Қазақша сценарий: 25 Мамыр — Соңғы қоңырау (Сыңғырла, соңғы қоңырау!)

0

Сыңғырла, соңғы қоңырау атты сценарий өтетін күні: 25 мамыр 20** жыл
Сыңғырла, соңғы қоңырау атты сценарий өтетін уақыты: Сағат 9-00
Сыңғырла, соңғы қоңырау атты сценарий өтетін орны: Мектеп алаңы
Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі — түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Орналасуы: Мектеп алаңында сағат 9 00 — ге дейін сол жақ бетінде оқушылар, оң жағында бітіруші түлектер және 1 — сынып оқушылары, алаң төрінде мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар, алаңның шығыс жағына 30, 40 — жылдық иелері орналасады.

Музыка орындалады.
Орынгүл: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар және қонақтар!
— Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Сукашева Альбина Еркін қызы Сыныпта 23 оқушы.
Олар:
1. Сабанбаева Ақнұр Қалқамұратқызы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері.
2. Сейілова Нұргүл Мұхамбетқызы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері
3. Сыдықова Сәуле Кенжалықызы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері
4. Ахметов Ербол Серғазыұлы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері
5. Бекетова Шынар Бекетқызы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері
6. Қаленова Ақгүл Әбдімұратқызы — аудандық пәндік олимпиада жүлдегері
7. Бектурлинова Раушан Русланқызы – облыстық, республикалық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы.
8. Исенбаев Жаңабай Исенбайұлы – аудандық, облыстық, республикалық ХХІ ғасыр көшбасшы ойының жеңімпазы.
9. Кенжебайұлы Нұржау – грек — рим күресінің жүлдегері.
10. Әбдіхалықов Темірбек Сәбитұлы – «Мерген сарбаз – 20**» сайысының жүлдегері.
11. Әлиев асланбек Қуанышұлы – аудандық, облыстық ән байқауының жеңімпазы.
12. Досанов Абылай Бауыржанұлы – аудандық жеңіл атлетика жүлдегері.
13. Орманбай Қайрат — аудандық ауыр атлетика жүлдегері. «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафон эстафетасының жүлдегері.
11 ә сыныбы. Сынып жетекшісі: Қожанова Гүлмира Жақсылыққызы. Сыныбында 25 оқушы
Олар:
1. Сансызбаев Нұрбек – халқаралық «Ғұмыр — дария», республикалық «Асыл мұра» жыр — терме шеберлері байқауының жеңімпазы.
2. Тойлыбаева Айшат – аудандық пәндік олимпиада, ғылыми — жоба жүлдегері.
3. Қартабаева Назгүл – аудандық пәндік олимпиада, ғылыми — жоба, «Мерген ару» – 2011 сайысының жеңімпазы.
4. Асабаева Мөлдір – облыстық, аудандық «Мерген ару» әскери — патриоттық спорттық сайысының жеңімпазы.
5. Мұхамбетжанова Мөлдір – «Отан тарихы» республикалық интелектуалдық сайысының иегері
6. Орынбасарова Нұргүл -«Отан тарихы» республикалық интелектуалдық сайысының иегері
7. Сейдалина Анар, Мыңбаева Айнагүл — самбодан аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары.
8. Жүсіпов Ғабит, Сәнімов айдын, Дәуітов Әлішер, Сидақов Ерлік – аудандық баскетбол, валейбол жарыстарының жеңімпаздары.
9. Жаңажыл Ботагөз, Амангелдина Жансая, Өтегенова Бақытгүл, Көпжасарова Ақгүл – аудандық валейбол жарыстарының иегерлері.
10. Аманова Айдана, Кенжалы Әділет – тоғызқұмалақ, дойбы жарысының иегерлері.
Орынгүл: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар және қонақтар!
Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынымызға 1972 және 1982 жылы бітірген мектеп түлектері ортамызда.
30 жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Сағынышпен сан жылдар өтіп арада
30 жыл бұрынғы түлегің бүгін ортада
Осыдан 30 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан 1982 жылы бітірген 10 «а, г, д» сынып түлектерін шақырамыз.
Сынып жетекшісі Құрманова Күлпан Садыққызы
Ару: Балалық шақ — бәрі ыстық, ортақ бәрі
40 жыл болды жапқалы сол қақпаны
40 жыл болды мектептен түлеп ұшып
Әрқайсысы сан тарау жол тапқалы
Осыдан 40 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан 1972 жылы бітірген 10 «г» сынып түлектерін қол соға қарсы алайық. Сынып жетекшісі Қанатбаева Төлеутай Болсынқызы. Пән мұғалімі Жаниязов Әбдіжали Жұмашұлы
/30, 40 жылдық иелері алаңға шақырылады/
Орынгүл:: Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.
(Туды Жұбатов Мейірбек Саматұлы, Тілегенова Гүлхан Сәкенқызы, Жантурина Зәрухан Арыстанбекқызы алып шығады /
: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /

Ару: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл — сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл —
— Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл
— Кеңес Одағының Батыры І. Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл
— Шалқар қаласының құрылғанына 80 жыл
Ендеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмтылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.
Орынгүл: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
1. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызы
2.. Тыл ардагері Ахметов Қуаныш
3. ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер, зейнеткер ұстаз Төлеген Құдайберген Әбдіғалиұлы
Бота Бейсенованың сөзі не жазылған ән «Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Орындайтын 9 сынып оқушысы Ордаева Қызғалдақ
Ару: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата — аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектебіміздің
директоры Жолекенов Зинельабдин Еренғайыпұлына береміз.
Ж: Сөз Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Басмағанбетова Рита Құрманғалиқызына беріледі
Ж: Сөз ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер, зейнеткер ұстаз Төлеген Құдайберген Әбдіғалиұлына беріледі

Орынгүл: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстаздары Тұрғанбаева Бибігүл Молдағалиқызы, Қарасаева Венера Нағметтуллақызы, Өмірзақова Нағияш Аманқызын ортаға шақырамыз
Сөз түлектердің алғашқы ұстазы Тұрғанбаева Бибігүл Молдағалиқызына беріледі

Ару: Бірге өткізген күндерін, қыс — жазында,
Жазып шықты қаншама іс — қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Сөз кезегін түлектердің сынып жетекшісі Қожанова Гүлмира Жақсылыққызына беріледі
Орынгүл: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1 сыныптың құттықтаулары /

Ару:: Ата — ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата — аналар атынан тілек сөз Калбина Тыныштық Қуанышқызына сөз беріледі
Орынгүл: Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 11 сыныптардың әдеби — әуендік монтажы /
11 сыныптың түлектері атынан Сыдықова Сәуле Кенжалықызы мектеп аманатын 10 «а»сынып оқушысы Жұбатов Мейірбек Саматұлына тапсырады.
Ару: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 — дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 11 «ә» сынып оқушысы аудандық баскетбол, волейбол жарысының жүдегері Жүсіпов Ғабит Сәбитұлы, 10 «б» сынып оқушысы грек — рим күресінің жүлдегері Қонақбаев Мейрамбек Есенкелдіұлына тапсырады
Орынгүл 1. Мектеп директорының бұйрығымен таныстыру үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі. орынбасары Ахметова Марина Сүндетқызына беріледі
2. Мектеп оқушыларын марапаттау үшін сөз Оқушылар Сарайының ән — терме үйірмесінің жетекшісі Жылтырова Мейрамгүл Сәрсенқызына беріледі
3. Мектеп оқушыларын марапаттау үшін сөз самбо үйірмесінің жетекшісі Төлебаев Аманғали Төлебайұлына беріледі
1982 жылғы түлектердің сынып жетекшісі Құрманова Күлпан Садыққызына беріледі.
Сөз: 1982 жылы бітірген 10 «а, г, д» сынып түлектері атынан Жанғанашов Бағындық Дәлішұлына беріледі
Сөз: 1972 жылы бітірген 10 «г» сынып түлектері атынан Қиғашов Елуғазы Бердіғалиұлына беріледі.

Ару: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі — шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы Қайырмағанбетова Асылай Амантайқызы және 11 «а» сынып оқушысы грек — рим күресінен облыс чемпионы, пәндік олимпиада жеңімпазы Ахметов Ербол Серғазыұлына беріледі.
Орынгүл: Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Ән: «Көк тудың желбірегені» Сөзі Алмас Ахметбекұлы Әні Ермұрат Зейілхан
Орындайтын: Науанова Әйгерім Қуанышқызы
Ару: Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата — ана ақ батасын арнасын – дей келе тыл еңбеккері Қуаныш Ахметов ақ батасын түлектерге арнайды.
Сап түзелсін, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.
/ Әуен ойналып түру керек /
Орынгүл: Құрметті жас түлектер!
Сәт — сапар сіздерге. Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау — саламатта болыңыздар. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.