ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал мәтелдер

0

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Денсаулық зор байлық.

***

Тазалық — саулық негізі.

***

Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

***

Басы аманның малы түгел.

***

Аурудың алдын ал.

***

Демі бардың емі бар.

***

Жаман ауруға жақсы ас.

***

Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

***

Көкірек ауру күле кетер.

***

Тұмау аяғы құрт,

Тұман аяғы жұт.

***

Ауру аздырады,

Суық тондырады.

***

Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

***

Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

***

Ауру астан,

Дау қарындастан.

***

Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

***

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

***

Айналдырған ауру алмай қоймас,

Бұлттанған күн жаумай қоймас.

***

Сіңбес астың бөгеуі көп.

***

Шықпаған жаннан үміт ет.

***

Жанымды алмаған ауру,

Жанымның садағасы.

***

Олақтан салақ жаман.

***

Шірік шірітеді,

Бұзық бүлдіреді.

***

Шірікке шыбын айналар.

***

Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

***

Ас — елдің құты.

***

Ет етке, сорпа бетке.

***

Көже деген тоқ ас,

Тұра келсең жоқ ас.

***

Ас астың орны басқа.

***

Айран ішсең ас болады.

***

Шымырдың сезімі сергек.

***

Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.

***

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

***

Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.

***

Сергектің сенімі нық.

***

Ас адамның арқауы