Дәнекер ұлпасы | Скачать Реферат
Тақырыбы: Дәнекер ұлпасы
Жоспары:
1. Кіріспе
а) Дәнекер ұлпа – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіреді.
2. Негізгі бөлім
1) Дәнекер ұлпасының құрылысы, атқаратын қызметі
2) Дәнекер ұлпасының түрлері:
а) Ретикулярлы ұлпа
б) Борпылдақ дәнекер ұлпасы
в) Тығыз дәнекер ұлпасы
3. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Тақырыбы: Дәнекер ұлпасы
Дәнекер ұлпа (Textus connectives, лат. Textus – ұлпа және
connectives – дәнекерлік) – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына
кіретін , демде ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып,
организмның ішкі ортасын құрайды. Олар эпителидің астын төсейді. Сонымен
қатар органдардың қабығын түзіп организмдегі ұлпалардың қабатын толтырып
отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер
ұлпасы арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуын жүзеге асыратын
ұлпа болып саналады. Сондықтан ол қан мен бірге тропикалық және қорғаныштық
маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа
механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері ажыратылады:
1. Ритикулярлық ұлпа
2. Борпылдақ дәнекер ұлпа
3. Тығыз дәнекер ұлпасы.
Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан
дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын
талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен,
хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе
қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Бұл ұлпалардың құрылысының аралық
затардың құрылысына және әр түрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне
байланысты болады.
Аралық заттар — әр түрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады.
Талшықтардың үш түрі болады.
1. Коллагенді
2. Эластикалық
3. Ретикулярлы
болып бөлінеді.
Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашық
орналасады. Дәнекер ұлпасының клеткалары:
1. Фибробласт
2. Гистиоциттер
3. Майлы клеткалар
4. Пигментті клеткалар
5. Қанның клеткалары
Борпылдақ дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен
сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің
астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып
тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан,
коллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың
арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары:
фибробластар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май
және пигментті клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі –
лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының
клеткааралық заты талшықтар мен аморфты затан тұрады.
Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті қамтамасыз ететін
қасиет береді. Талшықтардың үш түрін ажырытады: коллагендік, эластиндік
және ретикулярлық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды.
Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы
қасиетіне қарай кологендік деп атаған. Эластинді талшықтар эластин
белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе
серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік
талшықтарға қарама – қарсы. Олар өте созылмалы және оңай үзіледі.
Ретикулярлық талшықтар жай әдістермен өңдегенде нашар байқалады. Дәнекер
ұлпаны күмістің тұздарымен өңдеген кезде жақсы көрінеді, сондықтан
аргирофилдік талшықтар деп аталған. Бұл талшықтар өте жіңішке, қысқы,
жиналған кезде тор түзеді, ретикулярлық (ретикула – тор) деп аталуы осы
қасиетіне байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтарының арасында
борпылдақ дәнекер ұлпасының негізгі заты деп аталатын құрылымы жоқ зат
болады. Кейін оны клеткааралық заттың аморфты компаненті деген. Аморфты зат
ұлпалардың тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары молекулалық қышқыл
мукополисахаридтерден, гепариннен, гимлурон және хондроидтин күкірт
қышқылдарынан тұрады.
Фибробластар (латынның фибро – талшық, гректің бластос – ұрық)
борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпасының негізгі клеткалары.Фибробластар
мезенхимадан немесе перициттерден пайда болады. Солған боялатын
эндоплазмалық және қанның боялатын эндоплазмалық зонасы. Фибробластының
эндоплазмасы органоидтарға бай келеді. Сопақша пішінді ядросында осы
эндоплазмасында орналасқан. Фибробластар бөліну қабілетін сақтаған. Әдетте,
қозғалмайтын клеткалар, бірақ кейбірі жылжып қозғалатыны байқалады.
Фибробластар клеткааралық заттың түрлі компанентерін синтездейді, бірақ
бұлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық клеткааралық затты
түзішу бір ғана клеткалар емес. Жіктеле келе фибробластар бірте – бірте
қартайып, көбею қабілетінен айырылып, фиброцитке айналады. Бұлар даму
кезеңі аяқталған фибробластар. Фиброциттер бөлінбегенмен, клеткааралық
заттың белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің
борпылдақ денекер ұлпасындағы саны шамамен фибробластылардай болады.
Функциясы жағынан фибробластылардан өзге, дәнекер ұлпасының клеткааралық
затын құрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.
Борпылдақ дәнекер ұлпада гистиоциттер ұсақ қан тамырлары мен
май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде
гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды
фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші перменттерінің көмегімен оларды
қорытады. Қабыну ошағында гистиоциттер үлкейіп, өсіп макрофагтарға
айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық клеткаларымен қоссылып, организмнің
ретикула – эндотелийлік жүйесін құрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда
псевдоподиалардың көмегімен амебаша қозғала алады, пішіні айнымалы.
Цитоплазмасы фибробластікіне қарағанда қанық боялады, клеткаларға тән
органоидтардың бәрі де болады. Пішіні тұрақсыз болуынан және физиологиялық
қасиеттері түрліше болуына байланысты гистиоциттер полибласттылар, кезеген
клеткалар т. б. деп аталады.
Май клеткалары немесе липоциттер ретикуларлық клеткалар мен
гистиоцитерден пайда болады. Цитоплазмасында май жиналады. Сүтқоректілер
мен адамның май ұлпасы ақ және қоңыр май ұлпалары болып бөлінеді.
Ақ май ұлпасы адамды құрсақтың төменгі бөлігінде, … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz