Қазақша өлең: 1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні (Елін сүйген елбасы-Нұр аға)

0

Қазақша өлең: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елін сүйген елбасы-Нұр аға) казакша Қазақша өлең: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елін сүйген елбасы-Нұр аға) на казахском языке

Сарышаған кентіндегі ЖОББ
мектебінің 9 «А» сынып оқушысы
Бөгембай Анель

Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.

Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.

Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!