Қазақша мақал — мәтел: Бөрі, қасқыр, серекқұлақ

0

Қазақша мақал - мәтел: Бөрі, қасқыр, серекқұлақ казакша Қазақша мақал - мәтел: Бөрі, қасқыр, серекқұлақ на казахском языке

Бөрі — бақауыл, түлкі — жасауыл.


Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.


Бөрі азығы мен ұры азығы жолда.


Бөрі көмеді, түлкі ашады.


Бөрі кәрісін талайды.


Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар.


Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.


Бөрік тастап бөріден қүтыла алмассың.


Орман бөрісіз болмас.


Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.


Өлі бөріні ит аттамас.


Иттің ұлығанын бөрі естімес.


Қасқыр — ауыз, түлкі — құйрық.


Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.


Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа’», текені «жезде» дейді.


Қасқыр қарызын терісімен өтейді.


Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.


Қасқырдың ойлағаны — арамдық,
Қойдың ойлағаны — амандық.


Қасқыр да қастық қылмайды жолдасына.


Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлуын қоймайды.


Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.


Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.


Қой терісін жамылған бөрі.


Бөлтірігін алма шуланның,
Шұрқан салар қораңа.


Қасқыр ұлып ұяласын шақырады.


Айқалай-айқалай, қасқырдан да ұят болды.


Қасқыр тойғанына емес, қырғанына мәз.


Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар.


Қасқырдың жылағаны
Құдайдың құлағына жетпейді.


Қасқырлар ұлысып табысады.


Мықты қасқыр
Тай, құнанға шабады.
Мықыр қасқыр
Қозы, лақты қағады.