаржылық лизинг туралы» Конвенциясы өзінің септігін тигізді. Осы Конвенцияның арқасында лизингтік қатынастар дүние жүзінде бір қалыпқа келіп жүргізіле бастады.
Қазіргі кезде лизингтің даму барысы көптеген елдерде жоғарғы қарқын үстінде. Соңғы отыз жылдықта лизингкке деген қызығушылық және оны пайдалану барысы үлкен деңгейге көтеріліп, дүние жүзінде инвестиция тартудың негізгі құралына айналып, оның көмегімен жабдықтардың 30-35% қаржыландырады.
Лизингтің кең түрде даму нәтижесі және оған деген қызығушылық 90-шы жылдардың басында лизингтің Қазақстанға да келуіне әсер етті. Алғашқы уақытта лизингтік істер банк жүйесінен басталды. Көптеген банктер өзіне жаңа салада лизинг алушы ретінде қалыптасты. Банктердің лизингтік істермен айналысуына байланысты мемлекеттік құжаттар да дайындала басталды.
Лизинг бойынша күрделі жұмыстар 1997 жылдың аяғында басталды. Бірақ лизинг туралы үкіметтің шешімдері мен қаулыларының қаржы саласының Қазақстандағы жаңа түрі болғандықтан жиі өзгеріп отырғаны лизингтік компанияларға көп қиындық әкелді және бұл саланың қарқынды дамуына тежеу жасап отырды.
Осы да басқа да қиындықтарға қарамастан лизингтік қатынастар Қазақстанда өзінің өміршең екендігін танытты. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг берушілердің келесі түрлері қалыптасқан:
1. лизингтік жұмыспен айналысатын коммерциялық банктер және ірі
банктердің құрамына кіретін лизингтік компаниялар. Бұлар үлкен көлемде тұрақты лизингтік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына жататын лизингтік компаниялар: АҚ «Альянс лизинг» (АҚ «Альянс Банк»), АҚ «АТФ -Лизинг» (АҚ «АТФБанк»), АҚ «БТА-Лизинг» (АҚ «Банк Туран Алем), АҚ «Валют-Транзит Банк», « «Нур-Инвест Лизингктік компаниясы» ЖШС (Нур Банк), «Таиб Казахский Банк» ЖАҚ, АҚ «Темир-лизинг» (АҚ «Темир Банк»), «Центр-Лизинг» ЖШС (АҚ «Банк Центр Кредит»), АҚ Цесна Банк, АҚ Халық- Лизинг» (АҚ «Халық Банк»);
2. салалық және өндірістік ретінде құрылған лизингтік компаниялар. Олар
әр-түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ауыр машина жасау, көлік және т. б. Бұл лизингтік компанияларға жататындар: АҚ «Астана Финанс», АҚ «Казагрофинанс», «Каспийский Лизинг» ЖШС (Бұрынғы Агромаш Лизинг);
3. бюджет арқылы толық немесе жартылай қаржыландыратын мемлекеттің қатысуымен құрылған жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар. Сонымен қатар, бюджеттен көмек алушы аймақтық ұйымдар. Бұлар негізінен шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ұйымдастырылған лизингтік құрылымдар. Мысалы, АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»:
4. сауда компаниялардың құрған лизингтік компаниялары. Бұлардың қызметі: сауда құрал-жабдықтары, ұйым техникалары, көлік және т. б. Мысалы, «Вираж-Лизинг» ЖШС.
Лизингтің Қазақстандағы аз уақыт ішіндегі даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. 1989 – 1992 жж. – лизингтің басталу кезеңі, 120 банк және 20 лизингтік компания;
2. 1993 – 1994 жж. – экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты лизингтік бизнестің қолдау таппау кезеңі;
3. 1995 – 2000 жж. – инновацияның бір түрі ретінде лизингтің көтерілу кезеңі;
4. 2001 – осы уақытқа дейін – лизингкке мемлекеттік қолдау және ынталандыру жүргізу кезеңі, лизинг туралы нормативтік – құқықтық шешімдер мен қаулылар қабылдау.
Дегенмен Қазақстандағы лизингтік сектордың даму барысы оның әлеуетіне сәйкес болмады. Лизингке деген қаржылық ресурстардың шектеулі болуы, лизингке беру уақытының қысқа мерзімділігі, лизинг тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер, салық және амортизациялық жеңілдіктерінің болмауы, лизингтің дамуына үлкен кедергі болды.
Бұл кемшіліктер мен қателіктер әрине лизинг идеясына үлкен нұқсан келтірді. Сондықтан 1999-2001жж. Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасы іске алынды. Бұл бағдарлама екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде (1999ж.) лизингке байланысты заңдарды реттеу қолға алынды, бірақ құжаттардың уақыт талабына сәйкес болмауы алға қойған мақсаттарды орындауға жеткізген жоқ. Екінші кезеңде (2000-2001жж.) 5.06.2000ж. 26 баптан тұратын «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы қабылданды. Кейіннен лизингтік қатынастардың тұрақты қалыптасуына үлкен түрткі болған осы Заң болып есептеледі. Сонымен қатар, «Салық салу мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Оның шеңберінде лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан «Инвестициялар туралы» Заң мен салық кодексінің 138-140 баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті табыс салығы және мүлікке деген салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталды. Жоғарда айтылған «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңына қажетті түзетулер енгізілді.
Осылайша Республикада лизинг бойынша заңдылық нақты жұмыс жасай бастады. Негізінде лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап Қазақстан экономикасында өзінің тұрақты орнын алды….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз