Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының дамуы

0

Мазмұны

1 Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы

2 Мақта шаруашылығының Республика шаруашылығындағы маңызы.
2.1 Мақта шаруашылығының Республика экономикасында алатын орны
2.2 Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы
2.3 Мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру.

3 Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.
3.1 Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы
3.2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының дамуындағы мақта шаруашылығының ролі
3.3 Облыс территориясында жеңіл өнеркәсіп салаларын орналастыру.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % — тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы — кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған.
Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Соның ішінде Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында алғашқы отандық жаңа және келешектік жоғары өнімді: ПА – 3031, ПА – 3044, МА – 3047, М – 4003, М — 4005, М – 4007 және М – 4011 мақта сорттары шығарылды. Бұл жаңа сорттар аудандастырылған. Оңтүстік Қазақстанның күлгін түсті топырақтарының жағдайларына бейімделген және де олардың жаңа сорттық баптау технологиялары жетілдірілген. Мақта шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оларды атап өтетін болсақ: Үмбетаев И.Ү., Көпешов Ш., Болғанбаев Е., Серғазиев А., Майлыбаев М., Батькаев Ж.Я., Мұстафаев А.Б., Биғараев О., Сыдықов Д.А.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның даму келешегін және республиканың экономикасының дамуындағы орнына талдау жасау.
Жұмыстың міндеті:
— Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихын қарастыру.
— Мақта шаруашылығының республика шаруашылығындағы маңызы.
— Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.

