Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….. 7

1 Еркін күресшінің дене- күш қабілетін арттыруға қойылатын талаптар………………………………………………………………………………………………………9
1.1 Еркін күресшінің жаттығу жүктемелеріне бейімделіп-қалыптасуының қажығуды болдырмау негіздері…………………………………………………………………… 9
1.2 Бейімделу және қалыптасу, еркін күресшіні дайындауға қойылатын жаттығулар…………………………………………………………………………………………………. 17
1.3 Еркін күресішінің арнайы шыдамдылығын жаттықтырудың
әдіснамалары………………………………………………………………………………………………. 21
1.4 Арнайы дене күшін арттыру жолдарына сипаттама………………………………… 30

2 Еркін күресшінің жылдамдық қабілеті және оны арттыру жолдары……………………………………………………………………………………………………. 36
2.1 Еркін күресшілерге арналған арнайы дайындық жаттығулары………………..36
2.2 Спортшының иілгіштік қасиетін қалыптастыру мен қажеттілігі…………….. 41
2.3 Еркін күресшінің ептілік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар……….. 47

Қорытынды……………………………………………………………………………………………….. 65
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………………66
Бүгінгі күн жағдайынды қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты жәнеде дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Қазiргi кезеңдегi студент күресшілердің дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондай-ақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен волейбол жатады.
Күресші студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi қабылдап алу мен беру, тиiмдi орындау болып саналады.
Қазiргi заманғы қазақстандық және шетелдiк спорттық ғылым күресшілердің сол немесе басқа тәсiлдердi тиiмдi орындаудың жекелеген жақтарына қатысты мәлiметтердiң жеткiлiктi санын жинақтады (волейбол, футбол, хоккей, баскетбол т.б.) /6, 44, 4, 10, 13/. Соған қарамастан, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердегi тиiмдiлiк пен әдiстердi жетiлдiру түсiнiгiне кiретiн зерттеулердiң құрылымдық компоненттерi жеткiлiктi орындалмаған. Студент спортшының әрекет етуi тиiмдiлiгiнiң түсiнiгi өзара байланыстың күрделi құрылымы мен әртүрлi жоспарлы көрсеткiштердiң жиынтығын өзiне қосатын жалпылама сипаттаманы бiлдiредi.
Студенттiк командалардың табысты ойнауы үшiн қажеттi басты мiндеттердiң бiрi жоғары маманданған спортшылар дайындау болып табылады, олар техникалық тәсiлдiк арсеналдың кең көлемiмен қарқынды және жалғасатын салмақты көтере алатын қабiлеттi игеруi тиiс. Осыған байланысты жұмысқа қабiлеттiк деңгейi мен оның құрылымын көрсетудiң қажеттiлiгiн шешу үшiн күресші спортшының жұмыс қабiлетiнiң деңгейiн көтеру проблемасы өзектi болып табылады. Ал студент спортшылардың жұмыс қабiлетiне бiршама көп мөлшерде әсер ететiн басты факторларды анықтау проблемасы аса маңызды болып саналады. Дене және функционалдық мүмкiндiктер күресші спортшының бұл мүмкiндiктерге алдын-ала дайындалудың бастапқы кезеңiнде ерекше мән берiледi. Күресшілердің жұмыс қабiлетiн жалпы деңгейiн көтеру мақсатында ғана қолданылатын әдiстемелердiң бiрнеше түрлерi бар.
Алайда функционалдық және дене мүмкiндiктерiнiң жоғары деңгейi ойын тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгi күресшілердің қозғалмалы тiрек қимыл аппаратына тiкелей әсер ететiн құралдарды қолдана отырып одан әрi жақсартатын негiздi бiлдiредi.
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Демек, проблемены шешу жолдарының бірі спорт ойындарын қолодану арқылы оқушылардың бойында дене қасиеттерін тәрбителеу болып табылады.
Зерттеу нысанасы: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процессті жандандыру.
Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұнын айқындау.
Зерттеу мақсаты: 12-17 жас оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығымен теориялық мәні:
— Спорт мектептерінде оқитын балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін, қажеттілігін тәрбиелеу;
— «дене қасиеттері» «жылдамдыққа төзімді болу» ұғымдарына мәндік сипаттама берілді;
— жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
— оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды;
Зерттеу жұмыстарының практикалық мәні:
• Оқушылардың жас-ерекшелігін ескере отырып дене қасиеттері тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
• Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процесс жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде ұлттық және спорттық ойындарын тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
• Зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындарында дене мәдениет профиліндегі коледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен еркін күрес залдарында іс-әрекетінде қолдануға болады.
Қорғауға мына қағидалар ұсынылды:
• дене қасиеті – тұлғаның мәдениеттілігіне бағытталуын анықтайтын және жас еректшеліктерін есепке алуға негізделген белсенді спорттық іс әрекетте тәрбиеленетін интегративтік қасиет;
• Жаттықтырушы мен жас спортшының өзара байланысты іс-әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамсын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі;
• Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процестерініде оушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық және ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттары.

