Дипломатиялық этикет — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека
1-тапсырма. Ой шақыру. Пікірімізбен бөлісейік.
– Этика дегеніміз не?
– Жалпы қандай этикет түрлерін білесіз?
2-тапсырма. Дала ойшылдарынан.
Инабат – ердің азығы,
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы (Кердері Әбубәкір).
– Мына өлең жолдарынан не түсіндіңіз. Өз ойыңызды қосыңыз.
– Бақыт пен дәулетті қалай түсінесіз?
– Инабатты неліктен бақыт пен дәулеттің «қазығы» деген?
3-тапсырма. Шағын мәтінді түсініп оқыңыз. Аударыңыз. Таныс емес сөздерді аударуда оқытушының немесе сөздіктің көмегіне сүйеніңіз.
Әдеп сөзі – қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Әдеп сақтау – туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы адамзатты ардақтау болып табылады («Әдептілік қағидалары» кітабынан).
– Мәтіннен не түсіндіңіз?
– Қазақ халқы өмірінде әдептің тағы қандай түрлері бар?
4-тапсырма. Тірек сөздер.
Әлеуметтік-мәдени жағдай, тәртіп, ыңғайлылық, қолайсыз жағдайлар, жүріс-тұрыс ережелері, құндылық, тіл табу, жағымды, ұлы игілік, ұстаным, таң қалдыру, ым-ишаралар, реніш.
Дипломатиялық сөздіктен:
Дипломатиялық этикет – дипломатиялық контакт немесе байланыстар және сыртқы саясат саласында белгілі бір тәртіпті жүргізуде белгіленген ереже. Этикет нақты белгіленген тәртіп ретінде қарастырған кезде, белгілі бір мақсаттарға жетуде, қолайсыз жағдайлардан шығушы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан дипломатиялық этикеттің негізгі функциясы ретінде – қоғамда тәртіпті орнату деп анықтауға болады. Екінші функциясы ретінде, ыңғайлылық, мақсатқа жетушілік, практикалылық сипаттар тән.
Этикет (французша «Etiquette») – белгілі бір әлеуметтік ортада (монархтар, дипломаттар және т.б.) қолданылатын өзін-өзі ұстау, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы. Этикеттің синонимі «өзін-өзі ұстау мәнері», «жақсы мінез-кейіп жүрісі».
Дипломатиялық қабылдаулар – маңызды оқиғалар мен мерекелік күндерді атап өту үшін өткізілетін ресми шаралар.
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Дипломатиялық этикет
Дипломаттардың және тағы басқа ресми тұлғалардың ережелер тәртібі бір бірімен байланыста болғанда әртүрлі дипломатиялық қабылдаулар, кездесулерде, келісімдерде дипломаттар этикетке қатты көңіл бөледі. Себебі оларға этикеттен алшақтау немесе бұзу елдің имиджіне үлкен теріс әсерін тигізеді немесе елдің өкілдеріндегі екі елдің арасында қарым-қатынасты қиындатады.
Қоғамда этикеттің рөлі әрдайым үлкен орында. Ол тарихи заманнан және әлеуметтік дамудан қоғамдық функциялардан және басқа да әр түрлі құрылымдар мен формалардан анықталып келеді. Салт-жораларымен салыстырғанда қоғамдық мақсаттарға негізделген.
Этикеттің әлеуметтік маңыздылығы
Этикеттік норманы қабылдау – толыққанды қоғамның және мәдениеттің құндылықтарына бағыну. Этикет әрбір адамға әлеуметтік-мәдени жағдай жасауға итермелейді (сәлемдесу, танысу, қоғамдық орында өзін өзі ұстауы, жүріс-тұрысы т.б.)
Этикеттік нормалар адамға ортақ тіл табуға, өзін қиын сәттерде қалай ұстау керек екеніне мүмкіндік береді. Этикетті қолданбаған жағдайда адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алып келуі мүмкін. Этикет адамзат өркениетінің ұлы игілігі, тек әлеуметтік қарым-қатынасты реттеп қана қоймай, «ойын эффектісіне» ие болғандықтан адам өмірін байытады.
Мемлекетаралық қатынастарда белгілі бір мемлекетаралық қатынастық ұстаным болмаса, мысалы, тәуелсіздігін құрметтеу, теңдік, территориялық бірлестік, бір-бірінің ішкі әрекеттеріне араласпаушылық толыққанды дәрежеде болмайды. Осы ұстанымдарды жүзеге асыратын құрал қажет. Ол дипломатиялық хаттама (протокол).
6-тапсырма. Түсінігіңізді тексеріңіз.
1. Дипломатиялық этикет дегеніміз не?
2. Этикеттің синонимі қандай?
3. Этикет қандай мақсаттарға негізделген?
4. Этикеттің әлеуметтік маңыздылығы?
7-тапсырма. Мәтіннің жалғасын оқыңыз.
Дипломатиялық протокол – әр мемлекетте бірнеше жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, қағидаларды негізге алатын ережелердің жиынтығы. «Протокол» латынша «protokollon» («протос» — бірінші, «колла» — желімдеу). Орта ғасырларда осы термин документтерді бекітудің және термині тек дипломатияда және дипломатиялық қызметте ғана қолданыла бастады. Оның мағынасы да кеңейе түсті. Дипломатиялық хаттамаға этикет мәселелері мен рәсімдеу мәселелері де қосылды.
Оның негізгі ережелері барлық мемлекеттер үшін бірдей болуы керек. Сонымен қатар, әр елдің дипломатиялық протоколының өз ерекшеліктері бар. Мемлекеттер оған өздерінің мәдениеті мен социалдық-экономикалық құрылымына, ұлттық ерекшеліктеріне, тарихи салт-дәстүрлеріне сәйкес келетіндей етіп әр түрлі өзгерістер енгізеді.
Қазіргі кезде дипломатиялық этикет жаңа мемлекеттің қабылдануы, құрылуы кезінде, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары сайланған кезде, сенім грамоталары тапсырылатын кезде, дипломатиялық визиттер мен кездесулер, келіссөздер жүргізілу кезінде және келісімдер мен келіссөздерге қол қою кезінде және т.б. кездерде қатаң түрде сақталынуы керек. Халықаралық сыпайылық ережелерінің шартты күші жоқ. Бірақ, халықаралық протоколдық практикада көрсетілгендей, мемлекеттер мен дипломаттар оны сақтауға тырысады. Өйткені, халықаралық қатынаста әр түрлі тәуелсіз мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтеді, олардың әр түрлі идеологиялық, діни және саяси, моралдық принциптері болуы мүмкін.
Дипломатиялық протокол олардың қарым-қатынастарын мүмкін, ал келіссөздерді жағымды етеді. Әйгілі дипломат Жюль Камбон: «Қазіргі кездегі дипломатиялық протоколдың ережелері біршама ескі сияқты көрінеді, бірак оларды сақтамауға да болмайды. Өйткені, бұл әрекет церковьқа кірген кезде бас киімді немесе мешітке кіргенде аяқ киімінді шешпеу сияқты ақымақтық болып саналады» — дейді.
Жесттер, мимикалар, дауыс ырғағы – іскерлік сұхбаттың ең басты бөліктерінің бірі. Кей кездері сөйлегеннен гөрі осы әдіспен көп мәлімет жеткізуге болады. Бұны негізінен вербальды емес әдіс деп атайды. Әр түрлі жесттер сөйлеудің темпіне, ритіміне сәйкес болу керек. Формальдық жағдайда сөйлесу кезінде жесттер көп қолданылмайды. Бірақ олардың мүлдем қолданылмауына да жол берілмейді. Жесттер тілінде 700 белгі бар. Бенито Муссолини: «Барлық өмір – бұл жест» деп, бекерден-бекер айтпаған.
Жесттер өте жиі тығырыққа тірейді. Кейде жағымсыз нәтижеге алып келеді. Сөйлесушінің назарын аудару үшін алақаны көрінетін жесттерді пайдаланады. Бұл сіздің ашықтылығыңыздың белгісі болып табылады. Кері әсер беретін жесттерге мыналар жатады: ол алақанды қысу, столды қолымен тақылдату және т.б. Мұндай жесттер әріптесіне жағымсыз әсерлер қалдырады, тіптен онымен келіспейтін жағдайға да жеткізеді.
Мүмкін болатын жағдайда жесттерді көп қолданбаңыз. Барлық жесттер басқа мемлекеттерде тәртіпсіз әдеттен тыс дөрекі болып көрінуі мүмкін және басқа мәдениет өкілдерін таң қалдыруы мүмкін.
