Дипломдық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу » ZHARAR

0

Мазмұны

КlРlСПЕ

1.ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ
1.1.Фирмалардың қаржылық қызметтерінің бәсекелестік қабілеттінің теориялық негіздері
1.2. Фирмалардың қаржылық қызметтерінің бәскелік қабілеттілігін арттырудың шетелдік тәжірибесі

2.ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Екінші деңгейлі банктердің фирманың бәсекелестік қабілеттігін арттырудағы рөлін талдау
2.2. «Қазақстан Халық банкі» АҚ мәліметтерінің негізінде банктің қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілетін талдау

3.ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Банктердің қаржылық қызметтерінің бәсекелестігін арттыруда қаржы нарығын кластерлік ұйымдастыру моделі
3.2 Бизнес-жоспар: «Банк қызметтері нарығын кластерлік талдау әдісі»
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырыптың өзектілігі. Қаржылық менеджменттің қазіргі даму жағдайында коммерциялық фирманың әмбебаптану дәрежесінің арту талабы қойылады. Фирма қызметінің қаржы-фирмалық қызметтердің әр түрлі салаларына енуі, соның ішінде фирма қызметтерін дамыта отырып жаңа фирмалық қызметтерді енгізу — өзгермелі қаржылық салаға коммерциялық фирмалардың бейімделінуінің, нарық сегменттерінің басымды салаларын құрудың шешуші жолдарының бірі болып отыр.
Осы шартта коммерциялық фирмалар банк нарығына несиелік өнімдер мен түрғын халыққа қызметтердің көптеген түрлерін жасап үсынуда. Мүндай жағдайда қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін анықтап отыру және оларға деген сүранысты зерттеу қажеттілігі туындайды.
Қаржылық қызметтерді көрсету фирма қызметінің болашақ басымды салаларының бірі болуда, әсіресе аймақтарда, өйткені ондағы нарық толық қамтылмаған, ал түрғындардың несиелік қабілеттері артуда. Қаржылық қызметтер – фирмалар үшін тиімді болып табылатын несие-қаржылық бизнестің түрлерінің бірі. Мүндай жағдай келесідей бірқатар ерекшеліктермен анықталынады. Себептердің біріншісі: ішкі нарықтағы пайыздық ставкалардың төмендеуінен туындаған, корпоративтік клиенттермен жүргізілетін операциялар бойынша пайыздық маржаның қысқаруы. Екінші себеп ренінде; корпоративтік клиенттерді несиелендіру мүмкіндіктерін төмендететін, фирма ресурстарының аз және төменгі капитализациялануын айтуға болады. Үшінші себеп: тұрғындарды несиелендіру фирмалар үшін тұрақты табыс және клиенттердің мерзімдері бойынша қаржылық қызметтердің қаржылық тәуекелдерін реттеу.
Қаржылық қызметтер мен өнімдердің, фирма қызметінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру мәселесінің шешімі қаржы нарығындағы бәсекелік позициясын реттеу және бәсекелік басымдылықты беретін бәсекелік стартегияны жасау облысында болмақ.
Фирма қызметі мен фирма өнімдерінің бәсекелік қызметтерін арттыру мәселелері көптеген шетелдік авторлардың еңбектерінде қарастырылған. Олардың ішіде В.Е. Черкасов, Л.А. Плотицына, О.И. Лаврушин, И.В. Липсиц, А.Г. Баталов, Г.О. Самойлов, В.М. Гальперин, И.Б. Аңцреев, Ю.И. Коробов, В.Г. Садков, О.П. Овчинникова, С.Г. Светуньков, И.Н. Рыкова, А.А. Чернышев, Ю.Б. Рубин және т.б.
Фирма мен фирмалық қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін зерттеу дәрежесін талдау, Қазақстан Республикасының фирма жүйесі мен қызметттерінің тұрақты және қарқынды дамуына қарамастан одан әрі зеттеліну, шетелдік тәжірибелерді Қазақстан жағдайына бейімдеу қажет екендігін көрсетеді.
Осы орайда фирма қызметтегі фирмалық маркетингтің қүралдары мен тәсілдерін, маркетингтік зерттеу әдістерін қолдана отырып фирма нарығындағы қаржылық қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін арттыру, фирма қызметтің

