Қазақша тақпақ: 1 Маусым — Халықаралық балалар қорғау күні

Балалардың бақшасында бүгін той —
Балаларды қорғау күні, біліп қой!
Алақай-ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақан!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!
Алақай-ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
Тіліп алып тәрбиеші тәтелер,
Гүл жинайық елімізде мәпелер!
Алақай-ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша