Дипломдық жұмыс: Философия | Адамның әлеуметтік болмысы: жағдайы. қажеттілігі. сезімі мәселесі
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………….
1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСЫ: ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ МӘСЕЛЕСІ
1.1. Фромның «Еркіндіктен қашу» еңбегіндегі адамның еркіндігі мәселесі…………………………………………………………
1.2 Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік теориясы ………….
2 ЭРИХ ФРОММНЫҢ «ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ» ЕҢБЕГІ
1.1 Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе болып табылады ма? …….
1.2 Жеке адам, оның жекешеленуі және еркіндіктің екі үштылық сипаты ……
ТҰЖЫРЫМДАР ……
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………..
КІРІСПЕ
Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және
психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар Берлиндегі Психоаналитикалық институтта психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары — Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді. Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм 14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, «Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім» деп жазды. Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді. Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті.
Фроммның негізгі еңбектері: «Еркіндіктен қашу» 1941 ж., «Адам өзі үшін» 1947 ж., «Салауатты қоғам» 1995 ж., «Махаббат өнері» 1956 ж., «Зигмунд Фрейд миссиясы» 1959 ж., «Карл Маркстегі адам концепциясы» 1961 ж., «Адам жүрегі» 1964 ж., «Үміт революциясы» 1968 ж., «Адам деструктивтілігінің анатомиясы» 1973 ж., «Иелену немесе болу» 1976 ж.
Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам жатсынуының түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды, адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы түйіні ретінде «әлеуметтік сипат» ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін байланыстырады. Ақыр соңында адамның жаппай жатсынуы қоғамда өзінің шынайы емес тіршілігін сезіну, өзінің «сыни Менін» иелену орнына «өзіндігін» иелену және өзінің мәнін жүзеге асыруын сезіну, өмірді гүлдендіретін көзқарастың және ішкі моральдық жаңарудың пайда болуы, жеке адам мен табиғат арасында, тұлға мен қоғам арасында үйлесімділікті орнату -мұның барлығы адамдарды олардың болмысының қиялынан босатудың әлеуметтік тиімді құралы ретінде Фроммен ұсынылған «гуманистік психоанализді» қолдану негізінде мүмкін болады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Фромм көзқарасындағы қазіргі заман адамының психикасын жан жақты зерттеуге, және сондай-ақ, қоғамдық дамудың психологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы байланыс проблемаларын қарастыру. Қазіргі саяси дамудың сыртқы тенденцияларының әсері, біздің мәдениетіміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі, жеке адамның өзіндік қасиеті мен жекелігіне қауіп төндіреді. Оның мәнін былай қарастыруға болады: «қазіргі заман адамы «еркіндік» ұғымын қалай түсінеді.
«Еркіндіктен қашу» — бұл үрей сияқты адам психкасының көрінісінің мұқият талдауы. Көп жылдық күрестен кейін адам өзін материалдық ізгіліктің молшылығына бөлей алды: ол демократия принципіне негізделген қоғамды құрды және оны тоталитаризм шарттылығынан қорғай алды.
Осы еңбектің негізгі идеясы, индивидуалистікке дейінгі коғам бүғауларынан азат болған қазіргі адам, оның жекелігін жүзеге асыру негізінде, яғни оның әсерлі, сезгіш және ойлау қабілеттерін жүзеге асыру негізінде еркіндікке қол жетпегендігі. Еркіндік адамға оның өмір сүруінің тәуелсіздігін және рационалдылығын алып келді, бірақ сонымен қатар оны жекелеп, оның бойында әлсіздік пен үрей сезімін оятты. Бұл жекелеу төзгісіз, және адам таңдау алдында болады: жаңа бағынушылық, жаңа тәуелділік көмегімен еркіндіктен құтылу керек, немесе әрқайсысынын өзіндік қасиетіне және ерекшелігіне негізделген позитивті еркіндікті толық жүзеге асыру керек.
25-ші басылымның алғы сөзінде Фромм өзінен, оның кітабында 25 жыл бұрын қозғалған, әлеуметтік және психологиялық тенденциялар сақталды ма деп сұрап, оған, еркіндік алдында адамдарда үрей тудыратын жаңа себептердің пайда болуымен түсіндіріп нақты жауап береді. Бұл атомдық энергиянық ашылуы және оны деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігі.
Эрих Фроммның «Еркіндіктен қашу» еңбегінде көрсетілген анализ бойынша — қазіргі заман адамы әлі де қандай да бір алаңдаушылыққа бөленген және кез-келген уақытта әлде бір диктатордың туы астына түру қызығушылығына душар болған, сондай-ақ, толығымен еркіндігін жоғалтып, алып машинаның кішкене бөлшегіне айналып, еркін адам емес, тоқ және жақсы киінген роботқа айналуы мүмкін.
Диплом жұмысымның негізгі мақсаты, адамның қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру перспективасының мәнін ашу және Э.Фроммның философиялық мұраларының гуманистік аспектісін көрсету деп алдым. Негізгі қолданған зерттеу әдістерін: тарихилық, салыстырмалылық талдау, анализ, синтез, талдау.
1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТГІК БОЛМЫСЫ. ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ, МӘСЕЛЕСІ
1.1. Эрих Фраммның «Еркіндіктен қашу» еңбегіндегі адамның еркіндігі мәселесі
Еркіндік, объективті қажеттіліктерді тануға сүйеніп адамның өз қызығушылықтары мен мақсаттарына сәйкес әрекет ету қабілеті.
Қоғамдық ойлау тарихында еркіндік мәселесі дәстүрлі түрде, адамның ерік бостандығы бар ма, және басқаша айтсақ, оның барлық ойы мен ісі сыртқы жағдайлармен қамтамасыз етілген бе әлде жоқ па, деген сұраққа саяды. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну тұлғаның еркіндігін оның объективті жағдайдан санасының тәуелсіздігі ретінде субъективті-идеалистік түсінігін терістейді. Марксизм-ленинизм сондай-ақ 17-19 ғ.ғ. философтар мен табиғаттанушылар (Т.Гоббс, П.Гольбах, Ж.Ламетри, Н.Лаплас, Е.Дюринг және т.б.) арасында кең тараған еркіндік пен қажеттіліктің қарама-қарсы қойылуына қарсы шығады. Еркіндік мәселесін сана сферасымен шектейтін идеалистерге қарағанда (Гегель, экзистенциализм), марксизм-ленинизмнің түсінігінше, әрекеттегі оның практикалық іске асу мүмкіндігінсіз еркіндіктің бір түсінігі — бұл ақиқат еркіндіктің қиялы ғана.
Адамдар өз іс-әрекеттерінің объективті шарттарын таңдауға еріксіз, бірақ та мақсатты таңдауда белгілі еркіндікке ие, өйткені әрбір кезде негізінде бір емес, бірнеше нақты мүмкіндіктер бар, бірақ та түрлі мүмкіндіктермен; тіпті альтернатива жоқ болған кезде де, олар өздеріне жағымсыз құбылыстарды бәсеңдетуге мүмкіншілігі бар немесе жағымды құбылыстардың жақындауын тездете алады. Сайып келгенде, олар мақсатқа жету тәсілін таңдауда да азды-көпті ерікті. Демек еркіндік абсолютті емес, салыстырмалы және белгілі әрекеттің жоспарын таңдау жолымен жүзеге асады. Ол көп болған сайын, адамдар өздерінің нақты мүмкіндіктерін дұрыс түсінеді, алға қойған мақсатқа жетуге арналған тәсілдер олардың қарамағында көбірек болады, олардың қызығушылықтары қоғамдық процестердің объективті тенденцияларымен, қоғамдық таптардың, көптеген адамдардың ұмтылыстарымен сай келеді. /2/
Осы жерден еркіндік «танылған қажеттілік» ретінде марксистік түсінік шығады, осыған сәйкес тұлғаның, ұжымның, топтың, қоғамның еркіндігі негізінен объективті заңдардан «қиялдағы тәуелсіздікке емес», таңдау қабілетінде, «істі білу арқылы шешім қабылдауға» негізделген.
Еркіндік зорлық-зомбылыққа тең емес. Адам өз ойы мен әрекетінде тек олар ештеңемен себепті қамтамасыз етілмегені үшін ғана еркін емес. Өздерінің мақсаттары мен ниеттерінің шығуынан бөлек адамдар еркіндігі бар, олар өздерінің қызығушылықтарына объективті лайық болатын таңдау мүмкіндігін сақтайды. Абстрактылы еркіндік жоқ. Еркіндік әрқашан нақты және салыстырмалы. Объективті шарттар мен нақты жағдайларға байланысты адамдардың еркіндігі болуы мүмкін немесе одан айырылған болуы мүмкін; оларда әрекеттің бір түрінде еркіндігі болып, басқа әрекетте одан айырылған болуы мүмкін.
Еркін саналы әрекет, К.Маркстің пікірінше, адамды жануарлар арасынан ерекшелендіретін тектік белгісін құрайды, ал әрбір берілген дәуірде адамдар иеленетін еркіндік тарихи дамудың қажетті азығы болып табылады. /2/
Еркіндіктен қашу — адамды еркіндіктен және өз өзінен өз еркімен бас тартуына итермелейтін адам психикасының динамикалық факторларының әрекетінің механизмдерін және себептерін түсіндіретін Фроммның гуманистік психоанализінің концепциясы және түсінігі. Фроммның аттас,осы еңбегінде жете зерттелген. Берілген анализ Фроммның адам табиғатын және мәніні түсінудің дәстүрлі емес фактін зерттеуімен негізделген. Фрейдке қарама-қарсы, Фромм физиологиялық қамтамасыз етілген қажеттіліктен басқа (мысалы, «өзін-өзі сақтау кажеттілігі») адамға рухани тәртіп қажеттіліктері, қоршаған ортамен байланыс құру және жалғыздықтан құтылу кажеттіліктері тән екендігін айтады. Бұл қажеттіліктер тірі қалу мақсатында басқа адамдармен қарым-қатынастың қажеттілігінен және өзін-өзі танудың болуы — өзін басқа адамдардан және табиғаттан жеке, дербес ретінде сезінуден шыққан. Берілген қажеттіліктерді іске асыру, Фроммның ойынша, қарапайым физикалық байланысты құрумен түйіспейді, ол адамның өзін қандай да бір идеяға, құндылыққа, оның өміріне мән беріп оны бағыттайтын әлеуметтік стандарттарға жатқызуын түсіндіреді. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтау қажеттілігін қанағаттандыру — адамның жүріс-тұрысының алғашқы себебі — Фромм бойынша, әлеуметтік ортада болады. Сонымен бірге, жеке адам берілген қоғамға тән өндіріс жүйесінде негізделетін тұрмыс қалпын қабылдауға мәжбүр болып қалады. Сөйтіп, адамның мінезі, Фромм бойынша, туа біткен, биологиялық тоқтатылған сезімнің сомасы да, әлеуметтік жағдайлар қалпының жайсыз көшірмесі де емес; «бұл белгілі туа біткен механизмдер мен заңдардың жинақталуындағы тарихи дамудың азығы». Фромм адамның өмір сүруі мен еркіндіктің негативті «еркіндіктен» мағынасында — әрекеттің сезікті төмендеуімен еркін болудан о бастан ажыратылмайды. Адам түрінің биологиялық жетілмегендігі, Фроммның көзқарасы бойынша, өркениеттің пайда болуының негізі болды. Адам тарихы — антогенезде сияқты, филогенезде де— автормен жекешелену мен азат болудың өсу процесі ретінде қарастырылады. Сөйтіп, бір жағынан, адамның дамуы, табиғатты меңгеру, ақылдылық маңызының өсуі, адамның ынтымақтастығын нығайту пайда болады. Екінші жағынан, жеке адамның жекелену және өзінің жекелігін түсінуі жалғыздық сезіміне, дәрменсіздікке, мүсәпірлікке алып келеді.
Жекеленген адамның әлеммен байланысының жалғыз
үйлесімді жолы, Фроммның ойынша, басқа адамдармен белсенді
ынтымақтастық, оны әлеммен еркін және тәуелсіз жеке адам
ретінде біріктіретін спонтандық әрекет болып табылады. Бірақ
та, егер экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар
тұлғаның мұндай позитивті жүзеге асуына мүмкіндік туғызбаса,
онда еркіндік, Фромм бойынша шыдауға болмайтын
ауыртпалыққа, күдіктенудің негізіне айналады, өмірдің мақсаты
мен мәнінен айырады. Нәтижесінде еркіндіктен және өзіндік
жекеленуінен бас тарту арқылы сенімсіздік пен жекелену сезімін
жеңу үшін ұмтылыс пайда болады. Қазіргі қоғамдағы адамның
жағдайын Фромм негативті еркіндік пен позитивті еркіндік
арасындағы қарама-қарсылықтың одан ары шиеленісуімен
сипаттайды. Капитализм белсенді, сыншыл, жауапты тұлғаның
дамуын ынталандырады, бірақ сонымен бірге, өнеркәсіптік
жүйенің қуаты және адамдық өзара қарым-қатынастың белгісіз
түрі жекелену және дәрменсіздік сезімін күшейтеді.
«Еркіндіктің» ауырпалығын «еркіндіктен қашу» ұмтылысы тудырады, яғни еркіндіктен құтылу арқылы пайда болады. /3/
Әлеуметтік психологияның теоретикалық ашылуының
тиімділігі туралы сұрақты қоя отырып, Фромм оған бір
мағыналы және дәлелді жауап беру қиын екенін мойындайды.
Психологияның теориясы негізіндегі автордың торығуы оның
индивидуалды және әлеуметтік реалияларды түсінудің
маңыздылығына сенімділігінен шыққан. Фромм бойынша,
адамның миы жиырмасыншы ғасырмен өмір сүреді, ал көптеген
адамдардың жүрегі — тас дәуірінде. Бұл жередегі адамдардың
жеткіліксіз жетілу тәуелсіз, ақылды және объективті болуында;
адамның өз күшіне берілгендігін және өз өмірін өзі мәнді ету
керектігін орындауға қабілетсіздігі; иррационалды
құмарлықтарын басу — күйзеліске, өшпенділікке, кек алуға және қызғанышқа әуестену, осының орнына билік алдында, ақша, суверенді мемлекет, ұлт алдында бас ию бақыланады;
адамзаттың рухани көсемдер ілімінің пұтқа табынушылық пен ескі нанымға айналуы.
Кітаптың бірінші тарауында Э.Фромм еркіндік психологиялық мәселе болып табылады ма, деген сұрақты қояды. Фашистік ережелерді қарастыра отырып және Германиядағы миллиондаған адамдардың өз еркіндіктері үшін күресіп сондай албырттықпен одан бас тартқандығы» фактін ескере отырып, Фромм мынандай нәтиже шығарады: «егер еркіндікке антифашизм үшін шабуыл жасаса, Фашизмнің өзінің шабуылына қарағанда қауіп азаяды», Фашизмнің негізінде итальяндық және германдық түрдегі диктатураны түсінеді. Фашизммен нәтижелі күрес үшін оның мәнін түсінуі керек, түсінусіз күрес тең емес әрі пайдасыз. Ойды дамыта отырып, Фромм билікке фашизмнің келу сәтінде адамдар бұған — практикалық та, теоретикалық та дайын емес еді, деген фактіні айтады. «Он тоғызыншы ғасырдың игілікті оптимизімін мазалауға батылы барғандардан» автор Ницше, Маркс және Фрейдті атайды. Фрейдті Фромм оның тұрғызған теориясының шектілігі үшін, әлеуметтік проблеманы шешуге Фрейдтік психоанализдің өнімсіздігін сынға алады. Фрейдтің басқа да адасуына Фромм адам табиғатының антиәлеуметтілігін, қоғамға адамның статикалық қатынасын, адамның өзара қатынасы мен шектер арасындағы алаңның тығыз байланысын өткізуін жатқызады.
