Дипломдық жұмыс: Экономика | Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау » ZHARAR

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………….3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1.1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні…………………..7
1.2 Дағдарысқа қарсы басқаруды үйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру…………………………………………………………………………………….21
1.3. Дағдарысқа қарсы менеджмент: басқару құралдары мен әдістері………………28

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2.1. Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері…………………………………………………………………………………………………………36
2.2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттің рөлі……………………………………42
2.3. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері……………………………46

3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР
3.1. Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы…………………………………………………54
3.2. «Тас-Қүм» АҚ сипаттама және қаржылық-экономикалық жағдайын талдау…………………………………………………………………………………………………………..61
3.3. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі………………………………………………………77

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………….89
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………94
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс – қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір – таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру… ».
«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Реформалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бұндай басқару «дағдарысқа қарсы» атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек
етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша ?
Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.
Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл түрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты түрақтандыру, бірінің біріне үласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.
Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс салдары, ал басқалары, – дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дүрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.
К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан құрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қальгатастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық – экономи-калық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары « өсім қиындьщтары », «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.
Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен те-реңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жүмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.
Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып және ол әркашан жалпы экоеомикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай; немесе тек дағдарыстың экономикалық ас-пектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған.
Бұл дипломдық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, үйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып жазуға тырыстық. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмүны, себептері және оның салдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыс үш тараудан түрады. Бірінші тарауда қүбылыстың объективті мәні қарастырылған, онда «дағдарыс» түсінігі сипатталып, экономикалық дағдарыстар талданып және оған анықтамалар берілген, оның құрылымдарына ғылыми көзқарастар және пайда болу себептері берілген. Бүл жерде әртүрлі фаза да пайда болған дағдарыстарды басқару мүмкіндіктері және қажеттілігі дәлелденген.
Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бүны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.
Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару концепциясының жеке үйымға немесе фирма, кәсіпорын және сол сияқтыларға қатысты матери-алдарды қамтиды. Бұл жерде дағдарыс құбылысы тек макроэкономикалық көлемде ғана емес, сонымен қатар қандай кішігірім болмасын жекелей үйымда да пайда болатын құбылыс ретінде ой қалыптасады. Жұмыс қолданылған өдебиеттер тізімі мен және қосымшалармен аяқталады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік – экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бүрьшдары социализмде дағдарыс жоқ, тек «өсім қиындықтары» деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бүл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
Мүндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?
«Дағдарыс» түсінігі «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бүдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады.
Әлеуметтік – экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жүмыс істеу және даму.
Жүмыс істеу – бүл тіршілік әрекетін үстап түру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау.
Даму – бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.
Жүмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік -экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бүл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1.).
1-Сурет, Ұйымдағы дағдарыс қауіпінің пайда болуы
Жүмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жүмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды.
Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бүл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т.б.) арасында.
Дағдарыс – бүл ұйымның қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі (1-сурет).
Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, модернизацияның циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа. …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...