Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Adobe Photoshop программасын тиімді оқып –үйрену әдістері

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………3
Бірінші бөлім
1.1 Информатика курсы бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың мақсаты және міндеті ……………………………….6
1.2. Adobe Photoshop программасын профильдік курста пайдалану ерекшеліктері…………………………………..11
1.3. Adobe Photoshop программасын оқып-үйренуге арналған бағдарлама туралы…………………………..12
1.3.1. Жалпы ұғымдар…………………………………………………………………………13
1.3.2. Цифрлы фотография туралы………………………………………………………16
1.3.3. Расторлық графика ерекшелігі және Adobe Photoshop программасы туралы ………………………………………………………………..19
1.4. Adobe Photoshop программасы мазмұны туралы…………………………………21
Екінші бөлім
Adobe Photoshop программасын тиімді оқып –үйрену әдістері туралы
2.1. Модульдік оқыту тәсілі негізінде Adobe Photoshop программасын оқып-үйренуді жоспарлау………………………………………………….31
2.2. Adobe Photoshop бағдарламасын оқып –үйренуде оқулық элементті пайдалану ерекшелігі…………………………………………………37
2.3.Зертханалық жұмыстарды орындау ерекшелігі…………………………………………………………………………………………………49
2.4. Adobe Photoshop бағдарламасын өз бетінше оқып-үйренуде бақылауды ұйымдастыру. Қорытынды сынақ…………………..61
2.5. Adobe Photoshop программасын оқып-үйренуде шығармашылық жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі…………………………………….65
2.6. Adobe Photoshop программасын оқып-үйренуге арналған электрондық оқулықтар дайындау ерекшеліктері………………………………………67
2.7. Глоссарий………………………………………………………………………84
Қорытынды………………………………………………………………………………………………87
Әдебиеттер……………………………………………………………………………………………….89
Бағдарлама листингі………………………………………………………………………………….90

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы және 2008 жылдың 6 ақпанындағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауларында алдағы 10 жылдың ішіндегі еліміздің дамуының стратегиясы айқындалған.
2007 Жолдауда көрсетілген міндеттерді айқындау үшін Елбасы ішкі және сыртқы саясаттың ең маңызды 30 бағытын анықтап берді.
Бұл Қазақстан дамуының жаңа кезеңдегі стратегиясы болып табылады.
Ең маңызды 30 бағыттың ішінде үш бағыт (17,18 және 19) тікелей білім және біліктілік сапасын түбегейлі жақсартуға , оны халықаралық стандарт деңгейіне көтеруге, Қазақстан ЖОО-ларын бітірген мамандар әлемнің кез келген мемлекеттерінде сұранысқа ие бола алатындай деңгейге жеткізу көзделген.
Жолдауда осы жауапты міндеттерді орындаудағы ақпараттық- инновациялық оқыту технологияларының ролі де баса атап көрсетілген. Он-лайн режимінде оқыту практикасын дамыту және елімізде оқулық телевидение құру және оны қалыптастыру мәселесі атап айтылды.
Жолдауда бұл туралы былай делінген: «… ақпараттық технологиялар және ақпаратты таратудың жаңа формаларына негізделінген оқытудың мамандандырылған бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр » [1].
Бұл деген сөз , барлық білім беретін мекемелерде, оның ішінде әсіресе жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бағытында нақты іс-шаралар іске асырылатын болады.
Ақпараттық технологияларды оқыту жүйесінде кеңінен пайдаланған сайын оның тиімділік деңгейін жақсарту мәселесі туындай түседі, оның ішінде әсіресе, дидактикалық және әдістемелік проблемалары.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің ролі — ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етуге және жаңа ақпараттық қоғамға кәсіпкерлік қызметтің басты, құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны, сондай-ақ оның жүйелік ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Ал ақпараттық бірліктердің білімге айналуы, әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуалдық дамуын қалыптастыруда қажетті. Олай болса, бұл мәселені оң шешудің негізгі құралы — информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігі туындайды. Орындалынып отырған дипломдық жұмыстың көкейтестілігі осында болса керек.
Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың адам өмірінде,оның ішінде білім саласында кеңінен пайдаланылуы мектеп информатикасын оқытуда оқушылардың бастапқы кәсіби дайындығы деңгейін жақсартуды қажет етеді. Соған байланысты соңғы жылдары орта мектептерде информатиканың базалық курсын оқытуды жақсартуменен қатар профильдік курстарды ұйымдастыруға және жүргізуге де үлкен назар аударылуда. Мектеп қабырғасында информатика бойынша жүргізілетін профильдік курстардың жалпы мақсаты және міндеті мынада:
— әр оқушының қызығушылық бағытын ескере отырып, пән бойынша оның білімін толықтыру және тереңдету;
— оқушылардың кәсіби дайындыққа дейінгі деңгейін ескеру;
— оқушы бойында ғылыми таным негізін қалыптастыру;
— оқушыларды практикалық еңбекке және білімін жалғастыруға дайындау;
— оқушының компьютерде жұмыс істей алу деңгейін дамыту және оны кәсібилікке бағыттау.
Бүгінгі күні мектептерде кеңінен тараған профильдік курстарға объектілі-бағытталынған программалау тілдеріменен қатар графикалық бағыттағы қолданбалы программалар да жатады, оның ішінде соңғы жылдары Adobe Photoshop программасын меңгеруге арналған курстар жиі кездесуде.
Дипломдық жұмысымның мақсаты, қазіргі кезде қазақ тілінде Adobe Photoshop программасын оқытуға арналған әдебиеттердің тіпті аз екендігін ескере отырып, осы программаны профильдік курс деңгейінде мемлекеттік тілде тиімді түрде оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқау дайындау. Сондықтан бұл жұмыста бірінші кезекте мектеп бітіруші оқушылардың қажеттілігі ескерілген. Информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда инновациялық технологиялардың ішінен тиімді технологияларды анықтап пайдалану қазіргі білім беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Аталған талапты іске асыруда кез келген информатика пәнінің мұғалімі өзіне қажетті технологияларды ғылыми-әдістемелік және практикалық тұрғыдан зерттеп таңдай білуі қажет болады. Дипломдық жұмыс осы бағытта нұсқаулық көмекші құрал ретінде орындалынып отыр. Жұмыстың бірінші бөлімінде информатика курсы бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың мақсаты және міндеті, Adobe Photoshop программасын профильдік курс ретінде пайдалану ерекшеліктері, оны оқып-үйренуге арналған бағдарлама және Adobe Photoshop программасы мазмұны қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Adobe Photoshop программасын тиімді оқып –үйрену әдістері туралы, модульдік оқыту тәсілі негізінде оны оқып-үйренуді жоспарлау, Adobe Photoshop бағдарламасын оқып –үйренуде оқулық элементті пайдалану және зертханалық жұмыстарды орындау ерекшелігі, Adobe Photoshop бағдарламасын өз бетінше оқып-үйренуде бақылауды ұйымдастыру, қорытынды сынақ. Оқулық элемент негізінде электрондық оқулық дайындау мәселесі қарастырылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында осы бағыттағы көптеген әдебиеттерді, оның ішінде ғылыми-әдістемелік журналдарды («Информатика и образование», «Информатика негіздері»), М.П.Лапчик, И.Г.Семакин, Е.К.Хеннер. Методика преподавания информатики.-М.:, 2001; З.Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі.-Алматы, 2000 оқулықтарын қарап және әдістемелік тұрғыда сараптап шықтым, өзіме қажетті деген материалдарды пайдаландым.
Дипломдық жұмыстың соңында қорытындылау, әдебиеттер тізімі және программалар листингі келтірілген, жұмыстың көлемі … бет.

