Девиация қазақша слайд,презентация

0

Девиация қазақша слайд,презентация

 

Девиация

 

Девиация

 (латынның “deviatio”  тыңдамау, ауытқу деген сөзінен шыққан) баланың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауы дегенді білдіреді.

Девиантты мінез-құлық, ауытқыған мінез-құлық, бейәлеуметтік мінез-құлық түсініктері синонимдер болып табылады.
— өзін-өзі басқарудың төменділігі;
 әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
 ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
 физикалық жазалау;
 отбасының құлдырауы,жанұяда берекенің болмауы;
 ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
 әлеуметтік қанағатсыздану;
 асоциальды топтарға қосылу.                                                     
• ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмауы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары. 
Жасөспірім он үш жасқа келгеннен кейін оларда өзгерістер байқалады. Бұл жас өте тынымсыз, ең қиын (ұшқалақ шақ. Мінез-құлқында өзгерістер болады. Осындай сәтте ата-ана, мұғалім бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына күш салуы керек. Бұл жағдайда мұғалім және ата-ана бала мінез-құлқы мен темпераментін білуі қажет. Себебі жасөспірімдердің осы «өтпелі кезеңде өздеріне қол жұмсап (суицид, өмірден түңілулері көбейеді. Оның себептері өзіне назар аударту, мүсіркеушілік тудырту, жанұядағы кикілжіңнен қашу, мұғалім достарымен келіспеушілік, сыныптастарының оны қатардан бөліп тастауы, оны менсінбеу, достарының болмауы, тест жұмысын ҰБТ тапсыра алмауы, жауапсыз махаббат, өзін ренжіткендерді кінәлі етіп көрсету, психологиялық ауытқу. Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқына талдау жасаған кезде психикасы мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет. Ұлдардың жүрген жері әрқашан шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар бойында жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын ұлдар мен «қиын қыздарды салыстырғанда ұлдар тынышсыз болғанмен, »қиын қыздар одан да «қиындау болады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!