Қазақша Мақал — Мәтел: Өнер, Шеберлік және Ұсталық
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Жігіт көркі — өнер.
Ұл еркем өнерімен көркем.
Ата өнері — балаға мұра.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Қазаншының өз еркі
Қайдан құлақ шығарса.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Өнерліге есік ашық.
Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Қалауын тапса, қар жанар.
Болат біз қап түбінде қалмас.
Алтынды ала білген бөле де біледі.
Еңбек ептілікті сүйеді.
Өтпес пышақ қол кесер.
Өнерлінің өзегі талмас.
Өнерпаздың он қолы бар.
Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
Оймақ пішсең де ойлап піш.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Күш жақсы, күштен іс жақсы.
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
Өнер өрге жүзгізеді.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған.
Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін.
Ерінбеген етікші болады.
Өнерліге өлім жоқ.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
Тамызығын тапсаң, тас та жанады.