Дипломдық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастар
Мазмұны
Кіріспе
І Бөлім Лизингтің теориялық негізі
1.1 Лизингтің мәні, түрлері және оның классификациясы
1.2 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері
1.3 Лизинг – халықаралық тәжірибеде
ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму кезеңдері
2.2 Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
2.3 АҚ «АТФ – лизингтің» операцияларына талдау
ІІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды дамыту жолдары
3.1 Лизинг бизнесінің даму перспективалары
3.2 Лизингтік операцияларды сақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарыктық катынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңіндс өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне айналады.
Қазакстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибиесін лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы колдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.
I Бөлім. Лизингтің теориялық негізі.
1.1. Лизингтің мәні, түрлері және оның классификациясы.
Лизингтің пайда болуы
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.
«Лизинг» сөзі «lеаsе» деген ағылшын сөзінен шыққан, «жалға беру» деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып бізге мынадай сұрақ туындайды: «Лизинг» сөзі қалай пайда болды, оның жалға беруден айырмашылығы неде?
Айта кетер болсақ «жалға беру» сөзі ол мүлікті белгілі бір уақытқа, арнайы төлем талап ете отырып басқа біреуге қолдануға беру. «Жалға беру» шартында, жалға беруші өзінің жеке меншік-мүлкін өзіне керек емес уақытта пайда көру үшін басқа біреуге береді. Бұл шартта екі жақтың болатыны айдан — анық. Ол жалға беруші мен жалға алушы.
Лизинг — бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықгарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
— Лизинг беруші — лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.
— Лизинг алушы — лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
— Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) — лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
— Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) — лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
— Сақтандыру компаниясы — лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
90-шы жылдардың бірінші жартысында, нарықтық өзгерістер нәтижесінде, бұрын біздің экономикамызда болмаған қаржы құралдары, банктер, несие орталықтарында және жай ғана мекемелерде қолданыла бастады.
Осы сияқты шарттардың бірі, Батыста кеңінен қолданған, жаңа инвестицияның қайнар көзі болып табылатын «қаржылық жалға беру» немесе «қаржылық лизинг», басқаша айтсақ жай ғана лизинг.
Осылайша лизинг терминін қолдану жалға берудің жаңа түрін енгізуге үлкен әсерін тигізді.
Қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті шығарушы мен оны қолданушының арасында қаржы жұмысы бойынша делдал (посредник) жүреді. Оның атқаратын қызметі: шартты қаржыландыру.
Қаржылық лизиг — жеке меншік мүліктік белгілі бір төлемақыға басқа біреуге уақытша пайдалануға берудің нәтижесінде шыққан мүліктік және экономикалық қатынас. Ал классикалық лизинг бойынша үш тұлганың шартқа қатысты байқалады: лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушы.
Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг мекемесінде шарт жасауға ұсыныс жасайды.
Бұл келісімшарт бойынша лизинг алушы өзіне алатын мүлікті жақсы білетін сатушыны таңдайды, ал лизинг беруші меншігіндегі мүлікті лизинг алушыға лизинг төлем шарты бойынша уақытша қолдануға береді. Келісімшарт аяқталғаннан кейін — шарт бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе лизинг алушының жеке меншігінде қалады.
Егер сатушы немесе лизинг беруші, немесе сатушы не лизинг алушы бір адам болса, онда шартқа катысушылар саны екіге қысқарады.
Егер лизинг мүлігі өте қымбат болса шартқа катысушылар саны да көбейеді. Ол лизинг берушінің қаржы мөлшеріне байланысты.
Мүліктік қатынас жағынан қараганда лизинг шарты екі сатыдан тұрады.
1. Сату-сатьш алу құқығы.
2. Мүлікті уақытша пайдалану күкығы.
Бұл кұқықтар өртүрлі келісім шарт арқылы жасалады.
Егер лизинг келісімшартында мүлікті келісімшарт біткеннен кейін сатылады деп алдын-ала көрсетсе, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы сату-сатып алу қатынасына ауысады да, лизинг беруші мен пайдаланушы арасыңда тек мүлік болады.
Айта кетерлік бір жайт лизинг процесі кезіндегі барлық элементтер бір-бірімен тығыз байланысты.
