Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғыс айтып өтем саған)

0

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғыс айтып өтем саған) казакша Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғыс айтып өтем саған) на казахском языке


Бір бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен әрине Мен едің
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз.
Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес,
Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес.
Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім
Ең негізгі куаныш боп есептелді сен үшін.
Қалжыраған сәттерімде қайғы-мұңмен қағысып,
Пейіліңді қанат етіп, сен жетуші ең ап ұшып.
Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде
Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде
Зор пенделік тарту күшін жеңе алғаның үшін де,
Саһ адалдық ауасымен дем алғаның үшін де,
Маған шексіз және шетсіз сене алғаның үшін де,
Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.