Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде — Астана күні (Бәйтерек)
Саласы: «Тіл дамыту»
Бөлімі: «Жапсыру»
Мақсаты:
1. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып, Елордамыз – Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.
2. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шығармашылыққа жұмысты ретімен атқара білуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар.
Методикалық әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ — жауап. Раунд — Робин.
Оқу іс — әрекетінің барысы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
— Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей, бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Балалар, біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіміз
1 — Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады.
Тақырыбы: Бәйтерек
— Балалар, айтыңдаршы, біздің Республикамыз, яғни еліміз қалай аталады?
— Қазақстан
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!
— Жарайсыңдар, біз қай тілінде сөйлесеміз?
— Қазақ тілінде
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
— Мемлекеттік Рәміздерді атай аламыз ба?
— Ту, Елтаңба, Әнұран
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Толқыған дәні бар,
Мамырланған малы бар
Қыран қанат әні бар.
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар.
Әнұран – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мың қайталап айтам мұны.
— Жарайсыңдар, елордамыз қай қала?
— Астана қаласы
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап — жас болып,
Біз үлкен болғанда да.
— Елбасымыз кім?
— Н. Ә. Назарбаев
Халқымыздың тірегі,
Арман үміт тілегі,
Ел деп қала соғады
Елбасының жүрегі.
— Өте тамаша. Балалар, елбасымыз қай қалада тұрады?
— Астанада
Астана қаласы туралы суреттер экраннан көрсетіліп, түсіндіріледі.
Сергіту сәті.
— Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
— Балалар біз қазір
Бәйтеректің бейнесін түрлі — түсті қағаздан жапсыру
Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып, балаларды бәйтеректің бейнесін жапсыруға жұмылдыру. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін жапсырады.
Қорыту, рефлексия
1 Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
— Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс — әрекетімізді әдемі өлеңмен аяқтайық.
Сөнбе ешқашан күніміз!
Тілейді мұны еліміз!
Тілейді мұны жеріміз!
Тілейміз мұны бәріміз!
3. Қуанышты хабарлама тарату. Бәйтерек бейнесі.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алды.
Түсінеді: Жұмысты ретімен, тиянақты орындау керектігін.
Жасай алады: Түрлі түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.