Қазақша Мақал — Мәтел: Әзіл — қалжың
Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
Тентекке тіл жаңғырады.
Ойнаған бота от басар.
Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар.
Тентек — жұртқа тентек, өзіңе мақұл.
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.
Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.
Елде бір тентек жүрмей ме.
Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.
Тентектің есі-дерті — бұзу,
Текенің есі-дерті — сүзу.
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Екі тентек елге сыймас.
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмай.
Шоқысқыш қоразға шыр бітпес.
Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.
Мысыққа ойын керек,
Тышқанға өлім керек.
Жасыңда қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.
Ойыннан от шығар.
Әзіл түбі — зіл.
Әзіл түбі — апат.
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
Әзіл — әзәзілден, қалжың — шайтаннан.
Әр әзілде бір мысқал шындық бар.
Жақсы құрбы келгенде,
Көңілде кір қалар ма?
Жақсы әзілсіз
Сөз шырағы жанар ма?
Ала қалжың, ақтай күлкі.
Әзілде кек жоқ,
Күлкіде шек жоқ.
Әділ биде әзіл жоқ.
Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.
Түймең түссе, түйедей әзіл айтады.
Біреуді мазақтағаның — өзіңді азаптағаның.
Қалжыңды түсінбегеннің қасында жүрме.
Аузында әзілі жоқтың,
Қолында шоқпары болар.
Орынды мысқыл оқтан да өткір.
Мысқылдың түбі — мүшкіл.
Бас жаққа барыспаған жөн.
Әзілдің алысқа бармағаны абзал.
Қаталдық қартайтады,
Күлкі көркейтеді.
Ауырды нар көтереді,
Әзілді жар көтереді.
Әзіл сөз әзіл емес, құрған тұзақ,
Тұзаққа түскен соң кетпейді ұзап.