Қазақша сценарий: Балабақша | 22 Наурыз — Наурыз мейрамы (Жыл басы — Наурыз)

0

Сценарий тақырыбы: Жыл басы — Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Сценарий барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы — наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!

3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
— Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойналады.
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
— Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен?
( Тақтақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды
деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
— Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.
ІІІ. Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.