Қарсы алу этикеті мен шығарып салу екі негізгі формада жүргізіледі:
А) Вербальді емес (бас ию, қол алысу, қарсы алу сүйісі)
Б) Вербальді форма – әртүрлі айтылатын тіркестер: «сәлеметсіз бе», «сау болыңыз», «кеш жарық», «кездескенше» және т.б. Этикеттің бұл формасы әртүрлі. Егер демократиялық ым-ишалар Европада қабылданса, Шығыста консервативті нормалары қалыптасқан. Этикетті білу – оны тек ыңғайлы қолданып қана қоймай, нәтижелі дәрежеде екі ел арасындағы қарым-қатынасты сақтауға және ешқандай реніштің болмауына көмектеседі. Сонымен қатар, тек жағымды эмоциялар ғана қалдырады.
8-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Түсінігіңізді тексеріңіз. Әр абзацқа сұрақ қойыңыз. Тірек сөйлемдерді табыңыз.
9-тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойып шығыңыз.
1. Дипломатиялық протокол – әр мемлекетте бірнеше жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, қағидаларды негізге алатын …….. .
2. Халықаралық ………. шартты күші жоқ.
3. Этикеттік нормалар адамға …………….. мүмкіндік береді.
4. Этикет әрбір адамға ……… жасауға итермелейді.
5. Жесттер өте ……. тірейді. Кейде ……….. алып келеді.
Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн!
Есімдіктер.
Есімдік – басқа сөз таптарынан ерекшелігі мол сөз табы. Есімдіктің жалпы лексикалық мағынасы сөйлемде оның әр түрлі мағыналы сөздің орнына қолданылуына мүмкіндік береді. Мысалы: 1.Олар бір-біріне дос болу жайлы тілек білдірмейді. Олар – адамдар деген мағынада қолданылып тұр.
2. Түйекқұс – ең үлкен, ең күшті құс. Оның бойы үш метрдей болады. Оның – түйекқұстың орнына қолданылып тұр. 3. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы (Абай).
Әркім – сөйлеуші мен тыңдаушыға белгісіз нәрсе туралы айтылады.
Есімдіктер:
1. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, біз, біздер, ол, олар.
2.Сілтеу есімдіктері: бұл, сол, осы, ана, анау, мына, мынау, сонау, осынау, әне, міне.
3. Сұрау есімдіктері: Кім? Не? Қанша? Неше? Қай? Қайда? Қайдан? Қалай? Қайсы? Қандай? Нешінші?
4. Өздік есімдік: өзім, өзіңіз, өздеріміз, өздері, өздеріміз.
5. Белгісіздік есімдігі: әркім, әрқалай әлдене, әлдекім, әлдеқашан, әрбір, әрқашан, әлденеше, кейбір, кейбіреу, бірдеме, біреу.
6. Жалпылау есімдігі: бәрі, барлық, барша, күллі, бүтін, түгел.
7. Болымсыздық есімдігі: ешкім, ешқашан, ештеме, ешбір, дәнеме.
10-тапсырма. Мәтіндерден есімдіктерді табыңыздар. Мағыналық топқа ажыратыңыз.
11-тапсырма. Мына сөздерді қандай есімдіктермен алмастыруға болады?
1. Этикетті білу – екі ел арасындағы қарым-қатынасты сақтауға және ешқандай реніштің болмауына көмектеседі.
2. Сөйлесушінің назарын аудару үшін алақаны көрінетін жесттерді пайдаланады.
3. Дипломатиялық хаттамаға этикет мәселелері мен рәсімдеу мәселелері де қосылды.
4. Дипломатиялық протокол олардың қарым-қатынастарын мүмкін, ал келіссөздерді жағымды етеді.
5. Этикеттік нормалар адамға ортақ тіл табуға, өзін қиын сәттерде қалай ұстау керек екеніне мүмкіндік береді.
12-тапсырма. Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
Негізгі этикет
Дипломатиялық хаттама
Этикеттік ырғағы
Дипломатиялық ережелер
Дауыс нормалар
Тәуелсіз форма
Вербальді мемлекеттер
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Дипломатиялық этикет дегеніміз не?
2. Этикеттік норманы қабылдау дегеніміз не?
3. Дипломатиялық протокол нелердің жиынтығы?
4. Іскерлік сұхбаттың ең басты бөліктерінің бірі не?
5. Есімдіктер дегеніміз не?
6. Ол қандай мағыналық топтарға бөлінеді?
СӨЖ тапсырмасы: «Қоғамдағы этикет нормалары». Әңгімелеңіз.
Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!