Дескриптивті лингвистика — Қазақ тілі

0

Дескриптивті лингвистика (лат. descriptive — сипаттама) орыс. дескриптивная лингвистика — жалпы структуралық тіл білімі аясында 20 ғасырдың 30—50 жылдары пайда болып, жедел дамыған Америка тіл біліміндегі бағыттардың бірі, бірақ оның еуропалық структуралық тіл білімінен бірқатар айырмашылығы бар. Дескриптивті лингвистика Америка жеріндегі үндістердін тілін зерттеу қажетінен туған, оның негізін салған Л. Блумфилд. Жазуы, грамматикасы, сөздігі, тарихи жазба мұралары жоқ, тілдік тұлғаларының мәні құпия код сияқты мүлде белгісіз, бұрын ғылымда танымал емес тілдерді дала жағдайында зерттеу үшін, салыстырмалы-тарихи әдістен мүлде бөлек жана әдіс қолдану қажет болды. Бұл әдіс тіл бірліктерінің (единицаларының) өзара тіркесімділігі мен олардың сөйлеу үстінде осы сияқты басқа тіл бірліктеріне қатыстылығының формалды шарттарын белгілеп анықтайтын дистрибуциялык (бөлу, жіктеу, айыру) әдіс деп аталады. Дескриптивті лингвистиканың зерттеу нысаны — сөйлеу үзіндісі, бірінен сон бірі тізбектеліп келетін физикалық сөйлеу құбылысы, сондағы тіл бірліктерінің нақты мазмұнын емес, олардың формалды құрылымын дистрибуция әдісімен талдауды мақсат етті.[1]
Дескриптивті лингвистика тіл бірліктерінің мәнін бірлікте алып түсіндіретін тіл теориясын жасауды кездеген жок. Тілді синхрониялық тұрғыда сипаттап, оның формалды моделін жасады. Тілдің структуралық денгейі, онын негізгі тілдік бірліктері — фонемалар мен морфемалардың, кейбір сейлемдердің өзара тіркесімділігі, орналасу жайы жете талданды. Тілдің негізгі бірлігі болып табылатын сөз жеке дара талданбады, ол тек сөйлем (сөйлеу) ішінде біріккен морфемалардың тізбегі түрінде қаралды, ал сөйлемнен көлемді тілдік құрылымдар тіл структурасына жатпайтын құбылыстар деп есептелді. Дескриптивті лингвистика пайда болған кезден бастап-ақ бірыңғай бағытта болған жоқ. Оны жақтаушылар Блумфилдтін Йельск университетіндегі шәкірттері, жолын қуушылар болды (Блок, Харрис, Хоккет т. б.). Дескриптивті лингвистика тіл табиғатына тым жеңіл қарағаны, механикалық дистрибутивтік әдісті бірден-бір дұрыс әдіс деп жоғары бағалағаны, «мағынасыз лингвистика» жасағандары үшін 20 ғасырдың 60 жылдары қатты сынға алынды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!