Денсаулықтың әлеуметтік факторлары слайд,презентация
Денсаулықтың әлеуметтік факторлары слайд,презентация
Мақсаты: Студенттер қоғамдық денсаулықтың әлеуметтік детерминациясы туралы білуі тиіс. Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады. Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:- әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.);
— табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы);
— биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б).
ХХ ғасырда денсаулықтың әлеуметтік маңыздылығы мойындалды, бұл Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Уставында бекітілген. Осы денсаулықтың анықтамасы мен адам ұйымдасуының биологиялық және әлеуметтік компонентіне қарсы келетін шектеулер жойылды.
Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен факторларға беріледі.
Әлеуметтік жағдайлар- бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы
Әлеуметтік факторлар — әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б.