1 Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы

Мақтаның тарихын В. И. Лениннің Түркістанды суландыру үшін ирригациаллар басқармасын құру туралы 1918 жылы 17 мамырдағы шешімімен шектейтіндер қатты қателеседі. Қазақстан даласындағы мақтаның тарихы ХІІ – ХІV ғасырлардан басталады.
Замандар әфсанасы, деректер Шыңғысхан шапқыншылығы суырған топырақтың астында қалған ежелгі Отырар мақтаның, жүзімнің отаны болғанын көрсетеді. Отырар қаласының орнынан табылған суландыру жүйелері , мақта шиті, жүзім тұқымдары мұнда өркендеген мақта, жүзім шаруашылықтары болғанын дәлелдейді.
Он мыңдаған шақырымды алып жататын Мырзашөлдің ұзақ жазы, ыстық ауа райы ғана емес, құмдауышты топырақты, тақтайдай тегіс даласы ежелден мақта өсіруге сұранып тұрғандай екен. Сол кезеңдерде басым Мырзашөлден алатын Сырдариядан тартылған 70 шақырымдық, алғаш “Орынбайарық” деп аталған каналды қазу басталған екен. Бұл канал қазақ жерінде мақта өсірудің алғашқы өркениетті қадамының басы, алғашқы жоралғысы дейді тарихи деректер.
Осылай канал қазып, Мырзашөлде жайқалтып мақта өсірген бабаларымыз салған сол соқпаққа түскен мақта тарихының іздері бірде айқын, бірде көмескі болғанымен, өзіліп қалмаған. 1913 жылы аталарымыз 15 мың гектарға егілген мақталықтан 9,9 мың тонна өнім алады.
Ақшаның қайда жатқанын қазақтың байлары да білді. Олар да бұл жолда қарап жатпай, 1917 жылы Байбота бай атамыз К- 15 деп аталған каналды қаздырды. 1926 жылы К – 26 каналы қазылды. Каналдар қазылған соң “Байботарығының” жағасындағы жерлер тегіс суландырылып, мақта егістігінің көлемі ұлғая бастады, тағы басқа егіншілік түрлері дамыды.
Орыстың көзіне түспеген қазақтың байлығы барма. Қазақ даласында мақта өсіруге оларда ерекше ықылас танытпапты. 1896 жылдары КНЯЗЬ Константин Мырзашөлге келіп, мақта өсіруге ат салысқан. Ол Мырзашөлді суландыру үшін әлгі “Орынбай” каналдың ұзындығы 90 шақырымға жеткізуді көздейді. 1939 –40 жылдары бұл канал тағы да 14,5 шақырымға ұзартылды.
Кеңес өкіметі бұл каналдың “Орынбайарық” атын алып тастады. Каналға күйіс-түйісі жоқ С. М. Киров ақсақалдың атын берді. Біз кіммен де дос болуға дайын халық емеспіз бе? Ол каналдың аты кейін “Достық” деп көрсетілді.
Қадамын енді бастаған кеңес үкіметі бірден Мырзашөл, Түркістан аймақтар суландыруға ден қойды. В. И. Ленин қол қойған үкіметтің алғашқы декреттерінің бірінде Түркістанды суландыру жұмыстары үшін 50 млн. сом қаржы бөлуге қаулы қабылданады.
Міне мақтаны, мақтаның аралы – Мырзашөлді игеру осылай басталған апаларымыз бен аталарымыздың сол дәстүрі жылдан жылға сабақтасып, жалғасып дамуда. Тіпті соғысқа киім-кешек, қорғанысқа қажеттілігіне байланысты Ұлы Отан соғысы жылдары бір ғана Мырзашөл емес, бүкіл Қазақстан халқы мақта өсірді.
Облыста қазірде мақтаның денін – 100 мың гектардан астамын мақта шаруашылығының қалыптасқан отаны ежелгі Мырзашөл — Мақтаарал ауданы өсіреді. Одан кейінгі орынды Шардара, Түркістан, Сарыағаш, Келес өңірі, Ордабасы, Түркістан, Арыс аудандары алады. Соңғы жылдары облыстың барлық аудандары дерлік мақта өсіруге қадам жасауда. Бірақ көпшілігі бұрын егіп көрмеген әрі жер, су, климат жағдайына байланысты жасақтайды.
Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілік ерте заманда дамыған. Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойын мекендеген халықтар біздің эрамызға дейінгі 4-3 ғасырларда диқаншылықпен айналысқан. Археологтар Б.И. Вайнберг, Л. И. Левиналардың зерттеулеріне қарағанда, біздің эрамыздың бірінші ғасырында Келес пен Шардара аудандарының маңында мақта, бидай, тары және т.б. дақылдар өсірілген. Белгілі ғалым, профессор В. И. Юферов өзінің “Түркістанның мақта шаруашылығы” деген кітабында қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары VIІ ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса, академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта шығарылғанын баяндайды.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығымен 1888 жылдан бастап айналысқан. Бұған 1877-1906 жылдар арасында салынған Орынбор Ташкент темір жолы үлкен ықпал жасаған. Мәселен, 1885 жылы Шымкент облысының территориясында небары 432,2 гектар мақта егілген болса, 1910 жылы 3631,6 гектар, ал 1913 жылы 20,8 мың гектар мақта егілген. Бірақ ол кезде мақта қарапайым тәсілмен өсірілді. Егістік ағаш соқамен жыртылып, кетпенмен қазылған арықтан суарылды. Суармалы егістіктің 80% -тен астамы бай-кулактардың қолында болды. Мақтаның шығындылығы гектарына 3-4 центнерден аспайтын еді.
Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін Совет үкіметі Орта Азиямен Қазақстанның Оңтүстігінде мақта шаруашылығын дамыту жөнінде нақты шаралар белгілеп, оны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырды. Түркістан мен Азербайжанда мақта шаруашылығын дамыту жөнінде 1920 жылы В. И. Ленин қол қойған аса маңызды документ мақта шаруашылығын онан әрі дамытуға, халық шаруашылығы ғана аса қажетті маңызды дақыл – мақтаны өндіруге кеңінен жол ашты.
1921 жылдан бастап мақта өсірілетін аудандарда бұрын мақта егілген суармалы егістік қалпына келтірумен бірге тың жерлерді игеру, суару жүйелерін кеңейту, мелиорациялық, ирригациялық құрылыстар салу қолға алынды. Соның нәтижесінде республикамызда 1925 жылы мақта егісінің көлемі 30 мың гектарға таяу болды. 1927 жылы мақтаның әр гектарынан 8 центнерден өнім жиналып, небары 49,3 мың тонна мақта өндірілді. Бұған суармалы егістік жерлерді қайта бөлу әсерін тигізді.
Елімізде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіптің жедел дамуына байланысты шитті мақтаға деген қажет күн санап арта түсті. Осыған орай 1935 жылы наурыз айында Шымкент қаласында …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!