Қазақша мақал – мәтел: Хайуанаттар, жануарлар

0
356

Қазақша мақал - мәтел: Хайуанаттар, жануарлар казакша Қазақша мақал - мәтел: Хайуанаттар, жануарлар на казахском языке

Бір жылға қоян терісі де шыдаған.


Қоян көлеңкесінен қорқады.


Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіл.


Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді.


Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі.


Қасқыр жүйрік – жылыс жоқ,
Түлкі жүйрік – дыбыс жоқ,
Қоян жүйрік – тыныш жоқ.


Ай жарық, қоян арық.


Ата білсең, ақ қоян,
Сата білсең, сақтиян.


Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» десе не жорық.
Үйге дәуіт кірсе, құт кіреді.


Көлбақаға күнде той.


Таутекенің тауға шықпаса, тұяғы қышиды.


Бір киікті бір тау аш қылмайды.


Киікті көрінбеген атады, не ерінбеген атады.


Балалы марал маңырайды,
Баласыз марал зарлайды.


Әр таудың шүйгінін аңсаған бұғы аштан өледі.


Тауда жүрген киіктің көзінен өзге айыбы жоқ.


Бір тауда бір киік.


Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар маңырайды.


Шошқаға ерген балшыққа аунар.


Шошқа өліп жатса да, «қорқ» етуін қоймас.


Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.


Ит жоқ жерде шошқа үреді.


Ит аулақта доңыз төбеге шығады.


Доңызға таяқ қана өтер.


Қараңғы үйде қабан күркірейді.


Аюдың үңгірі өзіне лайық.


Аюдың қасында шошқа жіптіктей.


Алпыс қарсақ ат болмас.


Борсық ұрған сайын семіреді.


Борсықты ұр тұмсықтан,
Тез өледі шымшықтан.


Дәндеген қарсаң құлағымен ін қазады.


Тышқанның тәңірі – мысық.


Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.


Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.


Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды.


Мысық та жолбарысша қуанады.


Сүтке тойғыз мырсынды,
Соқыры болар мыршымды.


Мысықтың мәулені мияулап туады.


Жанынан безген мысық
Жолбарыстың көзін тырнайды.


Тышқанның да сауыры бар.


Тышқан ініне кіре алмай жүріп,
Құйрығына қалжауыр байлар.


Тышқан көтін көріп жаралы болыпты.


Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.


Көп суыр ін қазбас, ін қазса, кең қазбас.


Өрмекшіге қыл қуат.


Өрмекшінің торы – шыбынның соры.