Қазақша өлең: 15 Сәуір — Махаббат & Ғашықтар күні (Қыз сыры)

0

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні-
Жолықтым саған.
Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні-
Біз түсінік таппадык.
Қыз-намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз-жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін-
Кінәладың мені.
Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып,соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін-
Мен кінәлі емеспін.
Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз-тәкаппарлығымды игенім үшін-
Кінәла мені.
Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін-
Кінәла мені.
Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі «менімді» жоғалтып,»БІЗ» дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін-
Кінәла мені.
Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін-
Түсін мені!