Дауыссыз дыбыстарды қайталау слайд, презентация — Қазақ тілі
Дауыссыз дыбыстарды қайталау слайд, презентация
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК:
бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;
ТӘРБИЕЛІК:
— Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
— Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : Білімді пысықтау
Сабақтың әдіс-тәсілдері :
сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.