«Дәрумендер» 5 сынып
«Дәрумендер» 5 сынып
Автор: Орынбаева Асель Кайшибековна
Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-27
Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара. Дәрумендер тақырыбы бойынша ағзадағы түрлі дәрумендер түрлері, тағам пирамидасы негізі алға қойылып жазылған
Мұғалім: — «Бірінші байлық — денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз. 10 «Ә» сынып оқушыларына сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер. Жеміс атауын екі тілде атау қажет.
1 «Жұмбақтар» 1. Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті. (Қарбыз – арбуз)
2. Үлкендігі алмадай,Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ .( Анар – гранат)
3. Қалың киім ұнатады,Шешіндірсең жылатады. Ол не?( пияз – лук)4. Сырты тәтті, іші тәттіОртасы сүйек қатты(өрік — урюк)
«Дәрумендер- денсаулық кепілі» атты тақырыпта постер қорғау.3 «Кім көп біледі?» . Витаминдер ғылыми атауын атайды.А- ретинол В1- тиамин В2- рибофлавинВ6- придоксинВ12-цианокобаламинС- аскорбин қышқылыД- кальцийферол
Мұғалім: Дұрыс тамақтану өз тамақтану рационымызды пайдалы жемістер мен жидектер қолдану.Дәрумендер- денсаулығымыздың кепілі!
(Қызықты бейнеролик Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Таңғы асқа не ішеді? ) Бейнероликті тамашалаймыз!Дұрыс тамақтануды таңдап зиянды фаст- фуд тағамдарынан бас тартайық!
Көрермендермен ойын. Көрермен көзін байлап, ұстап көру арқылы табады.Корзинада жемістер мен жидектер жасырынған. Сол жемістерді қолмен ұстап табу қажет. Таңдаған жемістер мен жидектің құрамында болатын витамин атау қажет.
Бірінші байлық — денсаулық,Екінші байлық –ақ жаулық,Үшінші байлық-он саулық !Дендеріңіз сау болсын, басымыз аман болсын!
Қорытынды: «Дәрумендер» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды! Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін рахмет! Келесі кездескенше ұстаздар мен қонақтар! Өміріміз мәнді, ағзамыз дәруменге бай болсын!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.