Қазақша өмірбаян: Әбіл-Серік Әліәкбар (1965)
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар: “Қазақ казиносы” зерттеу жинағының (1998), “Шәкірттерге өлең жазуды үйрету” әдістемесінің (1995), “Жаза” детектив әңгімелер жинағының (2004), “Ертегі әлемінің абызы” монографиясының (2012), қосар авторлықпен шыққан “Абай дәуірі және Мәшһүр-Жүсіп романтизмі” монографиясының (2013), “Поэтикалық сөздік”, “Түрме тілінің сөздігі”, “Түркі халықтарының мифологиялық сөздігі”, “Қазақ тіліндегі жаңа атаулар сөздігі”, “Әдебиеттану сөздіктерінің” авторы, А.Н. Поспелов, П.А. Николаев, И.Ф. Волковтардың “Әдебиеттануға кіріспе” оқулығын, Макс Верлидің “Жалпы Әдебиеттану” оқулығын және В.Хализевтің “Әдебиет теориясы” электронды оқулықтарын аударған. Мақалалары: «Ұлт кз», «Абай кз», «Мақала кз», «Жақсы кз», «Ел кз» т.б. сайттарда жарияланып тұрады. Асық ойындары мен Қазақтың күш бессайысы туралы мақалалары 1995-1998 және 2013 жылдар аралығында республикалық спорт басылымдары мен сайттарына (Алашарена) шыққан. Алаш Асық федерациясын және қазақ преферансы лигасын құрудың идеясын тұңғыш көтеріп, әлемдік деңгейдегі “Үш табан” және “Шеңбер” ойындарының жаңа ережесін жасап шығушы, әрі интеллекталдық меншік иесі. Қазақ этнографиялық құмар ойыны “Төртқұмардың” (Дәртікемнің) түрлі ойналуын қазақтың соңғы көне көз барымташыларынан республиканы аралап жазып алушы. Марк Твен туындыларын қазақ тіліне аударып “Әдебиет әлемі” журналына шығарып жүр. Әдеби-теориялық мақалалары “Жұлдыз”, “Әдебиет айдыны”, “Ақ Ертіс”, “Өтукен” т.б. республикалық және облыстық басылымдарда тұрақты жарып көріп келеді. Қазір Асқар Алтай, Думан Рамазан және Ақберен Елгезектердің шығармашылығына қатысты алаш постмодернизмі туралы әлемдік әдеби процеспен байланыстылықтағы әдеби-теориялық көлемді еңбек жазып жатыр. Екі ұл, бір қыздың әкесі. Қазір ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында тұрады.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!