Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің

0

Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің казакша Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің на казахском языке

Соғыс — атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы — қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан ** жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді.Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.Р Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы Ә. Молдағұлова М. Маметова Т. Бигелдинов М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қәзіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде,тіпті есімдеріне байланысты көшелер,кітап- жинақтар,ауыл атаулары берілді.Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті,Жеңіс үшін не істемеді десеңші?Сол себепті батыр ата-әжелеріміздің ерлігін ұмытпай,жадымызда мәңгі сақтайық!


Атырау қаласы
А.С. Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі
7 «Г» сынып оқушысы Насух Саягүл


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!