1 Еркін күресшінің дене- күш қабілетін арттыруға қойылатын талаптар

1.1 Еркін күресшінің жаттығу жүктемелеріне бейімделіп-қалыптасуының қажығуды болдырмау негіздері

Спорттық күрес түрлерінде жан- жақты дайындығы бар адам ғана үлкен жетістіктерге жете алады. Жан- жақты дайындыққа адамның күші, жылдамдылығы, ептілігі, денесінің иілгіштік қабілеті, төзімділік (шыдамдылығы) және әдіс- айланы меңгеоу шеберлігі жатады. Шыдамдылық қабілет адамның мінез- құлқымен тікелей байланысты, сондықтан жаттығу кезеңдерінде бұл қабілетті арттыруға көңіл бөліп отыру аса қажет.
Спортшының дене- күш қабілеттерін дамыту- жаттығу түрінің ерекшеліктеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық деп екіге бөлінеді. Жалпы дене – күш дайндығы дегеніиіз, адамның күш, ептілік, жылдамдық иілгіштік, төзімділіе- шыдамдық қабілеттерін жалпы жаттықтыру болып табылады. Жалпы дайындық кезінде жоғарыда көрсетілген қабілеттерімен біргн адам ағзасының (жүрек, өкпе т.б) мүшелерінің жұмсын жақсартуға бағытталады.
Арнайы дене- күш дайындығы кезінде балуанның таңдап алған спорт түрінің ерекшелігіне негізделген арнай жаттығулар беріледі. Арнайы жаттығулар балуанның күресу шеберлігін арттырып, жарыстарда аз күш жұмсау арқылы өз мүмкіндігін төлық көрсетіп, нәтижелі көрсеткішке жетуіне жол ашады. Берілетін жалпы және арнайы жаттығулардың көлемі, түрі спортшының жаттығу жоспарының негізінде өзгеріп отырады. Спортшының алғашқы күреспен шұғылдану жылдарында жалпы дене- күш дайындығына басым көңіл бөлінеді.
Жаттықтырушы- ұстаз алға қойған мақсаттардың ерекшеліктерін ескере отырып балуан дайындығының осы екі түріне өз тарапынан өзгерістерді дер кезінде енгізіп отыруы, нәтижелі жұмыстың болуына кепілдік береді.
Жалпы дене дайындығы кезінде белгілі бір дене- күш қабілетінарттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижелі көрсеткіштерге жегуге болады. Ұстаз осы жаттығуларды оқу- жаттығу сабақтарының белгілі бір кезеңдерінде қолдана білу қажет. Мысалы, күшті арттыру жаттығуларын сабақтың кіріспе бөлімінде орындауға болмайды,т. с.с. Арнайы жаттығуларға негізінен балуандардың күресі (белдесу) түрлеріне жақын іс- қимылдар алынады.
Саптық жаттығулар оқу- жаттығу сабақтарын жақсы ұйымдастыру үшін пайдаланылады және сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылады. Жалпы және арнайы дене- күш дайындығын жүргілген кезде оны орындуышы адамның жасына, жынысына қарай өзгертіп отырады. Әр адамның өзінің туа біткен ерекшеліктері ескеріледі.
Қазіргі кездегі спорттық жарыстардың адам организміне және жүйке жүйесіне түсіретін өте жоғары әсерін ескере келіп, спортшыны жатықтыру кезінде қоршаған ортаның және жарыс барысында болатын экстремалды жағдайларлардың бәріне төтеп бере алатындай жүктемеберу арқылы спортшының ағзасын қалыптастырып, жарысқа дайындау қажеті туындап отыр.
Адамдардың қандай да болмасын еңбек түрін аслақ та, дәл спорттық жарыс кезіндегідей адам ағзасының еш шегіне дейін жұмыс істеу дәрежесіне көрсетіліп қызмет ету байқалмайды.Сондықтан спорт саласында спортшылырдвң үлкен жүктеме кезінде жұмыс істей білу және оған қалыптасуы туралы қажетті еңбектер жинақталады.
Жалпы қалыптасу деген ұғымға барлық тіршілік түрлерінің күн көрісі үшін сыртқы қоршаған ортаға сәйкестеніп, бейімднліп қалыптасуын айтады. Қалыптасудың геноптиктік, яғни тұқымдық (түрлік) және фенотиптік екі түрі болады.
Геноптиктік қалыптасуға сол тіршілік иесінің ұзақ уақыт бойына қоршаған ортаға бейімделіп, өсіп- өніп көбеюін айтады.
Геноптиктік қалыптасу көбіне тіршілік иесінің бір түріне немесе бір- біріне өте жақын семьясына байланысты айтылады.
Феноптиктік қалыптасуға сол тіршілік иелерінің әрбіреуінің жеке-жеке өмір сүру кезеңіндегі қоршаған ортаға бейімделіп қалыптасуын айтады. Соңғы ондаған жылдан бастап осы финоптик қалыптасуға байланысты адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуге арналған үлкен-үлкен ғылыми ізденістер жүргізілуде. Қазіргі техникалық дамудың өте жылдам өсуіне байланысты адамның күнделікті сол өзгерістерді бейімделіп- қалыптасуын зерттеу үшін социологтер, психологтер, инженерлер, педагогтер, т.б. сала қызметкерлері ізденістерін біріктіруде.
Адам ағзасының үлкен және өте жоғары қарқында жұмыс істей алу қызметін арттыру мақсатында спорттық теория мен әдістемелер, физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық, зерттеулер өткізілуде.
Бейімделу және қалыптасуды орындалған жүктеме мен оның нәтижесі ретінде қарастыру қажет.Оның басты мақсаттары:
а. Қалыптасуды адам ағзасының сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуі үшін қарастырады.
ә. Қалыптасуды адам ағзасының сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін қарастырады.
б. Қалыптасуды адам ағзасының бейімделу мерзімі үшін қарастырады.

