«Дәрумендер» 5 сынып

0
213









«Дәрумендер» 5 сынып

Автор: Орынбаева Асель Кайшибековна

Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Сыныптан тыс іс шара. Дәрумендер тақырыбы бойынша ағзадағы түрлі дәрумендер түрлері, тағам пирамидасы негізі алға қойылып жазылған




Сыныптан тыс іс –шараның тақырыбы: «Дәрумендер». Мақсаты: Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, жеміс –жидектерге толған себет,жұмбақтар шешу, мақал мәтелдер, буклет.Барысы:Мұғалім: – Армысыздар құрметті ұстаздар және қонақтар!«Дәрумендер» деп аталатын сыныптан тыс іс- шарамызды ашық деп жариялаймыз! Ең бірінші дәрумендер туралы қысқаша мәліметтерді бейнероликтен ташалайық!!(Витаминдер)Елбасымыз «Білімді ұрпақ – болашақ» деген. «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін «10 ә» оқушыларына сөз берелік.Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 1-оқушы: Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін. (АйгерімАл мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. (Зарина) Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі. (Дильназ). Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар. (Аяжан

Мұғалім: – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз. 10 «Ә» сынып оқушыларына сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер. Жеміс атауын екі тілде атау қажет.

1 «Жұмбақтар» 1.     Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті.              (Қарбыз – арбуз)

2.     Үлкендігі алмадай,Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң-       Майда , майда қызыл шоқ .( Анар – гранат)

3.     Қалың киім ұнатады,Шешіндірсең жылатады. Ол не?( пияз – лук)4.     Сырты тәтті, іші тәттіОртасы сүйек қатты(өрік — урюк)

«Дәрумендер- денсаулық кепілі» атты тақырыпта постер қорғау.3 «Кім көп біледі?» . Витаминдер ғылыми атауын атайды.А- ретинол В1- тиамин В2- рибофлавинВ6- придоксинВ12-цианокобаламинС- аскорбин қышқылыД- кальцийферол

Мұғалім: Дұрыс тамақтану өз тамақтану рационымызды пайдалы жемістер мен жидектер қолдану.Дәрумендер- денсаулығымыздың кепілі!

(Қызықты бейнеролик Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Таңғы асқа не ішеді? ) Бейнероликті тамашалаймыз!Дұрыс тамақтануды таңдап зиянды фаст- фуд тағамдарынан бас тартайық!

Көрермендермен ойын. Көрермен көзін байлап, ұстап көру арқылы табады.Корзинада жемістер мен жидектер жасырынған. Сол жемістерді қолмен ұстап табу қажет. Таңдаған жемістер мен жидектің құрамында болатын витамин атау қажет.

Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық –ақ жаулық,Үшінші байлық-он саулық !Дендеріңіз сау болсын, басымыз аман болсын!

Қорытынды: «Дәрумендер» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды! Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін рахмет! Келесі кездескенше ұстаздар мен қонақтар! Өміріміз мәнді, ағзамыз дәруменге бай болсын!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.