Қазақша сценарий: Балабақша | Жаңа жыл
Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір, қоян, Клоун, бастауыш сынып оқушылары.
Сценарий түрі: карнавал
Сценарий барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі- екіден залға кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Санура Хамзақызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән Аппақ-аппақ, жапалақтап….
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?
3-сынып оқушысы: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,
Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Жүргізуші: 1) онда біз «кім жеңеді?» ойынын ойнайық .(4 орындықпен)
2) Клоун сиқыр көрсетеді.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып
алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?
Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?
Балалар қолдарын көтеріп :
— сауат ашу үшін
— жазу
— сызу
— санау
— кітап оқуды үйрену үшін
— сурет салу үшін
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)
Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)
Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)
Жүргізуші: Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: Иә!
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата:
Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Аязата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
Аязата: балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?
(2 оқушы қол көтереді де, тақпақтарын айтады)
Оқушы: Қардай аппақ әдемі,
Мұздай жалтыр кірпікті
Шанаменен зымырап
Келеді атын ұшырып.
Оқушы: Келеді бізге асығып,
Жолында оның тұрмаңдар!
Ханшайымдай ақ тонды
Жылы қолғап қолында.
Аязата: бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынандай тақпақтан кейін кідірмес. Клоун балам, кәмпит берейік екеуміз тақпақ айтқан балаларға (кәмпиттерін береді)
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңғақ бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар келеді)
Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал, сендер
Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге ….
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі ……
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын- күлкі таралсын
Құтты болсын …..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық, жақсы оқу салауат, Республикамыздағы Азияданы ала келдім.
Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.
Оқушы: Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны…
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Оқушы: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Оқушы: Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.
Оқушы: Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аязата келіп тұр.
Оқушы: Аязата ешкімді алаламас,
Шырша түбі сыйлықтан құры қалмас.
Қояндарға береді ойыншықтар
Оқушы: Жай емес ол ойыншық – жұмсақ қасқыр
Қорқақ емес ендігі қояндар да
Ойнайды олар, қолында бір – бір қасқыр.
Ақшақар ойын ойнатады.
Жүргізуші: біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай тамашалай берейік.
Оқушылардың Ән, би өнерлері, скетч
Аязата кәмпиттерін таратады.
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Шырша» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Аязата? Мінекей, балалар, сендермен қоштсатын да кез келді.
Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар