Қазақша шығарма: Ұстаз
Ыбраи Сымбат
8 сынып, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Жетекшісі: Қожаниязова З.
Қазақ даласында алғаш ұстаз атанған ол — Ыбырай Алтынсарин. Ол барлық балаларды «Кел, балалар оқылық!»,- деп оқуға, білім алуға шақырды.
Осы бір өлең жолдары қазіргі кезде көптеген мектептің маңдайшаларында ілулі.
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолымызға қалам ұстатып, әріптерді оқып, сандарды санап, оларды жазуға үйрететін, әр-түрлі өлең жолдарын жаттататын осы аяулы да, ардақты ұстаздарымыз. Осы ұстаздарымыздың арқасында біз жыл сайын сыныптан сыныпқа көшеміз. Әр сыныпта жаңа пәндер , оқулықтар қосылады, жаңа ұстаздармен танысамыз, білімге білім қосамыз. Мына бір өлең жолдарында айтылғандай:
Мектебің, мынау класың!
Осында он жыл тұрасың .
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
Әрбір оқушы алғаш табалдырығын аттаған мектептерімен 11-сыныпта қимай қоштасады. Мектеп бітіруші түлек болғаннан кейін арман қуып өздері қалаған мамандықтарына жоғары оқу орындарына түседі. Біздің болашақта қандай тұлға болып қалыптасуымызға осы ұстаздарымыздың бізге берер үлесі зор. Ұстаздардың еңбектерін айтып жеткізу мүмкін емес. Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстаздарға мың алғыс!
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!