Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр — Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысына 70 жыл!)

0

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлы Отан соғысына 70 жыл»

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б. Момышұлы “Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды” деп өз ойын айтып еді.

Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйел — дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова және Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі. Ата — бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Менің ойымша, қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып, жайбарақат отыра алмайды. Мұны жадымыздан шығарып, өшіріп тастау біздің қолымыздан келмейді, Өйткені Ұлы Отан соғысы бізге өз туған тілімізді, жерімізді, отбасымызды және қасымызда жүрген туған — туыстар мен достарымызды қадірлеп, бағалай біле білу керек екенін көрсетті.

Бірақ, соған қарамастан ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс — күйртеуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет — журнал материалдары немесе кинолар, радио телехабарлар ата — бабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта жеткізді. Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін. Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанады. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне барады. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберіледі. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл — күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. Себебі, барлығымыз тату — тәтті, достықпен, бірлікпен өмір сүріп жатырмыз. Мұның барлығы ата — бабаларымыздың арқасы деп ойлаймын.

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.

Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны — көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең — алтын төрміз.

Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.

деп өзім шын жүректен өлең шығардым. Біз ата — бабаларымыздың алдында бас иіп, құрметтеуіміз, бұл адамгершіліктің белгісі. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш — бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Б. Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі — ел есінде» — демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымызбен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Қазағым үшін, Отаным үшін толғанам,
Жас ұланның ұланы мен болам.

Егер біз өз тәуелсіздігімізді алмасақ. Өзге елдің қол астында өмір сүріп, жұмыс істейміз. Сонда қазақтар біреулерге тәуелді болып, еркіндік деген не екенін білмей қалатын еді. Қазақ деген халық болмай, өз жерімізде қорлық пен мазақтан басқа ешнәрсе көрмейміз. Құдайға шүкір біз егеменді елміз.

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт — берекең — атаң қымбат
Туып — өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат

Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем, көруге асығамын, сағынамын. Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды көркейтіп, өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын. Мен ата — бабаның, ата — анамның, туған — туысымның, дос — жарамның үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш — жігерімді салып, уәдемді орындаймын. Мұндай іске біздер, Қазақстанның азаматтары бір — бірімізге көмектесеміз деп ойлаймын. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш — жігерімді салып, уәдемді орындаймын және еліміздің барлық жастарын шақырамын.