Мүлікті уақытша қолдану катынасы (яғни лизинг келісімшарты) сату-сатып алу туралы келісім шарттарға өз күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді» яғни бір келісім шартты жасау, екінші үлкен істі атқаруға бастама болады, ал лизинг процесіне қатысушылар тығыз байланыста бола отырып, әртүрлі сатыда өзара қызмет атқарады. Бірінші сатыда, құрал-жабдықты жөндеуші және болашақ лизинг беруші сату-сатып алу келісім шартын жасай отырып сатушы және сатып алушы ретінде таныла алады. Осыдан мүлікті пайдаланушы, сату-сатып алу келісімшартында заңды түрде қатыспаса да, лизинг шартының белсенді тұлғасы болып қала береді. Сату және сатып алу келісімшартының техникалық сұрақтарын (мәселен, мүлікті қабылдап алу тәртібі) дайындаушы мен лизинг алушының арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты каржыландыру міндеті артылады.
Ал екінші сатыда мүлікті сатып алушы, сол мүлікті лизинг беруші ретінде уакытша колдануға береді. Бірақ екінші келісімшарт бойынша қарым-қатынастар мүлікті қолданушы мен лизинг берушінің арасында болмайды. Мүлікті сатушы лизинг берушімен келісімшартқа тұрғанымен, құрал-жабдықтың сапасына қатысты жауапкершілігі пайдаланушының алдында қала береді.
Лизинг қатынасындағы үлкен де маңызды рөлді мына бір құбылыс атқарады: Ол мүлікті уакытша қолдануға беру катынасы. Ал мүлікті сату және сатып алу қатынасы екінші орында. Сондықтан да жұмыс барысында лизинг келісімшартындағы шарттардың барлығының орындалуына көбірек көңіл бөлген жөн.
Экономикалық жағынан лизинг несие және инвестициямен ұқсас болып келеді. Осылайша несиелік қарым-қатынастары үш үлкен принципке тоқталады.
1. Несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі.
2. Белгіленген мерзімнің қайтарылуы (возвратность)
3. Көрсетілген қызмет үшін белгілі бір төлем алынады.
Лизинг бойынша мүлік иесі, затын уақытша басқа біреуге қолдануға береді де, белгіленген уақытта оны қайтадан алады, ал жасаған қызметі үшін төлемақы алады. Сырт көзге несие қатынасының элементі сияқты. Бірақ, қатысушылар ақшамен емес, мүлікпен жұмыс істейді, Осыған байланысты ол тауар нссиесіне, ал формасы жағынан инвестициялык, қаржыландыруға ұқсайды. Лизинг шарты толық мәнді орындалуы үшін лизинг берушінің өзінің жеке қаржысы болуы керек немесе ол «арзан» ақшаға қолы жете алуы керек. «Арзан» ақшаға қол жеткізу дегеніміз — банк, несие орталықтары, қаржы құрамының көмегімен жасалған лизинг компаниялары.
Лизингтің бүкіл әлем таныған, ең белгілі түрі қаржы лизингі және операциялық лизинг. Операциялық лизингті баскаша оперативті лизинг деп атайды. Лизингтің осындай түрлерге бөлінуі көбінесе мүлікті қолдану уакыты және тәуекелге бел буумен лизингке берілген мүліктің байкаусызда бүлінуімен байланысты.
Оперативті лизингте келісімшарт мерзімі мүліктің пайдалану мерзімімен қысқа болады және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын жабады. Сондықтан да лизинг беруші мүлікті уақытша колдануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және де оның мүлкіне сұраныс жоқ болса, мүлік құнын жоғалтады. Осындай шарттарға байланысты оперативті лизингтің құны қаржы лизингінен анағұрлым жоғары болады.
Қаржы лизингіне жалға беру мерзімінің ұзақ болуы мүлік құнының (көп немесе барлығының амортизациясы) үлкен болуы тән. Лизинг шарты уақытында лизинг беруші лизинг төлемдерінің арасында өзіне мүліктің толық құнын қайтара алады және лизинг шартынан өзіне пайда көреді.
Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды, транспорт түрлерін, кұрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға алу деп түсінеді. Бірақ «лизинг» түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.
Лизингтің арендасы едәуір үлкен айырмашылығы бар. Жалға алушыға қарағанда лизинг алушы объектіні тек ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмайды. Оның мойнына жеке меншік құқыұымен байланысты сатып алушының дәстүрлі міндеттері ілінеді, олар: мүлік ақысы, кездейсоқ жағдайда мүлік жоғалса орнына келтіру, оны сақтандыру және техникалық жабдықтау, сонымен бірге жөндеу. Алайда лизингті беруші мүлікке жеке меншілік етеді.
Лшннгті келісім объектісінің өлімі мен қолдана алмасушылығы қарызды өтеу міндетінен бастайды. Лизингті алушының жалға алушыдан айырмашылығы — лизингті алушы лизингті берушіге объектіні қолданған құқығы үшін әр ай сайын ақша төлейді, оның толық бағасын төлейді. Лизингтік келісімде объектінің кейбір ақаулықтары болып калса, лизингті беруші барлық кепілдік міндеттерінен басталады деп есептелінеді, ал лизингті алушы барлық талабын тікелей жеткізіп берушіге қояды.
