Дәрілік өсімдіктер туралы слайд,презентация

0

Дәрілік өсімдіктер туралы слайд,презентация

 

Дәрілік өсімдіктер

 

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады
Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық  қосылыстары бар негізді заттар.Өзінің атын арабтың “алкалис”- негіз және  гектің “ейдос”- ұқсас, яғни негізе ұқсас деген сөзінен алған. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен  жүйкені  қоздыру және басу  үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттері де бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.    

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!