Деформация.Серпімділік күші

0
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Деформация. Серпімділік күші Мектектеп: Ақтау қаласы «С.Қондабай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айтмуратова Эльвира Пәні: Физика Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Деформация. Серпімділік күші Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру Сабақтың мақсаты Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Бағалау критерийі -Білу және түсіну. Барлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырадыҚолдану Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.-Талдау Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия Тілдік мақсаттар ҚазақшаКүшСерпімділікГук заңыДеформация Сығылу Созылу Бұралу МайысуЫғысу Серпімді Пластикалық Орысша СилаУпругостьЗакон Гука Деформация Сжатие Растяжение Кручение Изгиб Сдвиг Упругий Пластичный Ағылшынша Ғorce Elasticity Hooke’s law Deformation Compression Stretching Torsion Bending Shift ElasticPlastic Құндылықтарға баулу
  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
  • жауапкершілік;
  • қарым – қатынас жасау қаблеті.
  • экологиялық тәрбие
  • Пәнаралық байланыс Математика,тарих Алдыңғы білім №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы

    3 мин

    Сабақтың ортасы25 мин

    Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» орналастыру;— әртүрлі геометриялық кескіндер арқылы үш топқа бөлу;І топ: «Аристотель» ІІ топ: «Архимед» ІІІ топ: «Аль Фараби»

    Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

    Білу және түсіну 10 минутОқулықтағы мәтінмен жұмыс1- тапсырмаОқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау мақсатында үш топқа әр түрлі сұрақ беріледі; «Үш басқышты интервью» әдісіарқылы жүргізіледі Н ені үйренуіміз қажет? Осы тақырып бойынша нелерді білесіз?

    1-топ Серпімділік күші дегеніміз не?2- топ Гук заңы нені анықтайды?3- топ Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.

    Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады. Роберт Гук жайлы мәлімет. Кім Гук туралы қысқаша айтады?Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты. 1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.1703 жылы қайтыс болды. Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l — l0 — дене ұзындығының өзгеруіДенелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады. Деформация денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады. 1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды. 2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды. Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды! 

    Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.Дескриптор: Білім алушы -Серпімділік күші жайлы түсінігі бар -Гук заңын анықтап біледі. -Деформация түрлерін біледі.

    №2 тапсырма. С. Практикалық жұмыс Тақырыпты қайталап есептер шығару: 1топ

  • Болат серіппе 160Н күштің әсерінен 50мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?
  • Шиыршық серіппенің ұзындығы 4,5 см-ге қысқартқанда 1,8 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 3,2 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
  • 2-топ

  • Есікті ашқанда оның серіппесі 28 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,006кН тең, серпімділік күші 15Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?
  • 220Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 8мм-ге сығылады. 1,9кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады? 3-топ
  • 1.Жай тұрған серіппенің ұзындығы 92 мм, оны 110 мм-ге дейін ұзартқанда 140 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 80Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.2.Серіппенің қатаңдығы 8*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 17мм. Егер серіппеге 60Н, 90Н және 120Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?Дескриптор: Білім алушы: -Серпімділік күшін анықтай алады. Серппенің қатаңдығын анықтай алады. Оқулық, көрсетілімдер, видеороликтер

    Сұрақ-жауап

    Интерактивті тақта

    Сергіту сәті 5 мин «Тізбектен шығып қалма» әдісі

    Бұл әдіс оқушыларға физикалық шамалардың әріппен белгіленуін, өлшеу бірліктерін, формуласынтез жаттауда көмектеседі. Тақтаға оқушыларды шығарып, тізбек құрып, бір физикалық шама айтқызып, басқа оқушылар ол шаманың формуласын , өлшеу бірлігін, үлкен өлшеу бірліктерін, өлшеуге арналған құралды, сол құбылысты зерттеген ғалымды жалғастыру тапсырылады. Білетін оқушы тез жалғастырып кетеді де, нашар білетіндер тоқтап қалып, тізбектен шығып қалады

    Сабақтың соңыБекіту 7 мин Сабақты бекіту:

  • Бүгінгі өтілген тақырыптағы айтылған мәселелердің қайсыбірі сіздер үшін ең маңызды екендігін түсіндірің ?
  • Бүгін үйренілген білімдерді тұрмыста қалай қолдана аласыздар?
  • Не нәрсе ең қызықтысы болды? Ең күрделісі қайсылар?
  • Ой қорыту . Кері байланыс БББ кестесіБағалау

  • Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалайды
  • Топтар бірін -бірі бағалайды
  • Мұғалімнің бағасы
  • Үйге тапсырма беру: Теориялық: Деформация. Серпімділік күші.Практикалық: « Сөзжұмбақ» құрастыру

    Тігінен : 1. Күшті өлшеуге арналған құрал.Көлденеңінен:

  • 1.Энергияның өлшеу бірлігі.
  • Алып ғаламшар.
  • Аспан денелері туралы ғылым.
  • Температураның өлшеу бірлігі.
  • Ауа қабығы.
  • Элементар бөлшек.
  • Қысымды өлшеуге арналған құрал.
  • Сұйық тығыздығын өлшеуге арналған құрал.
  • Дене пішінінің,өлшемдерінің өзгеруі.
  • Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады

    СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін.Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Өзін-өзі және бір-бірін бағалау Мұғалімнің бағалауы ДК жұмысТҚ негізгі ережелеріСергіту жаттығу Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1:2:

    Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1: 2:

    Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?