Қазақша мақал — мәтел: Қонақ
Қонақтан аяғаның шайтанға бұйырар.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Ораздының отыз қонағы бір келеді.
Қонақ қонған жеріне ауыр,
Тас түскен жеріне ауыр.
Қонақ қойдан жуас,
Май берсе де жей береді.
Қонақ қонса, ет пісер,
Ет піспесе, бет пісер.
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
Қыдырлы қонақ қыдырып келер,
Қыдыры артынан шұбырып келер.
Қонақ алдымен қабағыңа қарайды,
Содан кейін табағыңа қарайды.
Қонақ атаңнан да үлкен.
Қонақ таңдап қонады.
Қонақ ырыздығымен келеді.
Қонақ:
таңертең тәтті,
түсте тұщы,
кешке кермек.
Әйелдің әдептілігі қонақ күтуінде.
Баp болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойда он кісінің құны бар.
Тексіз адам қонағына тесіле қарайды.
Сойса қозы өледі,
Соймаса өзі өледі.
Қонақ келсе, құт келер.
Қонағым сен «ет» деме,
Мен «кет» демейін.
Қонақ отырса куә, тұрса куә.
Қонағы көп үйдің баласы тоқ.
Кімді айтсаң, сол келеді.
Шақырғанға бар, шаққаннан қаш.
Біздің үйде де қонақтың ырыздығы бар.
Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың.
Тойған қонақтың екі көзі жолда болар.
Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.
Мейман есіктен кірсе тоқтатпа.
Шақырылмаған қонақ
Сыпырылмаған жерге отырады.
Мейманның алдында мысығына «Пыш!» деме.
Шақырылмаған қонаққа шайдан өзге тамақ жоқ.
Қонақ «тоймадым» демес, «соймадың» дер.
Ізетке арзымаған қонақ төсек былғайды.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
Соңынан келген қонақ сүйек мүжиді.
Кедейге қонақ болсаң, кекірерсің.
Қонақ келсе есікке,
Жүгіріп шық, кешікпе,
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар несіпке.
Қонақ келсе есіктен,
Пәлекет шығар тесіктен.
Қонақ ырыздығын Тәңір жеткізеді.
Қонақасы — Тәңір ақысы.
Қонақтан қонақ ұлық.
Қонағы көп үйдің қазаны құр тұрмайды.
Қонағы көп үйдің қазаны оттан түспейді.
Ақырмадан қыдырма жақсы.
Қонаққа барсаң, нәпсіңді тый.
Қонаққа сұрап бергенше, ұрып бер.
Құтты қонаққа тәтті тамақ.
Қонағым, жүре тоярсың.
Қонағыңның алтынын алма, батасын ал.
«Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Жатып алған қонақ жараспас.
Итті қонақ жараспас.
Қонақ қонбай кетпейді,
Шақырып қондырғанға жетпейді.
Қонақ қой жемей кетпейді,
Сыйлап құтылғанға жетпейді.
Жарақты күні жау жолықпайды,
Жайлы күні қонақ келмейді.
Қыдырма, қыдырмаға сыдырма.
Қонақ келсе — құт, қарақшы келсе — жұт.
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт,
Үшінші күні — зыт.
Мейман риза болғаны — Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең,
Ұмыт болар тоңғаны.
Қонағың болса мазасыз,
Аяғыңнан тозасыз.
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табар.
Құтсыз қонақ келсе,
Қойға қасқыр шабар.
Құтты қонақ келсе,
Түйесі өсер.
Құтсыз қонақ келсе,
Үй иесі өлер.
Қонақ үстіне қонақ — шиқан үстіне жара.
Жағымсыз қонақ жатар уақытта келер.
Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
Қонағын сыйлаған «Төрге шық!» дер.
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
Қорасында сиыры бардың
Қонағына сыйы бар.
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар.
Ұрыны қонаққа шақырсаң,
Қораңа көз салып отырады.
Залымды қонаққа шақырсаң,
Қатыныңа көз салып отырады.
Өзі келіп, өзі кеткен қонақтың
Садағасы кетпеймісің.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
Мылжың қонақ миыңды жейді.
Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонағы қыдырады.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
Құдай ұрған қонағымен керісер.
Үйге келген қонаққа үйдей өкпе айтпа.
Келгеніңе сүйінбеген кеткеніңе күйінбейді.
Қонағын сыйламаған
Не баласын ұрар,
Не үйін сыпырар.
Дастарқан басында отырып,
Қонақ аяғын көсілмес.
Үй іші толған жансың,
Бір-біріңе мейман жансың.
Ауыл үйдің қонағы
Анда-санда бір келеді,
Онда да бабы табылмайды.
Қонақ қадірлі болса,
Қазан тез қайнайды.
Күттіруден күту қиын.
Қонақ таңертең — алтын,
Түсте — күміс,
Кешке — мыс.
Қонақ болса, мен болдым,
Қонақ тойса, мен тойдым.
Шөре-шөре дегенді
Лақ білмес болар ма,
Мезіреті қылғанды
Қонақ білмес болар ма?!
Күтпеген қонақ — келімсек