әмбебаптану дәрежесін арттыру тақырыптың таңдап алыну өзектілігін негіздеп, зерттеу мақсаты мен міндеттерін белгілейді.
Дипломдық жұмысты жасаудың негізгі мацсаты Фирманың қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыруда теориялық-әдістемелік негіз құрап отырып, фирманың қызметтерін жақсарту бойынша практикалық үсыныстар жасау. Алға қойылған мақсат зерттеу тақырыбы бойынша келесі м індеттерді анықтайды:
• Фирма нарығында бәсекеге қабілеттіліктің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
• коммерциялық фирманың несиелік қабілеттілігінің экономикалық мазмұнына және қаржылық қызметтермен байланысты критерилерін анықтау;
• фирманың қаржылық қызметтерінің аймақтық даму тенденцияларын
айқындап, осы нарықтағы коммерциялық фирмалардың бәсекелік
басымдылықтарын талдау және бағалау.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге орай диплом жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиерттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде таңдап алынған тақырыпттың өзектілігі негізделініп, зерттеу мақсаты мен міндеті анықталған.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Фирманың қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілетінің теориялы және әдістемелік аспектілері қарастырылып, фирма нарығындағы өнімдер мен қызметтердің бәсекелік қабілеттілігінің критерилері және оны арттырудың стратегияларының теориялық негіздері қарастырылды.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының фирмаларының қаржылық қызметтер нарығы көрсеткіштерін талдау жасалынып, фирманың қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілетін талдау мәліметтері қарастырылды.
Жұмыстың үшінші бөлімінде фирманың қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру шаралары бойынша бәсекелік өсу стратегиясы, проблемарды шешу жолдары қарастырылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының барлық нәтижелерінің негізіде фирманың қаржылық қызметтерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру бойынша практикалық құндылықтары бар ұсыныстар жасалынды.

1.ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ
1.1 Фирмалардың қаржылық қызметтерінің бәсекелестік қабілеттінің теориялық негіздері
Фирмалардың қаржылық қызметтерінің бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін қүрайды. Ол дегеніміз басқа сондай қызметтермен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін түтынушылық және құндық қасиеттердің жиынтығы.
Бәсекеге қабілеттілік — нарықтың талабын анықтайтын және қаржылық қызметтердің басқа қаржылық қызметтермен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез — келген қызметтің негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Қаржылық қызметтерді түтынушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Қаржылық қызметтерді түтынушылардың мінездерін зерттеп көрсеткендей, екі үқсас қызмет болса, тұтынушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда — түтынушы түтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне үмтылатыны белгілі.
Осылайша, қаржылық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары түтынушылық қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын түтынушылық және.құндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, үзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:
қаржылық қызметтердің пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері;
қаржылық қызметтердің қолданыстағы ыңғайлығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;
қаржылық қызметтерді түтыну мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері;
жоғарыда көрсетілмеген (сертификат, сервистік қызмет көрсету), басқа бағалық емес көрсеткіштер.
Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған қатысты бағалау жүргізілетін басқа да оған үқсастарды анықтау қажет. ¥қсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нәтижелері солғүрлым нақтырақ болады.
ХХ-ғасырдың басынан бастап өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау әдістері даму сатысын бастады. Ресейде атақты корабль қүрушы және математик академик А.Н.Крылов бірінші рет осы әдісті жасаған болатын. А.Н.Крылов теориясы бойынша тауардың техникалық- экономикалық сипаттамасы оның түтыну қасиетін түзейді, ал түтыну қасиетінің жиынтығының пайдалығы, сондықтан ол оның бәсекелік қабілеттілігін анықтайды. Әдетте түтыну қасиеттері бір-бірімен әр уақытта қайшылықта болады, яғни бірінің жақсаруы екіншісінің нашарлауына алып келеді. Қуаттырақ двигательді қолдану арқылы машинаның жылдамдығын көбейтетін болсақ, онда отынның жүмсалуы өседі де ресурсты пайдалану көрсеткіштері нашарлайды. Жекеленген түтыну қасиетінё’ техникалық-экономикалық сипаттамасының әртүрлі үйлесуі арқылы қол жеткізуге болады. Бәсекелік қабілеттілікті санау жолдар келесіні қамтиды:
— нарықта болатын басқа өнімдердің сипаттамасы жайлы ақпаратты
жинау;
— көп өнімнің ішінен бағалауға жататын оның ұқсасын тауып алу, себебі ол нақты бәсекеші болуы мүмкін;
— бағалайтын үлгі мен үқсастың түтыну қасиеттерін салыстыра отырып, бәсекелік қабілеттілігі жайлы қортынды шығару;
¥қсас тауарды таңдау бағалу сәтінің қиын кезеңі болып саналады, себебі соның нәтижесінен бағалаудың нәтижесінің нақтылығы байланысты болады. Нарықтың белгілі бір сегментінде болатын, бірдей қажеттілікті қамтамасыз ететін кез келген тауарды үқсас тауар деп атауға болады.
¥қсас тауарды таңдаудың дүрыстығын. дәлелдеу үшін саралану көрсеткіштерін пайдаланады. Олар өнімнің пайдалану мақсаты мен облысын анықтайды, олардың шамасына қарай бағаланатын тауардың ұқсасын анықтауға мүмкіндік туады. Бағалайтын үлгі мен үқсас тауардың саралану көрсеткіштерін анықтағанда іс жүзінде олардың айырмашылығы 10-15 пайыздан аспау керек.
¥қсас тауарды таңдағаннан кейін оның бәсекелік қабілеттілігін анықтайтын негізгі тұтыну қасиеттерін анықтауға кірісу керек. Түтыну қасиеттері тікелей анықталуы мүмкін, немесе техникалық-экономикалық сипаттамасының белгілі бір функциясы арқылы анықтауға болады.
Бағаланатын үлгі мен үқсас тауардың түтыну қасиеттерінің сандық көлемін анықтағаннан кейін ғана олардың бәсекелік қабілеттілігі бағаланады. Есептеу әдісінің негізгі екі түрі қолданылады: біреуі «қатал» деп аталады, бағаланатын тауарды үқсас тауармен бәсекелік қабілеттіктерін салыстырғанда тек сапалық жауап береді (ия-жоік;), және «жұмсақ», ол болса бәсекелік қабілеттілік көрсеткіштерінің (Кб) сандық мәнінін береді.
Бірінші жағдай үшін бәсекелік қабілеттілікті бағалау ережелері келесіден түрады:
— егер бағаланып отырған тауар үқсас тауарға қарағанда ешқандай
қасиеттерінен басымдылық көрсетпей, бір-ақ түтыну қасиетінің
көрсеткішінен төмен болса, онда оның сапасы төмен деп саналады;
— екеуінің түтыну қасиетінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда онда олар тең бағалы деп саналады;
— ешқандай көрсеткіштерінен төмен болмай, бір ғана көрсеткішінен асып түссе, онда бағаланып отырған тауар үқсасына қарағанда басымды деп саналады;
— егер бағаланып отырған тауар ұқсасына қарағанда кейбір көрсеткіштеріне қарағанда асып түссе де, кейбір көрсеткіштері бойынша төмен болған жағдайда тауардың бағалануы белгісіз деп аталады.
«Жұмсақ» бағалау әдісі екі факторлық модель бойынша жолымен іске асады:
— аддитивті, бағаланып отырған тауар мен үқсас тауардың түлыну қасиеттерінің қатынасын әрбір үлгінің барлық бәсекелік қабілеттілікке әсер ететін түтыну қасиетінің үлес салмағына а, көбейте отырып, олардың қосындысын білдіретін қортындылау коәффициенті Кб анықталады. Есеп а; бірге тең болғанда мына тәуелділік бойынша жүргізіледі:
— мультипликативті, бағаланып отырған тауар мен үқсас тауардың түтыну қасиеттерінің қатынасын көбейту арқылы қортындылау коәффициенті Кб төмендегі формула бойынша анықталады.
Бәскекге қабілеттік барлық экономикалық жүйелерге тән және қайшылықтар болған жағдайда туындайды да, оның нәтижесі ретінде нарықты қайта бөлу болады. фирманың қызметіне қатысты бәсекеге қабілеттік анықтамасын былай беруге болады: «фирманың бәсекеге қабілеттігі — несиелік үйымдардың нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер ұйымдастырып және сату мүмкіндіктері, сенімді фирма имиджін қалыптастыра алу мүмкіндігі».
Фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын критерилердің өзара байланысын ескере отырып, Фирманың бәсекеге қабілеттілігіне келесідей анықтама беруге болады: «Фирманың бәсекеге қабілеттілігі -клиенттердің талғамдары мен талаптарына сәйкес түтыну қасиетіне ие қаржылық қызметтерді несие үйымдарының көрсетуі, нарық үлесІн анықтау».
Фирманың бәсекеге қабілеттілігін оның қаржылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінсіз айтуға болмайды, өйткені олардың арасында тікелей және кері байланыс бар(сурет 1). Ендеше олардың ішіндегі маңыздыларын анықтау және бәсекелестік үшін маңызды болып табылатын анықтау қажет.
Жоспарлау әлементтері кез-келген үйымның қызметінде қатысады. Бүл тек ағымдағы ғана емес, сонымен бірге болашақты жоспарлауға да жатады. Банк қызметінің табыстылығы оның сапасына тікелей қатысты. Жоспарсыз банк бөлімшелеріндегі келісілген іс-қимылға қол жеткізу, бәсекелестер арасындағы күреске төтеп беру, өзінің нарықтық қуысын үстап түру қиын болады. Сондықтан жоспарлау — банк қызметін басқарудың қүрамды белігі болып саналады.
Фирманың жоспарлау жүйесі стратегиялық жоспарлаудан және маркетингтік жоспарлаудан түрады. Оларға қол жеткізуге бағытталған, мақсаттарды айқындау мен ағымдағы жоспарларды жасау -. стратегиялық жоспарлаудың нәтижесі болуға тиісті….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com