Бірінші бөлім
1.1 Информатика курсы бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың мақсаты және міндеті
Мектепте компьютердің пайда болуы оқушылардың сабақтан және мектептен тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктерді беріп отыр. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар және іс-шаралар оқушылардың жеке қабілетін тиімді дамытуға мүмкіндіктер береді. Мұндай іс-шаралар өзінің алдына мынадай міндеттерді қояды: а) информатиканы және оның қолданылуларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту; б) ғылыми-зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру; в) информатика мен ЭЕМ-ді қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету; г) оқушылардың бос уақыты мен демалысын тиімді ұйымдастыру.
Мектеп оқушыларымен информатика пені бойынша жүргізілетін кластан тыс жұмыстар кейбір жағдайларда дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия және олимпиадалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылардың сырттай оқытатын және күндізгі мектептері, мектептен тыс (ақылы курс) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептер, мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттарында дайындалатын мамандықтар да жатады.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары.
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме – мектеп оқушыларымен жұргізілетін кластан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Есептегіш техника кабинетінің бар болуы – үйірме жұмысын ұйымдастырудың алғы шарты, өйткені үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін ЭЕМ-нің болуы қажет.
Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік комбинаттарындағы мектеп аралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарындағы кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істейтіндей қызықты ойын сипатында да беруге болады.
Сондықтан информатикадан жүргізілетін үйірме жұмыстары оқушыларды, оның ішінде орта және төменгі класс оқушыларын өте қызықтырады. Бірақ үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау керектігін есте ұстаған дұрыс. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.
Информатика және оның қолданылулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар.
Мектептің оқу жоспарына «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» жаңа пән болып енуіне байланысты информатиканың факультативтік сабақтарын өткізу әдісі мен мазмұнын жасау үлкен маңызды мәселе болып отыр. Алғашқы кездері ЭЕМ-нің құрылымымен, алгоритмдеу және программалау негіздерімен таныстыратын факультативтік курстардың программалары құрылған болатын.
Қазіргі уақыт талабына сай, мектептердің есептегіш техника кабинеттерінің негізінде пән аралық факультативтік курстардың дайындалынып іске асырылуы, информатика, автоматика және электроника салаларында оқушылардың «техникалық шығармашылығын» дамытады деген үлкен мәнге ие болып отыр.
Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан мемлекеттік білім беру стандартының жасалынып, оның тікелей оқу процесіне енгізілуі факультативтік курстардың дамуына елеулі үлесін тигізіп отыр.
Факультативтік сабақтың мақсаты:
• Информатика саласы немесе ЭЕМ-ді пайдаланатын басқа пәндер бойынша алынған теориялық білімді, іскерлік пен дағдыларды тереңдетіп кеңейту;
• Оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамту.
Факультативтік сабақта:
• ЭЕТ-ні кеңінен қолданатын, барлық уақыттың 75%-ын компьютермен практикалық жұмыс істеуге бөлуді қарастыру;
• Барынша өзбетінділік, оқушының танымдық іс-әрекетін оның өзінің басқаруы , соған сәйкес ол бағыттағы оқушылар санының аз болуы тән……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!