Спортшының жаттығу жүктемелеріне бейімделіп — калыптасуының жалпы теориялық негіздері
Қазіргі кездегі спорттық жарыстардың адам организміне және жүйке жүйесіне түсіретін өте жоғары эсерін ескере келіп, спортшыны жатгықтыру кезінде қоршаған ортаның және жарыс барысындағы болатын экстремалды жагдайлардың бәріне төтеп бере алатындай жүктеме беру арқылы спортшының ағзасын қалыптастырып, жарысқа дайындау кажеті туындап отыр.
Адамдардың қандай да болмасын еңбек түрін алсақ та, дэл спортхық жарыс кезіндегідей адам ағзасының ең шегіне дейін жүмыс істеу дәрежесіне көтеріліп қызмет етуі байқалмайды. Сондықтан спорт саласында спортшылардьщ үлкен жүктеме кезінде жүмыс істей білу және оған қалыптасуы туралы қажетті еңбектер жинақталған.
Жалпы қалыптасу деген үғымға барлық тіршілік түрлерінің күн керісі үшін сыртқы қоршаған ортаға сэйкестеніп, бейімделіп қалыптасуын айтады.
Қалыптасудың генотиптік, яғни түқымдық (түрлік) және фенотиптік екі түрі болады.
Генотиптік қалыптасуга сол тіршілік иесінің ұзақ уақыт бойына қоршаған ортаға бейімделіп, өсіп-өніп кебеюін айтады. Генотиптік қалыптасу көбіне тіршілік иесінің бір түріне немесе бір-біріне өте жақын семьясына байланысты айтылады.
Фенотиптік қалыптасуга сол тіршілік иелерінің әрбіреуінің жеке-жеке өмір сүру кезеңіндегі қоршаған ортаға бейімделіп қалыптасуын айтады.
Соңғы ондаған жылдан бастап осы фенотиптік қалыптасуға байланысты адамдардың өмірі мен қызметін зерттеуте арналған үлкен-үлкен ғылыми ізденістер жүргізілуде.
Қазіргі техникалық дамудың өте жылдам өсуіне байланысты адамның күнделікті сол өзгерістерге бейімделіп-қалыптасуын зерттеу үшін социологтер, психологтер, июкенерлер, педагогтер т.б. сала қызметкерлері ізденістерін біріктіруде.
Адам ағзасының үлкен және өте жоғары қарқында жүмыс істей алу қызметін арттыру мақсатында спорттық теория мен әдістемелер, физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық зерттеулер өткізілуде.
Бейімделу және қалыптасуды орындалған жүктеме мен оның нэтижесі ретінде қарастыру қажет. Оның басты мақсаттары:
а. Қалыптасуды адам ағзасының сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуі үшін қарастырады.
ә. Қалыптасуды адам ағзасы мен сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін қарастырады. б. Қалыптасуды адам ағзасының бейімделу мерзімі үшін қарастырады.
Бейімделу және калыптасу спортшы дайындау кезеңінде
Спорттық жаттықтыру адам ағзасының сол жүктемеге бейімделу-қалыптасу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін көрсетті.Қаңдай да болмасын өте ауыр және экстремалды жүмыс аткаруды қажет ететін қызмет түрлері адам организмін бейімделу қалыптастыру мүмкіндігі жағынан спорттық жүктеме арқылы жаттьіқтыруға жетпейтіндігі анықталды. Оның себебі спортшының күн сайынғы көптеген сағаттар бойына үлкен жүктемелер арқылы жаттығуы және оған климаттың эсері, сонымен қатар жарыс үстінде спортшының экстремалдық жағдайларда жиі болуы ыкпал етеді.
Спорттық жаттығу кезінде спортшы әртүрлі қозғалыс түрлерін орындауымен қатар. оның жылдамдығын, көлемін, орындау түрін өзгертеді, әртүрлі әдіс-айланы, тәсілдерді пайдаланады сонымен қатар психолопіялық әсерлер қоса жүреді.
