Діни әңгімелер слайд,презентация — Әдебиет
Діни әңгімелер слайд,презентация
Сабақтың мақсаты:
білімділік: діни әңгімелердің тууы, Құран Кәрім туралы жан — жақты
мағлұмат беру;
дамытушылық: оқу — білімге деген қызығушылықтарын дамыту;
тәрбиелік: адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
Адамның бойындағы ең басты қасиет- ол таным мен
сенім. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам
сенімдерінің ең абзалы — Жаратушыға деген сенім. Сенім
негізінде адамның дүниетанымы қалыптасты.
Жаратушыға деген сенімі қалыптасқаннан кейін
адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті,
дәріптеді, соған сай береді деп .міттенді немесе
Жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім
іс — әрекеттерді, құлшылықтарындағы жөн -жоралғылар
мен салттарды, ережелер мен қағидаларды ”дін“ деп
атады.
Діннің өзіндік жөн — жоралғылары көп. Сондықтан ол
кейде дәстүрге де ұқсап кетеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Құран Кәрім қай тілде жазылған?
2. Құран кімге, қалай уахи түсті?
3.Құран Кәрімде қанша сүре бар?
4.Құранда қандай мәселелер қамтылған?
5. Құран кімнің кезінде тұңғыш рет кітап болып басылды?
Үйге тапсырма:
1.Мәтінді оқу, мазмұндауға дайындалу.
2. Дін туралы мақал — мәтел, нақыл сөздер жазып келу
3.Абайдың, Мұқағалидың шығармаларынан дінге қатысты
өлең шумақтарын жаттап келу
Сабақты қорытындылау,бағалау