Лизингті беруші объектіні лизингті алушылардың сұрауымен орындайтындықтан , мұндай тәсіл дәлелденген. Сонымен қатар, міндеттерді осылайша бөлу объектіні күтудің кепілі болып табылады.
Сол сияқты мынаны да есепке алу қажет, егер жалға беру жалға алушы мен жалға берушінің арасындағы екі жақты келісім болса, ал лизингтік контракт үнемі үш жақты немесе көпжақты мінезге ие. Оны келесі схемадағы мысалдан көруге болады.
СХЕМА
Кейбір экономистер лизингті, белгілі бір товарды үшінші жақтың жеке меншік құқығы ретінде қолдану және оғган қысқа, орта және ұзақ мерзімді жалға беретін, арнайы лизингтік компанияның делдалдылық негізінде негізгі қорға қаржы белу (финансированиесінің) спецификалық формасы деп түсіндіреді.
Лизингті қаржыландырудың бір тәсілі деп қарастыру, лизингті беруші лизингті алушыға жабдықты қолдану және оның ақшасын бөліп-бөліп қайтаруға мүмкіндік беруінен бастау алады, былайша айтқанда несиеге береді.
Басқалары лизингтік продукцияны жалға алу инструменті және инвестициялық процестің маңызды каналы толық қамтылған іскерлік қарым-қатынастағы жаңа формалар деп есептейді. Сонымен катар оның ұзақ мерзімді қолдануда товарды экспортқа шығаруда несиелеу формасы деп те қарастырады.
Тар және бірмағыналы қатардағы анықтамалар бойынша, жалға беру -қаржыландыру формасы, несиелеу формасы, товарды жалға алу формасы — лизингнтің көп қырлы табиғаты жаңа, күрделі пар-парымен «лизинг – несие», «лизинг — жалға беру», «жалға беру – істеу», «лизинг — сатып алу», «жалдау — сатып алу», «сату-қарсы лизинг», «сатып алу лизинг сияқты конструкция тудырады. Сондықтан бір жағдайларды лизинг сауда-қаржылық несие қаржы-коммерциялық операция деп түсіндірілсе, баска жағдайларда — сату — жалға беру, кейде — несие — жалға берушілік келісімі деп танылады,
Австрияның атақты бизнесмендерінің бірі Вольфганг Хайер «Европада бизнес көзін қалай табуға болады» деген кітабында «Лизинг ол не, жалға беру кепілі ме, әлде несие алу келісімі ме?» деген сұрақ қояды да, «Тұтастай алғанда, лизинг жоғарыда аталған келісімдердің элементтерінің сәйкестігінен туындайтын ерекше түрдегі келісім» деп жауап береді.
Лизинг мәселесімен айналысатын көптеген ресейлік экономистер «лизинг — аренда мен жалға алған жабдықты төлеу несиесін байланыстыратын сфера» деген ұқсас пікірді ұстанады.
Е.Кабатов, Е. Чекмарев, В.Перов деген сияқты, «лизинг» түсінігіне кең мағына берушілердің пікірі бойынша, лизинг күрделі комплексті келісімдер қарым-қатынасын қамтиды жөне екі немесе одан да көп келісім негізінде жүзеге асады, соның ішіндегі ең маңыздысы сату-сатыл алу және мүлікті жалға алу келісімі.
Е.Чекмарева былай дейді: «Лизингге негізгі, өзекті, анықтайтын мәселе — мүлікті уақытша қолдануға беру қатынасы. Көмекші рольді мүлікті сату-сатып алу қатынасы атқарады. Бұл қарым-қатынастар кағида бойынша мүлікті қолдануға беруді ғана болжамайды, сонымен бірге колданушы мүлікті алған жағдайда лизинг келісімі біткен соң, лизинг қарым-қатынасының барлық комплексін аяқтауға да болады.
1988 жылы Оттава каласында халықаралық қаржы лизингі туралы қабылданған конвенцияда да осындай амал бар, онда былай делінеді. Лизинг халықаралық тәжірибеде үшжақты қарым-қатынастар комплексі деп түсіндіріледі, онда лизинггік компания қолданушының өтініші мен сұрауы бойынша оған өндіріс жабдықтарын уақытша қолдануға береді, келісім мерзімі біткен соң, жабдықтарды қолдану жеке меншікке айналдыру мүмкіндігі қарастырылады.
