Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

0
218

Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері казакша Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері на казахском языке

Кіріспе
XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш зерттеген ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня, т.б. болды. Бұл проблеманың қайнар көзі В.фон Гумбольдттің ғылыми еңбектері. Оларда ғалым мынандай ғылыми ой тұжырым жасайды:
1. материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
2. кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді;
3. тіл–адам және қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
4.халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тілге тән.
Белгілі ғалым А.Потебня тіл халықтың мәдениеттің қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз – әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады.
Ғалым, тілші В.Н.Телияның пікірінше , лингвомәдениеттану – тілдің корресподенциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлігі.
Лингвомәдениеттану шекаралас пәндердің қиылуысында пайда болған және олармен тығыз байланыста болады, мәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика пәндеріне қарағанда арнайы аспектісі – тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін өзінше қарастырады.
Осыған орай В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне төменгіше анықтама береді: “Лингвокультурология – комплексная научная дициплина синтезирующего типа изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления “ система норм и общечеловеческих ценностей” [2. 25б].
Демек лингвомәдениеттанудың объектісі тіл білімі мен мәдениеттану пәндерінің қиылысқан жерінде зерттейді. Ал зерттеу пәні төмендегідей объектілерді атауымызға болады:
1.Лингвомәдениеттану объектісі–эквивалентсіз лексика мен лакуналар;
2. Тілдің паремиологиялық қоры;
3.Тіл–дін арақатынасы;
4.сөйлеу әрекеті;
5.сөйлеу этикеті;
6.аңыздар, ертегілер, ырымдар,және салт–дәстүрдің тілдегі формалары;
Сонымен лигнвомәдениеттану ғылымының зерттеу объектісі адам қалыптастырған материалды және рухани мәдениеттің, яғни еңбек құралдарынан бастап, адам өміріндегі салт – дәстүр, өнер, дін, ғылым, тәрбие, мораль және философия болып табылады.Біз өз жұмысымызда лингвомәдениеттанудың негізгі объектілерінің бірі – ертегілердегі мифтік бейнелер.
Ертегілер халық өмірі, тарихы, дүниетанымымен тығыз байланысты. А.Н. Толстой халық ертегілерінің ғылыми–тарихи құндылығын ескере отырып: ”Ертегілер халықтың рухани мәдениеті, оны біз біртіндеп жинаймыз. Ертегілер арқылы мың- жылдық тарих біздің көз алдымызға елестейді”– деген болатын. Ертегілер барлық елдер фольклорында сөз өнерінің ең көп тараған, ең демократиялық түрі болып табылады. Оның шығу тарихы тереңде – адам өмірінің алғашқы сатысында жатыр.
Қайсы бір халықтың ертегісін алмайық сюжеті, композициялық құрылысы мен идеялық мазмұнында бір–біріне жақындығы барлығы сезіліп турады. Ертегілер халық ауыз әдебиетінің басқа жанрлары сияқты өмір тәжірибесінен, болмыс құбылыстарынан, еңбектерінен келіп туады. Адам өзін қоршап тұрған кеңістік пен табиғат құбылыстарынан әсерленеді де, соның негізінде пайда болған түсініктер, фантастика, көркем әсерлеу түрінде ертегіге арқау болады. Өткен замандарда жаратылып, бізге дейін сақталып келген аңыздарда, ертегілерде өмірдің, тарихтің романтикалық және реалистік бейнесі айқын көрінеді. Ертегі фантазияны, өз дәуірінің әлеуметтік–саяси қайшылықтары, халықтың мұң–мүддесі мен тілек–талабы арқылы дүниеге келтірілген.
Қазақ және ұйғыр халықтарының табиғат сырын білу, оны меңгеруден туған қиялдық түсініктері ертегі, аңыз ретінде туып тараған. Мұндай ертегілер қиялдың ғана жемісі болмай сол заманның шындық бейнесін, қоғамдық құрылысын, тап тартысын, бұқара халықтың мұң – мүддесін , әділет – арманын түгел жинаған. Қазақ халық ертегісі мен ұйғыр халық ертегілеріндегі туыс тақырыптар, ұқсас сарындар, ортақ кейіпкерлердің болуы осы екі халықтың көне заманнан бері үзілмей келе жатқан туыстығының нәтижесі. Қазақ және ұйғыр фольклорында ұқсас дүниелер өте көп. Бұның бір себебі тұрмыстан, қоғамнан алған бір түрлі әсер бір–біріне ұқсас ертегілерді тудырған болса, екіншіден экономикалық, саяси, мәдени және діни байланыстар ертегілердің көрші елдерге кең тарауына себепші болғаны. Сол себепті қазақ және ұйғыр халықтарының ертегілері Орта Азия және тағы басқа шығыс халықтарының фольклорының туындыларына ұқсап келеді, кейде тіпті бірін – бірі қайталап келеді.
Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.
Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір керек. Шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс – әрекеттері туралы жалпы ұғымдарды айқындапберетін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады. Дүниеге көзқарас адамзат санасының, дүниетанымының бір бөлігі. Әрине, әрбір адамның философиялық ой – пікірлерге келуінің бір ортақ жолы болды. Ол мифологиядан дінге өту жолы.
Мифология – адам мен табиғат туралы ғылымның қай – қайсысының да күрделі негіздерінің бірі. Миф туралы ілімнің философия, психология, лингвистика, әдебиеттану. археология антропология, өнертану теология, логика т.б. толып жатқан ғылымдармен шектесіп жататындығы да содаи болса керек. Адамды түсіну үшін, оның дүниетанымын, көзқарасын, идеал-дарын яғни рухани әлемін білу қажет.
Мәдени-философиялық энциклопедиялык сөздікте: «Мифология –
а) адамның өзін тамыту құралы, адамның шығармашылық қабілсттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі. Ол адамзат мәдениетінің барлық типтері мен бітімдерінің негізінде жатыр; ә) миф теориясы немесе оның түсініктемесі. Мифтің жалпыға ортақ теориясы жоқ. Бірақ мифті түсіндіру мен зерттеу үздіксіз жалгасып келеді делінген. Сөйтіп миф үғымына үш түрлі мағына беріледі:
1) көне аңыз, әңгіме;
2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез;
3)тарихи-мәдени шартталган сана күйі.
Адамзаттың негізгі мифтерінің бірі – уақытты цикл ретінде қабылдайтын мифологиялық санамен байланысты мәңгілік айналымдар туралы миф. Мифошығарма космогенез ретіндегі мифтің екінші мағынасы-әлемнің хаостан жаралуы. Бұл космогониялық мифтерге бастау береді. Олардың басты тақырыбы: «қасиетті (киелі) тарих», дүниенің, адамның және т.б. жаралуы. Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болады, ол үлгі ретінде қүрметтеледі. Үшінші мағынасына оның бейнелі-рәміздік түсіндір-месі, қайта жаңғыру ретінде анықталады. Миф өзі пайда болған дәуірдің дүниетүсінігін бейнелейді, ол адамзаттың рухани медениетінің алғашқы бітімі [3.186-187б].
Миф адамзат мәдениетінің базистік феномені, адам баласының ең ерте заманғы ұғым – түсініктерінің, дүниені танып білу ой – өрісінің өте ескі көрінісі. Сондықтан да, ол қоғамдық сананың барлық түрлеріне ортақ, бәріне де қатысы бар. Осыған қарағанда мифология – адам мен табиғат туралы ғылымның қай – қайсысының да күрделі негіздерінің бірі. Мифтің поэтикасын зерттеген ғалым Е.М.Мелитинский мифологиялық таным-түсініктерде «қандай да болмасын заттың мәні оның пайда болуымен байланыстырылады; яғни айнала қоршаған дүниені сипаттау деген сөз – сол дүниенің пайда болу тарихын баяндау» дейді [4.172б]. Мәселен, көптеген қазақ ертегілерінде зәулім бәйтерек суреттеледі. Ол кейіпкердің өмір жолында өте маңызды рөл атқарады. Бәйтерек түбінде айдаһарды өлтірген кейіпкер аспан әлеміне көтерілуге, немесе жер астына түсуге мүмкіндік алады. Міне, мұндағы зәулім бәйтерек бейнесі – қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрі.
Бұл туралы деректер этнографиялық материалдарда да кездеседі: «…В центре мира высится первозданный Кок-тюбе (священная синяя небесная Гора), на вершине холма растет великий Байтерек, четыре ветви которого на каждом ярусе охватывают весь небесный свод. Корни дерева проникают через все уровни земли до нижних вод» [5.56б]. Немесе Қашаған жыраудың мына жыр жолдарына назар аударсақ:
Ғазіреті ғали тауында Дарак деген ағаш бар.
