Дастарқанды жаяйық балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы: Дастарқанды жаяйық
Мақсаты: 1. Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық ыдыстарының суреті.
Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Бүгін біз қызық сабақ өтеміз.Мен сендерді қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын.Көрмеде экспонаттар бар.
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін,
Ол халқымның ақжаны
Жақсы дәстүр маржаны,
Кең пейіл де арайлы,
Осы жерден тарайды. (Дастарқан)
-Дастарқан жаямыз.
V Жаңа сабақ
Балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік беру.Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын,ерекшелігін қандай материалдардан жасалғанын,тұрмыста қолданылуын талдап,ол туралы түсінік беру.Ыдыстардың кейбірулері теріден жасалғанын айту.Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтынын айту.
Сергіту сәті
VI Пысықтау
Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен дастарқан жаяды.
Еңбек,еңбек
Еңбек бәрінде жеңбек
VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Тамақ ішкенде дастарқанға не қойылады?
-Қазақтың ұлттық ыдыстарын ата.
-Олар неден жасалады?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!