Диакритикалық белгі — Қазақ тілі
Диакритикалық белгі (гр. diakritikosа — жыратушы) орыс. диакритический знак — белгілі бір дыбыстың қосымша артикуляциялық мағынасын білдіру үшін әріпке қосылатын шартты көмекші белгі. Мысалы: у, қ, г, ң, ё, й әріптерінін қосымша белгілері олардын қалай айтылуы керектігін айқындап тұр[фДиалект[1] (гр. διάλεκτος — говор, сөйленіс) —
Белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Диалект халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Ұлттардың қалыптасу кезенінде ұлт тілдерінің негізіне жатуы мүмкін. Адамдардың аз ғана тобы қолданатын, жеке тіл дәрежесінде дами алмайтын жаргондардан Диалектті айыра білу қажет. Әдеби тіл мен Диалекттің өзара қарым-қатынасы өте күрделі. Әдеби тіл Диалектке эсер ете отырып, өзі де олардың есебінен байып отырады.
Негізгі тілдік ерекшеліктері бірынғай говорлардың жиынтығы. «Диалект» термині «говор», «говорлар тобы» және «наречие» мағыналарында да қолданылады.фДиалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.[1]
Диалектизмнің бірнеше түрі бар:
Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
Лексикалық диалектизмдер:
бойлай (унемі д. м.),
бейсаубет (бет алды),
жарын (келер жыл),
рабайда (анда-санда),
кун баю (кун бату),
таға (нағашы),
ашық-машық (топса),
Лексикалық Диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:
Нағыз лексикалық Диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады.
Этнографиялық Диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.ф