Экономикалық қатынаста лизинг қаржы операциясы, қаржы бөлуді жүзеге асыру амалының жаңа формасы деп қарастырылады. Егер лизингті — шапшаңдық, қайтарымдық және ақылық шартпен мүлікті уақытша колдану деп түсінсек, оны негізгі қорларға затты несие ретінде бере аламыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизинг машина немесе жабдық сатып алуда несие алудың бір формасы немесе дәстүрлі банктік қарыздарға жататын еді,
Кез-келген лизиигтік келісімнің өзекті мәселесі — қаржы, нақты айтқанда, несие операциялары. Мүліктің иесі қолданушыға өз тарапынан қаржылық көмек көрсетеді; ол мүлікті толық бағасына сатып алады, жекешелендіреді, содан белгілі бір уақыт өткен сайын, лизинг алушы сол сумманы орньша қояды.
Сондықтан экономикалық мағынада лизинг — лизинг берушінің лизингті алушыға мүлікті пайдалануға беретін форма немесе несие. Мұндай несиелік қарым-қатынастарда субъект ретінде қарыз беруші — лизинг беруші, ал қарыз алушы лизинг алушы болады, қарыздың объекгісі машиналар, жабдықтар транспорт түрлері және т.б, негізгі элементтер.
Қарызға берілген лизингтің бағасы сыртқы формасы жағынан коммерциялық несиеге ұқсас, алайда олардың арасында принципиалды айырмашылықтар бар.
Бұл коммерциялық несие және лизингті жеке меншіктік қатынасына қатыстығын керсетеді. Коммерциялық несие негізінде, товарды уақытша қолдануға берумен бірге, келісім объектісі, яғни товарға жеке меншікке алу кұқығы да беріледі. Меншікке товарды пайдалану құны , дәл қазір төлеуге мүмкіндік жоқ, уақытша иегерімен төлемдер кіреді.
Лизинг кезінде мүлікті пайдалану құқығы басқару құқығынан ерекшеленеді. Лизингті беруші қолдануға берілетін мүлікті басқару құқығын сақтап қалады, ондай болса оны пайдалану құқығы лизингті алушыға көшеді. Осы қолдану кұқығымен, лизингті берушімен келісіп, лизингті төлем жүргізіп отырады, Лизинтің уақыт мерзімі біткен соң, объект лизинг берушінің жеке меншігінде болады. Мынадай да жағдайлар болады: лизинг алушы лизингтік келісім бойынша объектіні қолданудың уақыт мерзімі біткен соң, оны сатып алу құқығы бар, соған сәйкес объектінің құнын төлеген соң, жеке меншікке құқығы бар.
Коммерциялық несие де, лизинг те де саудалық және несиелік келісімнің өзара байланысы көрсетіледі. Коммерциялық кредит кезінде несиелік келісім сату-сатып алу актісіне негізделген, оның тіршілігі саудалық келісімнің тіршілігіне байланысты. Лизинг кезінде сату-сатып алумен бастала бермейді, себебі ол лизингтік компанияның жеке меншігі де бола алады, және әрқашан да лизингтік келісім мүлікті лизинг алушы сатып алумен аяқтала бермейді. Коммерциялық несие товар түрінде беріледі де, ақшалай жабылады. Лизингте де несие товар түрінде беріледі. Экономикалық табиғаты жағынан лизингтік төлем — несиені мүлік түрінде қолдану төлемі. Келісім біткеннен кейін, лизинг берушіге, қағида бойынша объект натуралды — заттық формасында қайтарылады. Лизингтік келісімнін компенсациялық өзектілігі де болуы мүскін, онда төлем жабдықты жалға алу негізінде продукцияны жабдықтау формасында немесе қарсы жұмыс формасы ретінде жүзеге асуы мүмкін. Коммерциялық кредит қысқа мерзімді. Классикалық лизингте, қағида бойынша, әрі орта мерзімді және қысқа мерзімді келісімдермен бірге, ұзақ мерзімді жалға алу да бар.
Лизинттің несиеден өзгешелігі бар, банктік қарыздың кепілі ретінде жалға алушының мүлігіне жеке меншік құқығы бар. Оның қарызы өтелген соң, мүлік жалға алушының меншігіне айналады. Лизингті қарым-қатынастарда жалға алудың ақшасы төленіп болған соң, объект лизинг берушінің меншігіне айналады.
Перов В.А. былай дейді: «Лизингтің феномені 70 жылдарға таман жәй ұзақ мерзімді жалға алу ретінде ғана емес, жалға алу қатынастары, кепілдікпен несие алуды қаржыландыру элементтері, қарыздық міндеттерді есептеу және т.б. қаржылық механизмдері бар жаңа, дәстүрлі емес, спецификалық, перспективті қаржыландырудың толық системасы бар деген сияқты ерекшеліктерге ие болды»……