Дегенмен де, Фромм өз анализінің негізіне Фрейдтің негізгі ашуларын — адам мінезіндегі бейсаналы күш ролін және бұл күштердің сыртқы ықпалға тәуелділігін, оның анализі индивидтің сыртқы әлеммен байланысы және адам мен қоғам арасындағы байланыстың динамикалығы туралы болжамға негізделген.
Бұдан ары Фромм адаптация ұғымын ендіреді. Статикалық адаптация жаңа әдеттің шығуы болса, адам мінезі өзгермейтін болып қалады. Динамикалық адаптацияны Фромм қатаң әкеге бағынушы бала мысалымен түсіндіреді. Әкеге қатысты өсетін, басылып қалған жаулық мінездің динамикалық факторы болып табылады.
Ол баланың әке алдындағы қорқынышын күшейтуі;
бұнымен одан да үлкен бағынуға әкеледі. Фромм неврозды
индивид үшін иррационалды болып табылатын жағдайларға
динамикалық адаптация мысалы ретінде анықтайды. Дегенмен,
жалпы айтқанда дұрыс емес: «…Жалпы қоғамдық топтарда
көрінетін әлеуметтік-психологиялық құбылыстар,
невротикалықпен салыстырмалылар, мысалы ашық көрінетін бұзылушы немесе садистік импульстер, барлығы үлкен адамдар
үшін зиянды және иррационалды әлеуметтік жағдайға динамикалық адаптацияны мысал ретінде келтіреді. Неге мұндай құбылыстарды невротикалық деп санауға болмайтынын кейінірек айтамыз».
Ары қарай Фромм адамдарды өмірдің кез-келген өмір
шартына бейімделуге және осы бейімділіктің шегіне не
мәжбүрлейтіні туралы мәселені қояды. Оған жауап бере тұрып,
ол иеленілген қажеттіліктер мен физиологиялық
кажеттіліктерді айнықтайды. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін
адам еңбектенуі керек, оның жұмыс шарты ол туылған
коғаммен анықталады. Өмір сүру қажеттілігі мен әлеуметтік
жүйе — екі фактор да — жеке индивидпен өзгере алмайды, олар
үлкен мәнерлілігі бар оның сипатының дамуын анықтайды.
Физиологиялық қажеттіліктерден басқа, физикалық
байланыспен байланыспаған қанағаттанбауы психикалық бұзылуға әкелетін, қоршаған әлеммен байланыс қажеттілігі бар.
Фромм бойынша, қоғамға қатыстылықтың тағы бір себебі бар: субъективті өзіндік тану. Ойлау қабілеті адамға өзін өзінің жекелігін сезіне отырып, индивидуалды тіршілік иесі ретінде тануға мүмкіндік береді, адам қоршаған әлеммен салыстырғанда өзінің мәнсіздігін сезінбеуі мүмкін емес. Егер адам оның өміріне бағыттайтын және оған мән беретін өзін әлдебір жүйеге жатқыза алмаса, онда оны күдік қоршап алады, әрекеттенуге қабілетін тоқтатып, яғни өмір сүруге ынтасы тоқтайды. Фроммның әлеуметтік психологиясының негізгі жағдайлары, а) тума заңдар синтезімен бірге тарихи эволюция өнімі; б) адамда физиологиялық қажеттіліктер бар, моральды жалғыздықтан қашу оған тән; в) динамикалық адаптация процесінде индивидтің сезімі мен әрекетін мотивацияландыратын стимул дамиды; г) бұл жаңа қажеттілікті жүзеге асыру қоғамдық даму процесіне әсер етуші күш……