Өткізілетін жарыстың деңгейі неғүрлым жоғары болған сайын спортшы ағзасына түсетін жүктеме және психологиялық әсер көп болады, осыған байланысты бейімделу деңгейіне де жоғары талаптар қойылады.
Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар әртүрлі болып келеді (доп, штанга, семсер, бокс қолғабы т.б.), ал спорттық күрес кезінде екі адам бір-бірімен жекпе-жек жағдайында болғандықтан, бейімделу — қалыптасу жағдайына басқаша талаптар қойылады.
Спортшының түскен күшке, атқарған жүктемеге қалыптасып-бейімделуі машықтану кезендеріне байланысты эртүрлі болып келеді. Көпжылдық жаттығу жоспары кезеңінде алдағы өткен мерзімде болған бейімделу жағдайын бүзьш, одан да жоғары талаптарға бейімделу қажеттігі туады. Осылай эр кезеңге қойылатын талаптардың өзгеріп және артып отыратындығына байланысты, адам ағзасында ерекше бейімделу процестері пайда болып отырады.
Әр спортшының спорттық жолының 5-6 жылдан 20-25 жылға дейін және одан да көп болуына эр кезендегі бейімделу-қалыптасу кезендері бір-бірінен жоғары больт отырғанда ғана жететіні белгілі болды.
Спортшының үлкен жүктемелерді жеңуге бейімделу мүмкіндігін ең жоғары деңгейде үстап түру мерзімінің ұзақтығы, әр спорттың түріне және эр спортшының феногенетикалық ерекшелігіне және атқарылған жаттыгу жүмысының адам ағзасына эсеріне байланысты.
Осы жағдайда адам ағзасына берілетін жаттығу жүктемесінің мелшері оны орындату әдістемесіне байланысты және оған адамның бейімделуі сол деңгейде үстап түру мүмкіндігі тікелей әсер етеді. Осы кезеңде адам ағзасының дене-күш қуатының сарқылып шаршамауын, зорықпауын қадағалау қажет.
Жаттығудың эр кезеңдерінде адамның дене-күш қабілетінің бір түрінің азаюы екінші бір түрінің артуы сияқты қүбылыстарды дөп басып байқап отыру, спорттық жарыстарда нәтижелі жетістіктерді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Спорттық күресте кілем үстіндегі жагдай өте тез өзгеріп отыратын болғандықтан үзак. уақыт сақталатын бейімделу процессімен қатар, аяқ асты өзгерген жағдайға қажетті тез бейімделу процесі пайда болады.
Қазіргі жоғары спорт жетістіктерінің талабы спортқа дарынды балаларды аядын ала анықтау, сол арқылы болашақта үлкен спорттық көрсеткішке жету жолын іздестіру болып табылады.
Шеберліктері өте жоғары және үлкен спорттық жетістіктерге жеткен спортшылардьщ туа біткен қабілеттері басқа спортшыларға қарағанда ерекше және олардың жаттығу, жарыстық кезеңдерге бейімделу мүмкіндіктерінің жоғары екендігі белгілі болды.
Бұлшық ет жұмысы кезіндегі бейімделу жағдайы
«Бейімделу» үғымы «стресс» ұғымымен жақын, себебі ол адам ш оасына бірден үлкен жүктеме түсу салдарынан, барлық сезім мүшелерінің үлкен қозу жағдайында болуына әкеледі. Осындай күйге түскен кезде адам ағзасында гипофиз жүмысыньщ артуы байқалып, аденокортикотропты гормонның бөлінуі көбейеді. Сондықтан ол адам ағзасының үлкен қозу жағдайларына бейімделу процесстерін реттейді.
Қатты тону немесе ыстықтау өз мүмкіндігінен көп мелшерде жұмыс атқару, қан жасаушы және иммунитетті сақтаушы тимустың жүмысын элсіретеді, эндокринді бездердің жүмысын көбейтіп, «стресс — синдром» тудырады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!