Қазақша эссе: Құстар — біздің досымыз

0

Қазақша эссе: Құстар — біздің досымыз казакша Қазақша эссе: Құстар — біздің досымыз на казахском языке

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
1«А» класс оқушысы
Айтбенбет Темірлан
Жетекшісі Табылдина Баглан

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол — өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды.

Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар — біздің досымыз!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!