Сондай-ақ, қазақ тілінде өте алыс мағынасында айтылатын жер ортасы – көктөбе деген фразеологизм бар. Мысалы: Енді айттырған күйеуім алмайды, жер ортасы – кектөбеде ұлытып тастайтын кісің мен емес (М.Әуезов «Абай жолы»). Ерте кездегі аңыздарда алып бәйтерек жер ортасы – көктөбеде (Жер кіндігінде) болады дейді. Осы әлемдік ағаштың тау түріндегі формалары тіліміздегі күлтөбенің басында күнде жиын, жер ортасы көктөбе сөздерінде кездеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Ғасырлар бойы жер бетінде тіршілік етіп келе жатқан қай халықтың болмасын күнделікті тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін, кәсібін, ұлттық сана мен талғам негізінде бейнеленетін рухани дүниесі (мақал – мәтел, ертегі, аңыз т.б. ) болатыны белгілі. Адамзат баласы үшін ең қажетті осындай рухани дүниенің бір саласы – ертегі.
Атап айтқанда, осы зерттеу тілдік жүйені зерттеудің кейінгі дәуірде пайда болған түрлерінің бірі, тереңдеп барлаудың бір жолы – оның құрылымы тек тілдің өз ішінде қараумен бірге тілден, яғни ақиқат өмірмен тығыз байланыста қарауды мақсат етеді. Осыған орай жұмысымыздың өзектілігін айқындауда тақырыпқа сай тілдік қырларын сабақтастыра зерттеудің мәні ерекше.
Яғни жұмысымыздың өзегі – екі халық ертегілеріндегі мифтік бейнелерге талдау жасауды, сол мифтік бейнелердің шығу төркінін этнос табиғатының тарихылығымен, мәдениетімен сабақтас зерттеу. Сонымен қатар қазақ және ұйғыр тілінің сөздік қорында ерекше орын алған мифтік бейнелер атауларын тілдік және экстралингвистикалық мәнділіктермен байланыста және ұлттық болмыс, ұлттық таныммен етене байланысты “ұлт пен тіл біртұтас” деген ұстанымға лингвомәдениеттану тұрғыдан кешенді түрде зерттеу жүргізу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың басты мақсаты – қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелерді сұрыптап, олардың шығу тегін, айырмашылығы мен ұқсастығын анықтап, лингвистикалық табиғатын ашу. Жұмысымыздың жалпы мақсаты ертегілердегі мифтік бейнелердің лексикалық қордан алатыналатын орны мен ұлттық тарихи – мәдени тұрғыдан лингвомәдени табиғатын танып білу. Бұл мақсатты орындау үшін зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:
хайуанаттар туралы ертегілердегі мифтік бейнелерді жүйелеп көрсету;
екі халықтың қиял – ғажайып ертегілеріндегі мифтік бейнелердің лингвомәдени табиғатын жүйелеу;
батырлық ертегілердегі мифтік бейнелерді сұрыптап, талдау;
Жұмыстың дерек көздері. Халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармалар, түркі, қазақ және ұйғыр тіл біліміндегі тарихи – этнографиялық зерттеу материалдары мен түрлі сөздіктер, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген мәдени танымдық және ғылыми зерттеулер мен мақалалар. Сонымен бірге ертегідегі мифтік бейнелер мәселесі бойынша жазылған С.Қасқабасовтың, М.М. Әлиеваның, А.А. Бейсеевтің, Осман Исмайылдың және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінен қажетті мәліметтер алынды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Тақырыптың ерекшелігіне және мақсатына байланысты сипаттама, тарихи – салыстырмалы, жаппай сұрыптау лингвомәдени талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ және ұйғыр тіл білімінің ономасиология, этимология, семасиология салаларына, сонымен қатар фольклордың кейбір жанрларына теориялық – практикалық үлес қосты деп айтуымызға болады.
Жұмыстың жариялануы. Жұмысымысымыз “Поиск” журналының N3 номерінің 22-24 беттерінде “Қиял-ғажайып ертегілердегі мифтік бейнелер” атты мақала, “Уйғур авази” газетінің сәуірдегі санында N15 (751) “ Уйғур хәлиқ чөчәклиридики мифологиялық образлар” атты мақаламыз жарияланды……

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!