Қазақша тақпақ: 1 Қазан — Қарттар күні (Ата, әже, апа)
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.
Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Атама арнау
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2 «Б» сынып оқушысы: Мақсұт Ботагөз Шалқарқызы
Сынып жетекшісі: Кенжахынова Мархаба Ермекқызы
Аяулы да ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет» — деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін.
Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
Менің атам
ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
«Т.Аубакиров атындағы ЖОМ»
2 «Ә» сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна
Қыдырып бардым атама,
Қалыпты атам ауырып.
Мейірімді аташым,
Айтшы маған аташым,
Тиді саған қайсы дерт,
Қорқытайын сол дертті.
Дәруменді ішкізіп,
Сауыққын сен тезірек.
Мен ішкізсем дәрумен,
Жазылшы сен аташым.
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Ата күні — әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата — әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Атама
Аташым менің тірегім.
Көп еді- ау сенің тілегің.
Атыңды сенің ардақтап,
Жүремін әр кез мақтанып.
Көп жүріп кейде ойланам,
Атам жайлы толғанам.
Аташым болса қасымда.
Қуаныштан шаттанам.
ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы
3-сынып оқушысы Асан Нұрсұлтан
Аталарым
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы: Қорғұлсұлтан Дамир Дидарұлы
Сынып жетекшісі: Қойшыбекова Гүлзипа Молдаханқызы
Өзіме ұнайды ғой өлең жазған,
Ертеде ата-бабам ақын болған.
Білгенім, Рахметбай ата өз сезімін,
Өлеңдетіп түсіріпті ақ қағазға.
Мен әлі баламын ғой кіп-кішкентай,
Өседі ғой, арғымақ боп құлын-тай.
Ұлы Абай, Мұқағали, Жамбыл ақын,
Мен үшін олар үлгі мәңгі болғай.
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ақ әжем
№ 10 “Қызғалдақ” тобының
Тәрбиеленушісі: Хайром Назерке Асылбекқызы
Тәрбиешісі: Акимова Айнұр
Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Тәттілерін сақтайды,
Нәзеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.
№49 жалпы орта білім беретін мектептің
МАД тобының тәрбиеленушісі: Сейдуллаев Темірлан
Тәрбиешісі: Давлетова Тойған Сапаровна
Гүлдей жайна, бақ әжем,
Жақсы көрем өзіңді,
Ауырмашы, жан әжем!
Әжеме
Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы
№ 119 жалпы орта мектебінің
1 сынып оқушысы: Райымбек Рауан
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы
Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.
Әжем менің
Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы
Әжем менің осындай
Шәй қайнатып беретін
Әжем менің осындай
Өлең айта білетін.
Атай
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең…
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
Әнуарбек Дүйсенбиев