Денеміз қалай қартаяды | туралы қазақша

0

Қартаю — бұл адамның бүкіл өмірі бойына оның денесіндегі мүшелердің және жүйелердің біртіндеп деградациялану, яғни тоқырау үдерісі. Биологиялық үдерістер, мысалы, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясын атқаруы әлсірейді және, ақырында, өз міндеттерін орындау қабілетінен айырылады.

Қартаю — адам организмінің уақыты келгенде физиологиялық өзгерулерін және оның біртіндеп бұзылуларын сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Бұл үдеріс біртіндеп жүреді және адамда үшінші ондықта (20 жастан 30 жасқа дейін) басталады.

Өмір ұзақтығы

Гиннестің рекордтар Кітабында жақында біздің планетамызда 122 жасқа толған ең қарт тұрғын тіркелді. Алайда медицина ғылымының дамуымен, өмір сүрудің әлеуметтікгигиеналық жағдайларының жақсаруымен бұл рекорд, сірә, әрі қарай игерілуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанда өмір сүрудің орташа ұзақтығы ер адамдарда 65 жасты, ал әйелдерде 74 жасты құрайды.

Ғалымдар ертеден бері қартаюдың биологиялық механизмін білуге бағытталған әртүрлі зерттеулер жүргізіп, осы үдерісті баяулатуға әрекет жасауда немесе оны кері қайтаруға көңіл бөлуде. Бірақ қартаю үдерісін білуде едәуір жетістіктерге жеткеніне қарамастан, бір нәрсе белгілі: қартаю — болмай қоймайды, бүл сәбилік, балалық және кемелдену сияқты адам организмінің биологиялық жай-күйі.

Жасушалардың қартаюы немесе тозуы

Қартаю үдерісін түсіну үшін оның биологиялық механизмін жа сушалық деңгейде зерттеу қажет. Адам организмінің жасушалары — бұл біздің денеміздің тіндері түзілетін өзіндік «кірпіш». Олар репродукция үдерісінің (жасушалардың бөлінуі) арқасында толығады.

Зерттеулер жасушалардың белгілі бір мөлшерде бір рет бөлінетінін, содан кейін апоптозға (өзінөзі жоюға бағдарланған) ұшырайтынын көрсетті. Қалған жасушалардың да жұмыс тиімділігі төмендейді.

Жасушалардың белгілі бір энзимдері азырақ белсенді болуы мүмкін, жасушалық деңгейде өтетін мұндай химиялық реакцияларға көбірек уақыт қажет болады. Жасушалардың түзілуі тоқтағаннан кейін көптеген организмдер жүмысының тиімділігі төмендейді, олар енді өзінің биологиялық рөлін бұрынғыдай атқара алмайды.

Жасушалар тек белгілі бір мөлшерде бір рет бөлінеді, ал содан соң тіршілігін жояды. Таңданарлығы сол — жасушалық гендер атқаратын қызметін белгілі бір уақытта тоқтатуға бағдарланған.

Сыртқы өзгерулер

Қартаю әдетте дененің сыртқы өзгерістерімен көрініс береді. Шаш түсінің өзгеруі — жастың ұлғаюының ең айқын көрінісі болуы мүмкін. Шамамен отыз жастан бастап адамда ақ шаштар пайда болады, өйткені фолликулалардағы пигментация қоры таусыла бастайды. Ақ шаштар уақыты келгенде айқынырақ білінеді, өйткені пигменттелген шаштар түседі де, олардың орнын ақ шаштар басады. Ер адамдарда да, әйелдерде де шаштар анық сирейді, ал көптеген ер адамдардың шашы түсіп, таздана бастайды.

Жыл өткен сайын тері өзінің серпімділігінен айырылады, ал ол жерде әжімдер пайда болады. Бұған коллагенмен және эластинмен (терінің серпімділігіне жауапты ақуызбен) жүретін өзгерулер себеп болады. Ең биік бой адам орта жаста болғанда болады, өйткені осы кезеңде метаболизм баяу өтеді, бірақ қарттықта адамдардың салмағы едәуір төмендейді. Бұлшықет тіндерінің орнында, әсіресе тұла бойда май тіндері пайда болады, сол кезде аяқтар мен қолдар әдетте жіңішкереді. Қарттардың, әдеттегідей, бойлары аласарады, өйткені омыртқалар бағанындағы омыртқалар арасындағы аралық тығыздалады.

Жыл өткен сайын шаш бастапқы түсін өзгертіп, ағара бастайды. Терідегі коллаген мен эластиннің мөлшері төмендейді, және ол азырақ серпімді болады, әжімдер пайда болады.

Ішкі өзгерулер

Физиологтардың зерттеулері жас ұлғая жүрек, бүйрек және өкпе сияқты көптеген өмірлік маңызы бар организмдер жұмысының тиімділігі төмендейтінін көрсетеді. Қартаю үдерісі адамның ішіндегі өзгерістерге де себеп болады. Көптеген ішкі организмдер — бүйрек, көкбауыр, ұйқы безі, өкпе және бауыр — жыл сайын кішірейеді және жұмыс жасау тиімділігі төмен болады, өйткені жыл өткен сайын оларды құрайтын жасушалар біртіндеп бұзылады.

Қартаю қан айналымына ықпалын тигізеді. Жүректің қанды айдап шығаруы едәуір әлсірейді, және адам организмі дене жүктемелеріне немесе күйзеліске жүрек бұлшықетінің жиырылу жиілігінің жоғарылауымен жауап береді. Денені бойлап өтетін қантамырлар (көктамыр, артериялар және қылтамырлар) серпімділігін жояды және қаттырақ бола бастайды.

Сүйектер өте сынғыш болады, өйткені олардағы кальций мөлшері төмендеп, егде жастағы адамдардың тіпті жай құлағанның өзінде сүйектері сынып кетуі мүмкін. Біздің организмімізде қорғаныш-реттегіш механизмдер бұрынғы тиімділігінен айырылады, дене сыртқы ортаға бейімделіп үлгермейді. Қарттар температураның жоғарылауына немесе төмендеуіне өте сезімтал болады, оларда сауығу үдерісі ұзаққа созылады. Иммунды жүйе функциясының біртіндеп төмендеуінен жасамыс адамдар жұқпаларға және ауруларға қарсы өте әлсіз болады.

Қолданылған әдебиет: Егде жастағы денсаулық / Питер Абрахамс; орыс тілінен аударған: Ұ. Тілегенова.

#Денеміз #қалай #қартаяды