Денеден қан шықса дәрет бұзыла ма?

0

Денеден қан шықса дәрет бұзыла ма? казакша Денеден қан шықса дәрет бұзыла ма? на казахском языке

Ханафи мәзһабы бойынша дәрет жолдарынан тыс, дененің басқа да жерінен аққан нәжістер дәретті бұзады [Маусули, Ихтияр: 1- том, 49 бет.]. Құранда «аққан қанды» нәжіс деп айтқандықтан [Әнғам сүресі — 145 аят.], денеден шыққан қан айналасына жайылса дәретті бұзады. Бұған мына хадис дәлел:

عن تميم الداري عن رسول الله — صلى الله عليه و سلم — انه قال: «الوضوء من كل دم سائل» اخرجه الدارقطني

Сахаба Тамим әд Дәри ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) мына хадисті риуаят етеді: «Барлық аққан (жайылған) қаннан дәрет бұзылады» [Дәруқұтни 1/157; әл Кәсәни, Бәдәиғ, 1-том, 228 -бет.].

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!