Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу

0

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………. 3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
1.1. Географиялық орнының әлеуетіне талдау ………………………………….. 5
1.2. Қазақстан табиғи қорлар әлеуеті ……………………………………………… 10
1.3. Қоғамдық әлеуметтік құрылымның әлеуеті ……………………………… 11
ІІ. ҚАЗАҚСТАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Ел экономикасының даму жолдары …………………………………………. 17
2.2. Қазақстан экономикасының ТМД елдері арасындағы ерекшелігі …………………………………………………………….. 28
ІІІ. ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫ
3.1. Білім беру дамыту бағдарламасы ……………………………………………… 38
3.2. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы …………………….. 42
3.3. Ғарыш қызмет саласын дамыту бағдарламасы …………………………. 47
3.4. Мұнай өндіріс саласында ………………………………………………………… 52
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………. 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………… 68

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.
Жұмыстың теориялық негізі: Соңғы кезде жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау, баяндау, математикалық, тарихи және картаграфиялық әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жұмыс құрамында 9 кесте, 4 карта, 6 сурет бар.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
1.1. Географиялық орнының әлеуетіне талдау
Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық орыны физикалық-географиялық орынының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Олар: Еуразия материгінің ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта,Үнді мұхитынан біршама алыста орналасуы, ішкі континенталдық орнына байланысты табиғат жағдайлары тәуелді болуы: айқын қатты-континенталдық климат, көпшілік ішкі өзендердің теңіздер мен мұхиттарға құймауы, территориясынан батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз ауысуы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы) барьерлік климаттық рөлі және беткейлерінде жауын-шашынның (ылғалдылық) аккумуляциялануы.
Сонымен бірге, Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен территориялық ұйымдастыру үшін экологиялық-географиялық орынының ерекшелігін де білген дұрыс болады. Олар мыналар: біріншіден, Жер планетасы атмосфера қабатының оттегімен толықтырылып отыратын экожүйеге негізінде орман мен шабындық жатады десек, жаһандық ауа айналымы үрдісінде Қазақстан оттегін тұтынушы аймақ болып есептеледі. Себебі орман көлемі барлық республика территориясының 2,8%-ын алып жатса, шабындықтың үлесі 2% ғана жетеді. Екіншіден, Қазақстан халқының тығыздығы 1ш.ш. 5,5 адам болып келеді, яғни сирек орналасқан елге жатады, оның ішінде 50% территориясында халықтың тығыздығы 1 адамнан аспайды, мұнда 18 млн. га жыртылуға жарайтын топырақты жер ресурстары бар (оның 35 млн. гектары жыртылған), яғни Қазақстан стратегиялық жер ресурстары қорымен ерекшеленеді. Үшіншіден, Қазақстан биосфералық экологиялық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда биосфераға жаһандық әсері бар Арал теңізі, Семей ядролық полигоны, әскери – ракеталық сынау полигондары, «Байқоңыр» космодромы сияқты экологиялық нысаналар орналасқан. Төртіншіден, Қазақстан геожүйесі (ландшафты) (45 % — шөл, 20 %-ы – таулы аймақтар) антропогендік әсерлерге тұрақсыздығымен, берік еместігімен сипатталады. Мысалы, пайдалануға жарайтын 80 млн. га жердің 61 % шөлейттенуге жылдам шалдығады.
Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы 13311 шақырым, солтүстігі және шығысында Ресей мемлекетімен шектесіп жатыр, оның ұзындығы – 7591 км, оңтүстік-батысында Түркменстан 380 км, оңтүстігінде Өзбекстан 2300 км, Қырғызстан 980 км, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен 1460 км шектеседі. Сонымен бірге Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркменстан мемлекеттерімен Каспий теңізі арқылы жалғасады. Оның қазақстандық бөлігінің ұзындығы – 600 км. Батысында Волга жағалауына жақын жерден, шығысында Алтай тауларына дейінгі ара қашықтық 3000 шақырым болса, солтүстік шекаралық нүктеден оңтүстігіне дейін 1800 шақырым қашықтықты алып жатыр. Территорияның үлкендігін республиканың екі сағат белдеуінде орналасуы көрсетеді……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!