Қазақша өмірбаян: Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы (1966)

0

Қазақша өмірбаян: Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы (1966) казакша Қазақша өмірбаян: Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы (1966) на казахском языке

Қазақша өмірбаян: Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы (1966)Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы 1966 жылы 17 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Қызылорда Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтының (1987-1992) тарих факультетін үздік дипломға, Қ.А.Яссауи атындағы мемлекеттік қазақ-түрік университетінің (1993-1998) заң факультетін бітірген. 1995 жылдан заңгерлік қызметтер атқарып келеді.

Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Мемлекеттік қызметте жүріп шығармашылықпен айналысумен тұрақты шұғылданған. 1995 жылдан осы кезге дейін 50-ден аса мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жарияланған.

Мынадай кітаптарды қосалқы автор құқымен шығарған: 2001 жылы Е.Жұмағазиев пен С.Сулейменнің орыс тіліндегі «Мир юриспруденции в высказываниях, афоризмах и крылатых словах» атты кітабы «Данекер» баспасынан, 2001 жылы Е.Жұмағазиев пен С.Сүлейменнің «Заңдылық пен Әдiлдiкке құштарлық» атты кітабы «Жетi Жарғы» баспасынан, ал Е.Жұмағазиев, Т.Алданов, Г.Баймұратовалардың «Мастерство выступления на судебном процессе» атты кітабы «Юрист» баспасынан жарық көріп, көпшілікке тараған.

Мемлекеттік қызмет атқару барысында «В память 50-летия Байконура» мерекелік медалімен (25.05.2005 жылы) және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 25.08.2005 жыл) марапатталған.

Тарихи қанатты сөздер атты кітабын жүктеу сілтемесі арқылы ала-аласыздар!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!